1969 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы коммерциялық ұйымда экономист болып бастады.
1994 жылдан бастап 1997 жылға дейін — Алматы қаласы әкімінің көмекшісі.
1997 жылы — ҚР Экономика және сауда министрлігінде сауда-өндірістік бірлестіктің экономикалық мәселелер жөніндегі директоры, өңірлік саясат бөлімінің басшысы.
1997-1998 жылдары — «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы» ЖАҚ жиынтық-қаржылық департаментінің басшысы, экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президенті.
1998-2000 жылдары — ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрілігінің мұнай және газ департаментінің директоры.
2000 жылы — ҚР энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.
2001 жылы — «KEGOC» ААҚ бірінші вице-президенті.
2001-2007 жылдары — «KEGOC» ААҚ президенті.
2007-2008 жылдары — «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ басқарма төрағасы.
2008-2009 жылдары — «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы.
2009 жылдан бастап 2013 жылға дейін — Жамбыл облысының әкімі.
2013-2016 жылдары — Павлодар облысының әкімі.
2016 -2019 жылдары — ҚР энергетика министрі.
2019-2021 жылдары — ҚР Президентінің көмекшісі.
2021-2022 жылдары — Алматы облысының әкімі.
2023-2024 жылдары — ҚР Президентінің кеңесшісі.
2024 жылғы 31 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Өзінің лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелерді үйлестіреді:
- өңірлік саясат мәселелері;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері;
- су ресурстары және ирригация мәселелері;
- төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері.