1987 жылы дүниеге келген.
Ташкент автомобиль-жол институтын, Уорвик университетін (Ұлыбритания), М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2011 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің тағылымдамадан өтушісі, сарапшысы болып бастады.
2011-2013 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Технологиялар және энергия үнемдеу департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.
2013 жылы — ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Транзит және көлік логистикаcы департаменті Транзит саясаты басқармасының басшысы.
2013-2014 жылдары — ОҚО әкімдігі жанындағы «Максимум» өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС басқарма төрағасының кеңесшісі.
2014-2015 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары.
2015-2017 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы.
2018-2020 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту департаментінің директоры, 2019 жылғы маусымда Департамент функциялары Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен берілді.
2020-2021 жылдары — ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы.
2021-2023 жылдары — ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.
ҚР Президентінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы Жарлығымен ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды.
2023 жылғы 4 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып қайта тағайындалды.
2023 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР көлік министрі болып тағайындалды.
2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының көлік министрі болып тағайындалды.