Өлім - ақиқат пен жалғанды ажырататын жалғыз құрал
Арқаман келеді деп, аспан шұғыла шашқанда
Жауындар жауып, әлемнің иесі келеді деп,
кемпірқосақ шыққанда
Теңіздер толқып тасқанда, Арқаман жұрты
Әлемге иелік етсін деп шалқығанда
Алдымен
Тұла бойынан
Бу менен дым бүріккен
Алай-дүлей жел тұрды.
Лаулап жанған от едік,
Қызып тұрған шоқ едік,
Тәңірден бата алып ек
Доданы солай жарып ек