АҚШ сайланған президенті Дональд Трамп баспасөз брифингін өтікізіп, ол жерде Қытайлық TikTok платформасын
АҚШ аумағында шектеу немесе оны басқа елдің инвесторына сатуға итермелейтін заң қабылдауға қатысты отырысын кешеуілдету жөнінде ұсыныс жасады.
Алдында, АҚШ сенатының қабырғасында аталмын әлеуметтік желінің іскерлігі жайлы талқылау өтіп, соның нәтижесінде TikTok әлеуметтік желісі басқа инвесторға сатылған жағдайда АҚШ аумағында жұмыс жасай алатынын. Болмаса АҚШ аумағында толықтай тыйым салынатындығы жарияланған болатын.
Осыған байланысты АҚШ Жоғарғы сотының отырысы 19 қаңтар 2025 ж. белгіленген-тін. Трамптың сайлау науқанында жәрдем бері, жастар аудиториясына оң ықпал жасағаны үшін, осы жақында Трамп: "TikTok үшін өз жүрегінде жылы орын бар" екендігін мәлімдеген болатын.
Брифинг барысында Трамп командасы, сайланған президенттің әлеуметтік желіні белсенді түрде қолданатындығы, онда 14 700 000 жазылушысы бар екенін мәлімдей отырып, АҚШ Жоғары сотынан, шешім шығару мерзімін 20 қаңтардан кейінге қалдыруды сұранды.
Трамптың командасы, оның келіссөз жүргізудің шебері екенін айта келе, әлеуметтік желінің іскерлігін реттеудің саяси жолдарын қарастыратынын айтып отыр.
«Президент Трамп осы сәтте Америка Құрама Штаттарында TikTok-қа тыйым салуға қарсы», - делінген қысқаша хабарламада, - және ол билікке келгеннен кейін туындаған мәселелерді саяси әдістермен шешу мүмкіндігін іздейді».
АҚШ-тың Қытаймен геосаяси тұрғыда қатаң текетіресте екендігін ескере отырып, Азаматтардың ақпарат алмасу құқығын АҚШ Конституциясы қамтамасыз етеді дей келе, TikTok әлеуметтік желісін жауып тастау, азаматтардың конституциялық құқықтарын шектеуге алып келуі мүмкін деп атап өтті.