1966 жылғы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Омбы ауыл шаруашылығы институтын, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1984 жылы совхоз бухгалтері болып бастаған.
1992-1995 жылдары — Калинин атындағы шаруашылықтың зоотехник- орындаушысы, коммерциялық директоры.
1995-2003 жылдары коммерциялық құрылымдарда қызмет етті.
2003-2005 жылдары — «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары.
2005-2006 жылдары — «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары.
2006 жылы — ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасының басшысы.
2006-2008 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі.
2008-2010 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі.
2010-2011 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары.
2011-2019 — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2019-2022 — ҚР бірінші ауыл шаруашылығы вице-министрі.
2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болған.
2023 жылғы 4 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.
2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.