АрқамандықЕрқайысТоқшылық
Дональд Трамп Украина туралы...

Сауд Арабиясындағы АҚШ пен Ресей арасындағы Украинадағы соғысты тоқтатуға байланысты келіссөздерге

Украина тарабы шақырылмағаны белгілі. Істің бұлай белең алуына украина жағы қарсылық білдірген болатын. Елдің тағдырын оның азаматтарымен талқыламай, сыртынан шеше салуға ешкімнің де разы болмасы анық.

***

Дональд Трамп

АҚШ -тың сұлу қыздарды құшып үйренген президенті: 

 

"Зеленский соғыстың басталуына өзі себепкер болды, ол диктатор, Украинада президент сайлауын өткізбей отыр. Украин халқы оны қолдамайды, тіпті оның рейтингі 4% -ға дейін түсіп кеткен..." деп қойып қалды. Құй жыла, құй жылама...

Осы тұрғыда Украина президенті Зеленский мырза Киевтің халықаралық әлеуметтік зерттеулер институтының сауалнамаларына сәйкес, Зеленскийге сенім білдіретін украиндықтар саны 57%, қолдамайтындар 37% ал қалғандары өздеріне сенімді болмай отыр...

Осы тұрғыда, АҚШ халқының өз ішінде Трамптың бастаған ісіне наразылар көбейіп отыр. Соғысқа кінәлі Украина деген сөзді өз президенттерінен күтпеген халық, осы тұрғанда көшеге, наразылық акцияларына шыға бастады.

Әрине, наразылық акциясына шыққандардың басым бөлігі Илон Маск бастаған DOGE құрылымының мемлекеттік сектордағы тұтастай департаменттерді таратып жіберуінен бастау алып отыр...

Президенттік сайыста Трампты қолдаған республикандық партия мүшелерінің өзі, Трамптың мына мәлімдемелеріне таң қалып отыр. Ал демократтар тарапынан, Трамптың "ресейлік дезинформация алаңына" шырмалып қалғанын да айтып отыр.

Еуропа Одағы континенттегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ете алатын басты күштердің бірі екені айдан анық. Алайда, Трамп командасы континенталды Еуропаны көзге ілмек ойында жоқ. Эр-Риядтағы кездесуге шақырмағаны да сондықтан. 

Өзінің "арбадан түсіп қалатынын" сезінген еуропалық лидерлер жарыса біріккен отырыстар ұйымдастырып, ресейлік басқыншылық шабуылына қарсы тұрудың амал-айласын өз беттерінше ойластырып-ақ бағуда. Германия сыртқы істер министрі Анналена Бербок жалпы қорғанысқа 700 млрд еуро бөлінетінін айтты. Оның басым бөлігі қару-жарақ ретінде Украинаға аттанатыны анық. 

Германия қорғанысқа 700 млрд еуро бөледі деді Анналена Бербок. Ол Украинаға жасалған көмектердің ішіндегі ең ірісі болмақ

***

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер

Керек болса, украинаны қорғауға әскер жіберуге дайындық көрсетіп отыр

***

Осы орайда Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Украинадағы бейбітшілік бітімгершілігі аясында британ әскерлерін жібергісі келетінін, әрі жіберуге толық дайын екендігін айтқан болатын. 

"Болмайтынға болыспа..." деген аталы сөздің мағынасын Еуропа енді түсініп келе жатқандай. Бейбітшілік күштің арқасында ғана сақталады. Күш жоқ жерде, әкіреңдегендер белең алып кететінін Еуроодақ түсінгендей болды... Алайда ресейлік ресурстардың рахатын көріп отырған Венгрия, Словения... секілді елдер сол баяғы орманына қарай ұли беруді жалғастыратын секілді. 

Сібірдің қазба байлығы аман болса, әлі талай соғысқа себеп болары анық...

 

No comments

Құтты жаңалықтар, құтты өмір

Аналитика, жаңалықтар, бағыттар


🫶 Басты
☿ Шежіре
👽 Технология
🛸 Арқамандық
💥 Блогтар
🌐 Әлем жаңалықтары
🛰 hi-tech
⭐ Қазақстан жаңалықтары
🎬 Кино, өнер
🎭 Шығарма
📡 Украина жаңалықтары
🌣 Билік
🏢 Технологиялық компаниялар
🥷 Әскер
☂ Халықаралық ұйымдар
🤵 Тұлғалар
🌍 Мемлекеттер
🗺 Жерлер

Жеке даму бағыты