АрқамандықЕрқайысТоқшылық
АҚШ Украинаға сирек металдарды пайдалану жөнінде ұсыныс жасады

Еуропадағы қауіпсіздік мәселелері бойынша өткен кеңесте АҚШ тарапынан Украинаға ұсыныс жасалды:

"Өз аумағындағы құны $15 триллион құрайтын сирек металдар кеніштерінен шыққан өнімнің 50% АҚШ тарапына бере салу жөнінде..."

Бұл неге? - деген сұраққа, АҚШ осы уақытқа дейін 2022 жылдың ақпанынан бастап, Украинаға жасаған қару-жарақ көмегінің құны $500 млрд құрайды, сол қаражатқа жатыстырып... дейді.

Әлемдегі ядролық қару-жарақтың таралуын тоқтатамыз деген сылтаумен Билл Клинтон мен Ельцин - Леонид Кравчукты алдып түсірген сәті...

Әлемдегі ядролық қару-жарақтың таралуын тоқтатамыз деген сылтаумен Билл Клинтон мен Ельцин - Леонид Кравчукты алдып түсірген сәті...

***
Әлқисса, 

1994 жылы Будапешт меморандумында АҚШ, Ұлыбритания, Ресей мен Украина тараптары кеңестерден қалған ядролық қаруды Украинадан алып кету жөнінде келісімге қол қояды. Қол қойып қана қоймай, әгәрәки кімде-кім... Украинаға шабуыл жасайтын болса, онда біз оның қауіпсіздігіне кепіл боламыз деп, ант-су ішіп ядролық қаруды Ресейге алып кетеді.

Ендігі кезекте, Ресей украин жеріне баса-көктеп кіргенін көре тұра, АҚШ -қа украиндықтарға көмектесу парыз да қарыз екені баршаға аян.

Алайда, АҚШ -тың 47 -ші президенті Дональд Трамп, қолына шоқпар түскен тентектейін білгенін жасап жатыр.

Соның бірі, Украина байлықтарын Ресеймен бірге бөліп ала салу деген тұрпайы ниеті де жоқ емес... Сирек металдар қазба байлықтарының көпшілік бөлігі Украинаның шығыс бөлігінде екенін ескерсек, ал ол жерлер қазіргі таңда Ресей оккупациясында.

Яғни, Зеленскийге пайдалану құқықтарына қол қойдырып алған АҚШ тарабы, Ресей оккупациясындағы жерлерден тау-кен өндірісі жұмыстарын жүргізе береді, ал Ресей тарабы ол жерлерді өзінің қоластында екенін жарияға жар салып, Ресей  Конституциясына енген аймақтарды толық қарауына алғанын мәлімдеп, өз аудиториясын разы қылады.

Сирек металдар кеніштеріне Қытай да көз тігіп отыр

Сирек металдар кеніштеріне Қытай да көз тігіп отыр

***

Қарап отырсақ, екі тарап та риза болып, қан жылаған украин халқын ысырып қоя салғысы бар. Алайда, осы кезде мынадай нәрсе ойға оралады, $15 триллионның қазба байлығы Украина жерінде бар болса, Қазақстандыкі $250 триллион шығар... 

$15 триллион үшін миллиондаған жанды қиғандар, $250 триллион үшін не жасай алады екен?..

 

No comments

Құтты жаңалықтар, құтты өмір

Аналитика, жаңалықтар, бағыттар


🫶 Басты
☿ Шежіре
👽 Технология
🛸 Арқамандық
💥 Блогтар
🌐 Әлем жаңалықтары
🛰 hi-tech
⭐ Қазақстан жаңалықтары
🎬 Кино, өнер
🎭 Шығарма
📡 Украина жаңалықтары
🌣 Билік
🏢 Технологиялық компаниялар
🥷 Әскер
☂ Халықаралық ұйымдар
🤵 Тұлғалар
🌍 Мемлекеттер
🗺 Жерлер

Жеке даму бағыты