АрқамандықЕрқайысТоқшылық
⛏ Javelin танкке қарсы зымыран кешені

Javelin – АҚШ-та жасалған танкке қарсы басқарылатын зымыран кешені (ПТРК).

Ол "ат - ұмыт" қағидасы бойынша жұмыс істейді, яғни нысанаға бағытталғаннан кейін оператор оны бақылауды жалғастырудың қажеті жоқ.

Шығарылуы

Javelin кешені 1989 жылдан бастап әзірленіп, 1996 жылы АҚШ армиясының қарулануына қабылданды. Ол ескі M47 Dragon кешенін алмастыру мақсатында жасалды.

Бұл кешенді Raytheon және Lockheed Martin компаниялары бірігіп жасап шығарған.

***

$200 000 тұратын ракетамен, $5 - $10 млн тұратын танктерді жояды. Тиімділік 20 еседен жоғары

$200 000 тұратын ракетамен, $5 - $10 млн тұратын танктерді жояды. Тиімділік 20 еседен жоғары

Техникалық сипаттамалар

  • Жалпы салмағы: 22,3 кг
  • Зымыранның салмағы: 11,8 кг
  • Ұшу қашықтығы: 2500 – 4750 м
  • Жарылғыш оқтұмсығы: тандемдік кумулятивті
  • Жауынгерлік басқару жүйесі: инфрақызыл бағыттау

Әскери қолданылуы

Javelin танктер мен брондалған техникаға қарсы қолданылады. Оны АҚШ, Ұлыбритания, Украина және басқа да елдердің қарулы күштері белсенді түрде пайдаланады.

***

"Ат - ұмыт" принципі бойынша жұмыс жасайтын кешен, танктермен қатар, төменгі биікте ұшып келе жатқан тікұшақтарды да атып түсіре алады

"Ат - ұмыт" принципі бойынша жұмыс жасайтын кешен, танктермен қатар, төменгі биікте ұшып келе жатқан тікұшақтарды да атып түсіре алады

***

Javelin кешенінің бір данасы шамамен $200,000 – $250,000 аралығында тұрады. Ал жеке бір зымыраны $80,000 шамасында бағаланады.

Бәсекелестері

  • FGM-148 Javelin (АҚШ) vs Kornet (Ресей) – Kornet ұзақ қашықтыққа жетеді, бірақ басқару жүйесі операторға тәуелді.
  • Spike (Израиль) – Javelin сияқты "ат - ұмыт" жүйесіне ие, бірақ қашықтығы үлкен.
  • NLAW (Ұлыбритания-Швеция) – жақын қашықтықтағы нысаналар үшін тиімді.

Spike (Израиль) танкке қарсы зымыраны. Javelin -ге қарағанда алыстау ұшады

Spike (Израиль) танкке қарсы зымыраны. Javelin -ге қарағанда алыстау ұшады

***

NLAW - біріккен швед-британ өндірісі. Украин майданында талай фашистік танкінің түбіне жетті

NLAW - біріккен швед-британ өндірісі. Украин майданында талай фашистік танкінің түбіне жетті

***

Ресейдің өгіз-тентек пропагандасы мақтай беретін "Корнет" танкке қарсы зымыран жүйесі. Жерге үштағанын қадап қойып атасың. Оны қадап-жинап жүргенде өзің де біржақты боласың...

Ресейдің өгіз-тентек пропагандасы мақтай беретін "Корнет" танкке қарсы зымыран жүйесі. Жерге үштағанын қадап қойып атасың. Оны қадап-жинап жүргенде өзің де біржақты боласың...

***

Қорытынды

Javelin – қазіргі заманғы ең тиімді танкке қарсы зымырандардың бірі. Оның инфрақызыл бағыттау жүйесі, "ат - ұмыт" қағидасы және жоғары бронь тесуші қабілеті оны көптеген армиялар үшін таңдаулы қару етеді.

No comments

Құтты жаңалықтар, құтты өмір

Аналитика, жаңалықтар, бағыттар


🫶 Басты
☿ Шежіре
👽 Технология
🛸 Арқамандық
💥 Блогтар
🌐 Әлем жаңалықтары
🛰 hi-tech
⭐ Қазақстан жаңалықтары
🎬 Кино, өнер
🎭 Шығарма
📡 Украина жаңалықтары
🌣 Билік
🏢 Технологиялық компаниялар
🥷 Әскер
☂ Халықаралық ұйымдар
🤵 Тұлғалар
🌍 Мемлекеттер
🗺 Жерлер

Жеке даму бағыты