АрқамандықЕрқайысТоқшылық
🌏 "Газа секторын сатып алып, қайта құрамыз..." - Дональд Трамп

Бітпейтін дау, жазылмайтын жара, шешілмес түйін... боп келген Газа секторының мәселесін Дональд Трамп түбегейлі шешуді ұсынып отыр. 

Ол: секторды толығымен сатып алу, жергілікті тұрғындарды Египет пен Иорданияға көшіру. Босаған жерге жаңадан қала соғу.

2014 жылы Қырымды Ресей қосып алған кезде де халықаралық қауымдастық "алаңдаушылық білдірумен" шектелген болатын. Осы жолы да дауыс шығарудан артыққа бара алмайтындығы белгілі...

🌏 "Газа секторын сатып алып, қайта құрамыз..." - Дональд Трамп

Израильдің премьер-министрінің көңілі толды...

***

АҚШ -тың одақтастары да мынадай батыл қадамдардан шошынып отыр. Ғасырға жуық шешімін таппай, Хезболланың қолшоқпарына айналып келген Газа секторының мәселесін шешуге Трамп қана еркекше ұйғарым айтты десек болады.

Бір жағынан қарағанда, заң, ар, ождан, халықаралық қатынастар... сынды бітпейтін мылжың әңгімеге берілуге болады. Алайда, тірлікті тындырам деген адам осылай әрекет ететіні белгілі. 

Өткен жылы Хезболла шабуылынан кейінгі Газа секторының жағдайы...

Өткен жылы Хезболла шабуылынан кейінгі Газа секторының жағдайы...

***

Күштінің дүмі диірмен тартатын әлемде өмір сүреміз. Халықаралық құқықтың үстем құруы орын алғанда, 2022 жылғы 24 ақпанда Ресей Украин жеріне басып кірмес еді, сол секілді Қырым түбегінде де "дауысқа салу" өтікізіп, өзіне қосып алмас еді.

***
Тарихта да, отбасында да, қоғамда да әлсізді ешкім құрметтемейді, өздігінен төрге шығармайды.

Мәселе Трамп Газа секторын тазартып, жаңа қала соға ала ма, алмай ма, ол оныншы мәселе, бұл жердегі басты мәселе - проблеманы түбірімен шешу.

Түркия секілді елдердің басшылығы "наразылық білдіріп" жатыр... Алайда Сауд Арабиясы мен Египет секілді көрші елдер бұл бастамаға қарсы бола қоймайды.

Газа секторының келтірген пайдасынан гөрі, дүние жүзінде көпірткен әңгімесі көп болған секілді... Әйтеуір ауызбен қолдағандар осылардың түбіне жетті

***


Сауд Арабиясының қарсы болмауы себебі, араптар Газа секторындағы халықты "ойдан-қырдан қашқандар" деп біледі және оларды дін немесе қандас бауырым деп қарамайды. Әрі Иран қолдайтын Хезболла Израильді біржақты ете алса, шииттік ирандық күштер сунниттік Саудияға да көз тігетіні айдан анық.

Сондықтан, БАӘ, Сауд Арабиясы, Катар, Оман, Бахрейн... секілді елдерден қолдау күтетіндерді "балапандар" деуге ғана болады.

***

Ал енді Египетке келер болсақ, босқындарды қабылдау мен оларға үй-жай соғып беруге АҚШ артығымен долларлап төлегелі отыр. Сондықтан, ол жағынан алғанда, ақша мәселесі шешетіні белгілі. 

 

No comments

Құтты жаңалықтар, құтты өмір

Аналитика, жаңалықтар, бағыттар


🫶 Басты
☿ Шежіре
👽 Технология
🛸 Арқамандық
💥 Блогтар
🌐 Әлем жаңалықтары
🛰 hi-tech
⭐ Қазақстан жаңалықтары
🎬 Кино, өнер
🎭 Шығарма
📡 Украина жаңалықтары
🌣 Билік
🏢 Технологиялық компаниялар
🥷 Әскер
☂ Халықаралық ұйымдар
🤵 Тұлғалар
🌍 Мемлекеттер
🗺 Жерлер

Жеке даму бағыты