1968 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын, Алматы экономика және статистика академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1984 жылы Қарағанды облысы Қарой орта мектебінің мұғалімі болып бастаған.
1991-1995 жылдары Целиноград қаласындағы орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен.
1997-2008 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы» РМҚК Ақмола облыстық филиалында аға маман, бас маман, бөлім бастығы, директордың орынбасары, директор қызметтерінде жұмыс істеген.
2008-2011 жылдар аралығында ЕХӘҚМ Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры болған.
2011-2013 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Жобалық кеңсесі бағдарламасын басқарған.
2013-2019 жылдары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары болған.
2020 жылы ЕХӘҚМ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры бас директорының орынбасары болып тағайындалды.
2020-2023 жылдар аралығында БҰҰ Даму бағдарламасының әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі ұлттық сарапшысы болды.
2023 жылғы маусымнан бастап — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл.
2023 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.
2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.