Демократияны ұстанбайтын, қолдамайтын кез-келген елдің жағалауына, біз әуе тасығыш кемелерді жөнелтеміз...
деген болатын кезінде Ақүйдің бір пресс-хатшысы. Бір басында 70 -тен астам жойғыш ұшақты тасып, 500+ км айналадағы кеңістікті түгелдей бақылауда ұстай алатын заманауи қорғандардың бірі - әуе тасығыш кемелер (aircraft career) АҚШ әскери-теңіз күштерінің басты қаруы болып саналады.
Ондай қорғанның АҚШ қорғаныс министрлігінде әуе тасығыштың 11 данасы бар. Олардың қасында қорғаныс пен жабдықтау үшін әрқайсысының айналасында 6 - 10 қолдау мен жарақтау кемесінің жүретінін ескерсеңіз, 100 - 110 шақты кеменің өзі әжептеуір күш екенін сезетін боласыз.
***
Gerald R. Ford сыныбындағы әуе тасығыш кемесі 2017 жылдан бері қолданысқа енді
***
Аталмыш теңіз қорғандарының міндеті, қорғаныс ғана емес, сонымен қатар әлемдік мұхиттың кез-келген нүктесіне демократия жеткізу. Тіпті ол елдер оны онша қалай қоймаса да... Күштінің дүмі диірмен тартады дегенің осы
Осы арада Қазақстанның әуе күштеріне шолу жасай кетсек, жойғыш ұшақтардың саны бойынша ашық дереккөздерден 24 Су-27 ұшағы мен 36 СУ-30 СМ ұшағының барлығы айтылады. АҚШ -тың бір әуе тасығышындағы ұшақ санымен парапар шамада екен...
Әлемдік мұхитты жауапты аймақтарға бөліп, әрқайсысы өзінің аймағында кезекшілік жүргізеді. Әуе тасығыш кемемен бірге жүретін, қосымша кемелер тобы болады. Олар "теңіз қорғанын" қорғау және қолдау үшін керек. Әуе тасығыш кемелері негізгі екі сыныпты құрайды. Олар: Nimitz және Gerald R. Ford
Әуе тасығыш кемені қолдау тобына кіретін көмекші топ немесе Carrier Strike Group (CSG) деп аталады. Әртүрлі қызмет атқаратын адамдар, қызметкерлер саны 6500 - 7500 адам арасында болады
Gerald R. Ford сыныбындағы атомдық әуе тасғыш кемелері 25 жылға дейін тоқтамай жүре алады...
***
Gerald R. Ford (CVN-78) әуе тасығыш кемесінде ұшақты әуеге көтеру үшін EMALS (Electromagnetic Aircraft Launch System) атты электромагниттік катапульта қолданылады.
EMALS жүйесінің ерекшеліктері:
- Электромагниттік принцип – дәстүрлі бу катапульталарынан айырмашылығы, ұшақтарды катапульталау үшін электрмагниттік күшті пайдаланады.
- Көбірек қуат және басқару – ұшу салмағына қарай ұшақтың жылдамдығын дәлірек реттей алады, бұл әсіресе жеңіл пилотсыз ұшақтар үшін маңызды.
- Жылдамдық пен тиімділік – бу катапульталарымен салыстырғанда, жылдам қайта жүктеліп, ұшақтарды тезірек ұшыруға мүмкіндік береді.
- Жеңілдетілген қызмет көрсету – механикалық бөлшектер аз болғандықтан, техникалық қызмет көрсетуге кететін шығын төмендейді.
- Жанармай тиімділігі – бу катапульталары үлкен көлемде су мен буды қажет етсе, EMALS электр қуатымен жұмыс істейді, бұл жанармай үнемдеуге ықпал етеді.
Бұл жүйе F/A-18 Super Hornet, F-35C, EA-18G Growler, E-2D Hawkeye, MQ-25 Stingray сияқты заманауи ұшақтарды ұшыруға қабілетті.
***
Gerald R. Ford (CVN-78) авиатасығышындағы EMALS катапульта жүйесі сағатына шамамен 160 ұшаққа дейін ұшыруға қабілетті.
Салыстыру:
- Дәстүрлі бу катапульталары (Nimitz сыныбы) – шамамен 120 ұшақ/сағ.
- EMALS (Gerald R. Ford) – шамамен 25%-ға тиімдірек, яғни 160 ұшақ/сағ.
Негізгі артықшылықтары:
- Катапульта аралық қайта жүктеу уақыты қысқарады (бу катапульталарына қарағанда жылдамырақ).
- Ұшақтардың үздіксіз ұшыруын қамтамасыз етеді, әсіресе жоғары қарқынмен жұмыс істеу қажет болғанда.
- Энергияны үнемдейді, себебі электр қуаты тиімді пайдаланылып, кеменің басқа жүйелеріне жүктеме азаяды.
Бұл жүйе жауынгерлік операциялар кезінде әуе қанатының ұтқырлығы мен тиімділігін айтарлықтай арттырады.
***
CSG енетін кемелердің түрі мен саны
1. Әуе тасығыш (Aircraft Carrier) - Nimitz немесе Gerald R. Ford сыныбындағы кеме бір дана.
2. Эскорт крейсерлер (Ticonderoga-class guided-missile cruisers) :Саны: 1–2 кеме.
- Мақсаты: Әуе тасығышты ракеталық шабуалардан қорғау, ұзақ қашықтықтағы қауіп туғызатын нысаналарды жою.
- Мысалы: USS Ticonderoga.
3. Эскорт эсминецтер: (Arleigh Burke-class destroyers): Саны: 2–4 кеме
- Мақсаты: Әуе тасығышты су астындағы қауіптерден (мысалы, сүңгуір кемелерден) және әуе шабуылдарынан қорғау.
- Мысалы: USS Arleigh Burke
4. Сүңгуір кемелер: Саны: 1–2 дана.
- Мақсаты: Су астындағы қауіптерді бақылау және авианосецтің алдында жүріп, потенциалды қауіптерді жояды.
- Los Angeles-class немесе Virginia-class сүңгуір кемелері
5. Жабдықтау кемелері: Саны 1 - 2 кеме
- Әуе тасығыш пен оның эскорт кемелеріне отын, азық-түлік және басқа ресурстарды жеткізу.
- Мысалы: Lewis and Clark-class жабдықтау кемелері
АҚШ -тың әуе тасығыш кемелері — бұл американдық арманның жұмылған жұдырығы, шоқпары мен айбалтасы ғана емес, сонымен қатар эстетикалық сұлулықтың да нысаны. Әскери эстетика нысаны.
Жарылыс толқынына шыдау сынағы. 2021 жыл. Gerald R. Ford әуе тасығыш кемесі
***
Енді осынау кемелердің техникалық сипаттамалары мен оларды қолдануға жұмсалатын шығындаржайында айта кетсек...
Әуе тасығыш кемелерінің түрлері
Класы | Таситын ұшақ саны | Пайдалануға алынған мерзімі | Жалпы қолдану мерзімі |
---|---|---|---|
Nimitz классы | 60–70 ұшақ | 1975 жылдан бастап | 50 жыл |
Gerald R. Ford классы | 75+ ұшақ | 2017 жылдан бастап | 50+ жыл |
***
Техникалық сипаттамалары
- Ұзындығы: 333 метр
- Ені: 77 метр
- Су ығыстыруы: 100,000 тонна
- Жылдамдығы: 30+ түйін (шамамен 56 км/сағ)
- Экипаж саны: 3,200 адам + 2,500 авиация экипажы
- Ұзындығы: 337 метр
- Ені: 78 метр
- Су ығыстыруы: 100,000+ тонна
- Жылдамдығы: 30+ түйін (шамамен 56 км/сағ)
- Экипаж саны: 4,500 адам
Атом қуатымен жүретіндіктен, әуе тасығыштардың жүзу шегі белгіленбеген. Бір салынған атомдық отын 20-25 жыл жүзуге жарамды.
Әуе тасығыш кемені құрғақ доктарды құрастырады
***
Nimitz сыныбындағы әуе тасығыш кеме ұшақтарды бу катапультасымен ұшырады
Қолдану шығындары
Әуе тасығыш кемелерінің қолдану шығындары өте үлкен болады. Оларға жыл сайынғы операциялық шығындар, қызметкерлерге жалақы, отын және техникалық қызмет көрсету шығындары кіреді.
Шығын түрі | Шамамен құны (жыл сайын) |
---|---|
Операциялық шығындар | $1–1.5 миллиард |
Қызметкерлерге жалақы | $500 миллион |
Техникалық қызмет көрсету | $300–500 миллион |
Жаңарту және қайта құру | $3–5 миллиард (20–25 жылда бір рет) |
70 -ке тарта ұшақ таситын әуе тасығыш Nimitz сыныбындағы кеме
***
Қорытынды
АҚШ әуе тасығыш кемелері — бұл әлемдегі ең ірі және ең технологиялық дамыған кемелер. Олардың құрылысы мен қолдануы үлкен қаржылық шығындарды қажет етеді, бірақ олар АҚШ -тың глобалдық әскери қуатын қамтамасыз етуге және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
***
Арқаман концепциясы біздің болашақта әлемдік мұхитқа шығатынымызды көрсетіп отыр. Болашақта игеретін техника болғандықтан, таныса бергендеріңіз дұрыс