АрқамандықЕрқайысТоқшылық
🚗 Ferrari Purosangue

Ferrari Purosangue - нарық дегенін істетпей қоймады...

Әлемдік тұтынушының көңілі 2000 жылдардан бастап, әмбебеап көліктерге ауа бастады. Бұрындары көп шығарылатын седан, универсал, джип шанағындағы автомобильдің барлығын біріктіріп - sport utility vehicle (SUV) ұсынылды. 

Бастаманы алғаш боп көтерген 1994 жылы Toyota концерні деуге болады, өзінің RAV4 моделін жаһандық нарыққа ұсынып, сол жылдан бастап өндірісті жолға қойды.

Оның артын-ала бере Honda CR-V моделі де сатылымға шықты. 1997 - 2000 жылдар аралығында RAV4 220 000 шамасында сатылса, Honda CR-V жаһандық нарықта 400 000 -нан астам данамен таралды.

Ferrari Purosangue - классикалық V12, 6,5 литр ауқымда, 725 ат күшін береді. "Соңғы Могикан" 

Ferrari Purosangue - классикалық V12, 6,5 литр ауқымда, 725 ат күшін береді. "Соңғы Могикан" 

***

Бюджетті сыныптағы автомобиль өндірушілердің барлығы дерлік жаңадан ашылған нарықтық кетікке ұмтылды. Бірте-бірте қымбат көлік өндірушілер де SUV ұсына бастады. Ferrari -дің тікелей бәсекелестері боп табылатын: Lamborghini Urus 2018 - 2022 жылдар аралығында 20 000 -нан астам данамен таралса, Bentley Bentayga -ның жалпы сатылымы 30 000 данадан асып түсті. 

Ferrari, Lamborghini, Aston Martin, Bentley... секілді ультра-люкс сегментінде сатылымдар жылына әрі кетсе 5000 шамасын құрайды. Ал SUV сыныптағы модель ұсыну арқылы сатылымды екі еселеуге болатын болса, неге жасамасқа?...

Жолаушыға "тәуелсіздік" берілді. Құлаққап тағып ал да, не көресің, нетыңдайсың өзің біл...

Жолаушыға "тәуелсіздік" берілді. Құлаққап тағып ал да, не көресің, не тыңдайсың? - өзің біл...

***

Артыңғы орындығы бар алғашқы Ferrari

***

Purosangue сөзі итальян тілінен аударғанда - таза қанды немесе асыл тұқымды дегенді білдіреді 

 

Алайда Ferrari басшылығы соңғы уақытқа дейін SUV моделіне деген қажеттілік жоқ, нағыз Ferrari тек спорт купе, немесе суперкар болады. Ал SUV шығару, Ferrari -дің "сеніміне" сай емес деп келді.

Алайда бәсекелестерінің оқ бойы озып кеткенін сезінген кезде ғана, жаңа кроссовердің - заман талабы екеніне көзі жетті.

***

Rolls-Royce стилінде ашылатын есіктер...

Rolls-Royce стилінде ашылатын есіктер...

***

SUV саласындағы алғашқы моделі бола тұра, компанияның принциптерінен ұзап кете қойған жоқ дейміз. Олар: спорт, спорт және спорт...

🚗 Ferrari Purosangue - техникалық ерекшеліктері

🚗 Ferrari Purosangue - техникалық ерекшеліктері

  • Ұзындығы: 4 973 мм
  • Ені: 2 028 мм
  • Биіктігі: 1 589 мм
  • Доңғалақ базасы: 3 018 мм
  • Астының биіктігі: 180 мм
  • Құрғақ массасы: 2 033 кг
  • Жүк багажы: 465 л
  • Алдыңғы ені (доңғалақтың ортасынан): 1,730 мм
  • Артқы ені (доңғалақтың ортасынан): 1,720 мм
  • Қозғалтқышы: 6.5 л.,  атмосферлік V12
  • Қозғалтқыштың жұмыс ауқымы: 6,496 см/куб
  • Қуаты: 725 ат күші (533 kW) @ 7,750 айн/мин
  • Моменті: 716 Nm (528 lb-ft) @ 6,250 айн/мин
  • Қызыл сызығы: 8,250 айн/мин
  • Трансмиссиясы: 8 берілісті, қос білікті автоматты беріліс қорабы
  • Шанақ: 4 орындық, 4 есікті
  • Максималды жылдамдық: 310 км/сағ
  • 0-100 км/сағ: 3.3 сек
  • 0-200 км/сағ: 10.6 sec

 

Ferrari Purosangue алдыңғы қатарлы қауіпсіздік және ілгеріленген жүргізушіге көмек жүйелерімен жабдықталған. 

Олардың ішінде: Активті және пассивті қауіпсіздік жүйелері

- ABS & EBD (Тежеу күшін таратудың электронды жүйесі) - тежелуге дұрыс бағыт беріп, тұрақтылықты қамтамасыз етеді
- ESC (Электрондық Стабилизация Басқаруы) – Жоғары жылдамдықта бұрылу мен тайғанақ жолда басқаруды жақсартады  
- FDE (Ferrari Динамикалық Күшейткіші) – агрессивті айдау стилі кезінде тежелу қысымын реттеу арқылы басқаруды жақсартады
- ASR (Тайғанауды Реттеу) – жылдамдық алу кезіндегі доңғалақтың таюының алдын алады
- TC (Жүрісті Басқару) – әртүрлі жол жағдайындағы тістесу мен тұрақтылықты реттейді және т.б.
Сонымен қатар қауіпсіздік жастықтары мен пердесі орнатылған

No comments

Құтты жаңалықтар, құтты өмір

Аналитика, жаңалықтар, бағыттар


🫶 Басты
☿ Шежіре
👽 Технология
🛸 Арқамандық
💥 Блогтар
🌐 Әлем жаңалықтары
🛰 hi-tech
⭐ Қазақстан жаңалықтары
🎬 Кино, өнер
🎭 Шығарма
📡 Украина жаңалықтары
🌣 Билік
🏢 Технологиялық компаниялар
🥷 Әскер
☂ Халықаралық ұйымдар
🤵 Тұлғалар
🌍 Мемлекеттер
🗺 Жерлер

Жеке даму бағыты