1981 жылы дүниеге келген.
Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін, Cranfield School of Management (Ұлыбритания) тәмамдаған.
2006-2008 жылдары өңірлік кеңсенің Қаржы департаментінде, Жобаларды басқару департаментінде, Операциялық-технологиялық департаментінде, «Сити» инвестбанкінің сату басқармасында (Ұлыбритания, Чехия) жұмыс істеді.
2008-2014 жылдары — «Сити» инвестбанкі акциялар нарығында жұмыс жөніндегі өңірлік дивизионының аға талдаушысы, вице-президентінің көмекшісі, вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).
2014-2015 жылдары — «Сити» инвестбанкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).
2015-2017 жылдары — Ситибанк Қазақстанның Бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті.
2017-2020 жылдары — Ресей Ситибанкінің Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті.
2020-2022 жылдары — «Сити» инвестициялық банкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры.
2022 жылдан бастап — «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі.
2023 жылғы 4 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен индустрия және құрылыс министрі болып тағайындалды.
2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды