Мобильді баннер 1
АрқамандықЕрқайысТоқшылық
Найман Қағанаты

XI - XIII ғасырларда Қазақстанньң шығысында Найман хандығы

аталған мемлекет өмір сүрген. Негізгі аумағы Ертістен Орхонға дейінгі аралықтағы Алтай мен Хинган таулы өлкесін қамтыды. 

 

Батысында Ертіс өзені бойындағы қаңлылармен, солтүстігінде қырғыздармен, шығысында Орхон, Селенга бойын ен жайлап жатқан керей, меркіттермен және оңтүстігінде ұйғыр, ся жүртымен іргелес түрды.


Жазба деректер бойынша алғашқы ел билеушілері 1143 жылдан бастап мемлекет басқарғаны белгілі. Найман мемлекеті XII ғасырдың аяғында билік қүрған Инаныш Білге Бұқа хан түсында өсіп-өркендеп, нығайды. 

Найман Қағанаты картасы

Ол атақты Ұлы Жібек жолының бойында орналасты. Оның көрші елдермен жан-жақты саяси, сауда-саттық байланыстары жақсара түсті.

Рашид әд-Дин өз шежіресінде:

«Наймандардың хандары қадірлі, қуатты, олардың халқының саны көп, әскері де қуатты болды», - деп жазады.


Найман мемлекетінің хандары билік басына мұрагерлік жолмен сайланды. Белгілі тайпа көсемдері, батырлар, қолбасшылар хан кеңесінің қүрамына кірді. 

Хан ұлыс жасағының бас қолбасшысы болып белгіленді. Ұлыста іс қағаздары жүргізіліп, хан жарлықгары хатқа түсіріліп отырды, оған ханның төрт бұрышты алтын мөрі (таңба) басылды.

Найман жауынгері

Найман жауынгері


XII ғасырдың аяғынан бастап Найман мемлекетінің хандары «Бұйрық», «Күшлік» деп аталды. 

Инаныш Білге қартайып, қайтыс болған соң, оның екі ұлы Таян хан мен Бұйрық хан таққа таласып, соның салдарынан Найман мемлекеті екіге бөлінді. 

Екі иелікке ыдырап кеткен ұлыстың әрқайсысы өз алдына дербес әрекет етіп, бір-бірімен қыркысты. Елдегі орын алған ішкі саяси дағдарыс Шыңғыс ханның әскери қуат-күшінің артуымен тұстас келді.


Шыңғыс хан мен керейлер ханы Тоғырыл (Уаң хан) бастаған қалың қол 1199 жылы Бұйрық ханның, 1204 жылы Таян ханның ұлысын әп-сәтте басып алды. 

Олардың Жамұқа бастаған тайпалар одағының жасақ күшімен өзара бірігіп, моңғолдарға қарсы тұрмақ болған жанкешті әрекеттері нәтижесіз аяқталды.

 

Жетісу жеріне келіп, Найман мемлекетін саяси-әлеуметтік жағынан қайта нығайтуға тырысқан Таян ханның ұлы Күшлік ханды Шыңғыс ханның Жебе бастаған әскері қолға түсіріп, өлім жазасына бұйырды. 

 

Осылайша, ол толығымен күйреп, тарих сахнасынан біржола жоғалып кетті.

Найман мемлекеті жұртының бір бөлігі моңғолдарға бағынышты болып, өз атамекенінде қалып қойса (Ертіс, Зайсан, Марқакөл), қалғандары оңтүстік-батысқа (Жетісу, Сарыарқа, Сыр бойына) қарай ойысты. 

Олар осы аймақтағы үлыстар мен халықтардың арасына сіңіп кетті. Найман мемлекетінің тұрғындары көбіне-көп көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. 

 

Кейбір деректерде наймандардың Орхон, Ертіс өзендерінің бойында егін салып, арпа, бидай егіп келгендігі туралы мәліметтер ұшырасады. 

Ол өз заманында Орталық Азияның шығысындағы көшпелі жұрттың ішінде ең өркениетті мемлекет болып есептелді. 

Орхоннан Алтай, Іле, Жетісу, Ұлытауға дейІнгі ауқымды кең өлкеде Ақбалық, Шамбалық, Қаялық (Қойлық), Бесбалық, Найман Сум аталатын қалалар тұрғызды. 

«Таңбалы тас» ескерткіші олардың ежелгі жазу мәдениеті болғандығын айғақтайды. Олар ежелгі ұйғыр жазуын қолданған.

No comments

Құтты жаңалықтар, құтты өмір

Аналитика, жаңалықтар, бағыттар


Басты бет
☘ Технология
Арқаман
Блогтар
Әлем жаңалықтары
hi-tech
Қазақстан жаңалықтары
Кино, өнер
Шығарма
Билік
Украина
Сирия
Оңтүстік Корея

Жеке даму бағыты