Таяу және Орта Шығыста Хулагу мемлекеті (Илхандар мемлекеті) құрылады.
Оның негізін Шыңғыс ханның немересі Хулагу хан қалап, кейінірек империя дәрежесіне көтерді.
Мемлекеттің билеушілері Хулагу әулетінен тарап, халық арасында илхан, яғни ел, ұлыс ханы атанды.
Хулагу мемлекетінің құрамына қазіргі кездегі Иран, Ирак, Ауғанстан, Түркіменстан, Кіші Азияның шығыс бөлігі, Әзербайжан мен Армения түгелдей еніп, халқы осы хандыққа бағынды.
Грузия, Транузид империясы, Кипр корольдігі дербестігін жоғалтып, оның құрсауында қалды. Илхандар алыс шығыстағы Сирияны өзіне қаратып алу үшін крестшілердің әскери көмегіне сүйене отырып, Мысырдағы
Мәмлүктер сұлтандығымен
Алтын Ордамен
Шағатай ұлысымен талай жылдар бойы елді титықгатқан үздіксіз соғыс жүргізді.
***
Мысыр мен Алтын Орда мемлекеттеріне қарсы күресте олар Рим папасымен, Генуя елімен, Франция және Англия корольдіктерімен бірігіп одақтасқанымен, үнемі сәтсіздіктен көз ашпай, жеңілістерге ұшырап отырды.
Хулагу мемлекетін түркі-моңғол қауымынан шыққан ақсүйектер басқарды, дегенмен, мемлекеттік аппараттың дені парсы шенеуніктерінен құралды.
Үздіксіз жүргізілген соғыстар, бұған қоса, алым-салық мөлшерінің шектен тыс көптігі елді үлкен күйзеліске ұшыратып, жер-жерде халық толқулары болып тұрды.
Осындай әлеуметтік-саяси тұрақсыздықтың салдарынан Газан хан (1295 - 1304) бұрыннан қалыптасып келген елдегі ішкі саясатты өзгертуге мәжбүр болды.
Ол илхандардың арасынан ең бірінші болып ислам дінін қабылдап, мұсылмандықты мемлекеттік басқару дәрежесіне көтерді. Осыдан кейін мемлекет билігі діни ағымдық сипат алып, парсы ақсүйектерінің қолына біртіндеп көше бастады.
Уәзір Рашид әд-Диннің басшылығымен алға ілгерілеу реформасы жүргізіліп, алым-салық мөлшері бір жүйеге келтіріліп, нақты белгіленді.
Пайдаланылмай бос жатқан иесіз алқаптар жер иеленушілерге бөлініп берілді. Олар енді бұл жерлерді өңдеп, егіншілік мақсатқа сай игеруге міндетті болды.
Жер суландыру жұмыстары кең көлемде жүргізіліп, мемлекет үшін бірыңғай өлшем-таразы жүйесі енгізілді.
Газан хан қара шаруалардың жерге өңдеуші болып бекітілуін заң жүзінде іске асырып, еңбек етуден қашқандарды іздеу мерзімін 30 жылға ұзартты.
Нәтижесінде, Хулагу мемлекетінің, ең алдымен, Иранның экономикасы тез өсіп-өркендей бастады.
Бірақ, илхандар арасында толастамаған тақ таласы күшейіп, орталық үкімет құрылымы мүлде әлсіреп кетті. Әр аймақтағы парсы ақсүйектері өздерінің жеке илхандарын таққа отырғызып, бір-бірімен ымыраға кел-местен қырқысуға көшті.
Нәтижесінде, ол бірнеше тәуелсіз ұсақ мемлекеттерге бөлініп ыдырады. Олардың кейбіреулері біршама күшті елдерге айналды.
Хулагу мемлекетінің соңғы илханы шейх Хасан Кулук 1343 жылы желтоқсан айында көтеріліске шыққан сербедарлар ордаға басып кірген кезде тайсалмай қарсыласып, қазаға ұшырады.