АҚШ саяси аренасында демократтар мен республикалықтар арасында тайталас өршіп тұр.
CNN, BBC секілді ақпарат көздері республикалықтарға қырғидай тиісетіні анық.
Сол секілді FoxNews, The Daily Caller, The Federalist секілді ақпарат көздері республикалық партияның сөзін сөйлейтіндер де қарап қалмасы анық.
X әлеуметтік желісінде жарияланған сұхбатында, Илон Маск демократиялық партияның оны құртуға әрекет жасап жатқанын айтты
Оның басты себебі, демократтар билікте отырған сәтте, үнемі шетелдік мигранттарды магнит секілді тартып, оларды әкеп қымбат қонақүйлерге жайғастырады, олардың санын көбейту арқылы демократтарға дауыс берушілерді арттырады, яғни өздеріне жаңа сайлаушылар жасап алады - деп отыр.
Осы орайда, Американың барлық құдыреті де сол иммигранттардың ағылуында емес пе еді деген ойға қалады екенсің...
Ал енді Маскқа оралар болсақ, оның айтуынша, демократтарға немесе республикандықтарға болысарын білмей жүрген жеті штат бар, сол штаттарға иммигранттарды толтыру арқылы, америка билігіне үнемі демократтар кеп отырмақ екен.
Мұның барлығы АҚШ бюджетінен қаржыландырылады, американдық салық төлеушінің ақшасын оңды-солды шашу боп табылады деп отыр Илон Маск.
Осы тұста мына нәрсені есте ұстаған да дұрыс секілді, АҚШ -тағы жалақысы аз төленетін, қара жұмыстың барлығын иммигранттар жасап отыр десек, американың оларсыз күні қараң екені айдан-анық секілді...
Сіз қалай ойлайсыз?