Көтер басты,аш көзіңді,
Меңіреу ұйқыдан оят өзіңді
Мемлекет тағдыры тәлкекке түскенде,
Сабыр сақтап жатқаның жараспас, сөккенде...
Бірігетін кез келді,көк тудың астына,
Жау жүрек,өр мінезді ҚАЗАҚ ұлтына.
***
Шымкент.қ. 18.05.2021.ж.
Тәңір сенімінде, "киелі" кітап жоқ,
Догмаға иландырып, сананы улайтын.
Тәңір сенімінде, пайғамбар жоқ,
Ыңғайлы сүре, аяттарды түсіріп, алдайтын.
Қазақты,біріктіретін не болмақ,
Қазаққа болып жүрмесін бұл да салмақ.
Тығырықтан шығар жол бар ма?
Біріктіретін идея бола ма?
Қайда барып,қайтсе Қазақ оңалар,
Былай жүре берсе,түбінде бір жоғалар
Өзіне өзі қожайын боламын демейді,
Қожайын іздеп,малай боламын дейді.
Кенеттен тылсымға кетсем артымнан сөкпеңдер,
Жарық дүниедегі жинаған абыройымды төкпеңдер.
Қыйдым айтып, шежіремді тарқатыңдар,
Оңыммен солымды таразыға салып, саралаңдар