АрқамандықЕрқайысТоқшылық
🌍 Трамп қорғаныс шығындарын екі есе қысқартуға ұсыныс жасап отыр...

Қорғаныс саласы мемлекеттердің бюджет шығысының ауқымды бөлігі болып табылады.

Мемлекеттік қорғанысқа бөлінетін шығын, елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының кепілі. 

Ерте замандардан бері, мемлекеттің қауіпсіздігіне әскери күш пен дипломатия қатар ықпал ететіні мәлім. 

Мемлекеттің әскерін қолдану ретін сиректетіп, оның орнына дипломатиялық қарым-қатынас арқылы мемлекет тұрақтылығын қамтамасыз ету, бірден-бір тиімді жол. Бұл жерде Парето принципі бойынша, елдің тұрақтылығының 80% дипломатия қамтамасыз етсе, 20% әскер айбыны қамтамасыз етуі керек.

Дональд Трамп қорғаныс шығындарын екі есе азайту ұсынысын жасады

Дональд Трамп қорғаныс шығындарын екі есе азайту ұсынысын жасады

***

Әскери қақтығыстар мен соғыстар кезінде бұл арақатынас өзгеріп кететіндігі мәлім. Ендігі жерде, бейбіт даму жолына түсуге көмектесетін алғышарттың бірі, әскер шығындарын минималды деңгейге жеткізу.

Бір жыл ішінде әлемде соғыс пен қорғаныс деген сылтаумен триллиондаған долларлар жұмсалып отыр. Ол сомалардың ұлғая беруіне мүдделі топтар да жеткілікті. 

АҚШ әуе-тасығыш кемелері. 2023 жылдың ақпараты бойынша АҚШ 11 әуе-тасығыш кемесін қолданып келеді. Оларды ұстау шығындары жылына $13 - $14 млрд құраса, жаңа кемелер құрылысымен қоса шамамен $20 млрд әуе тасығыш кемелеріне жұмсалады екен

***

Осы арада АҚШ президенті Дональд Трамптың мемлекетінің қорғаныс шығындарын екі есеге дейін азайтуға болатынын, алайда ол үшін алдымен Қытай басшысы Си мырзамен және Ресей басшысы Путинмен сөйлесіп алуым керек деді.

Егер тараптар өзара бюджет шығындарын азайтуға келіссе, неге жасамасқа?

АҚШ -тағы қару-жарақ өндірісі - қорғаныс министрлігінің тендерлері мен конкурстары дегеніңіз миллиардтаған қаржы айналып жатқан орта. ол жердің өзіндік бөрілері мен сырттандары бар. Ал оларға Трамптың мына бастамасы ұнай қоймасы анық. АҚШ ішінде Трамптың бастамаларына қарсы адамдардың күннен-күнге көбейіп келе жатқанын ескерсек, екінші қастандықтың ауылы да алыс емес секілді.

Естеріңізге сала кетсек, сайлауалды кездесу кезінде, Трампқа қастандық жасалып, атылған оқ құлағын ғана сырып өткен болатын. 

***

Трамптың өткен бейсенбіде жасаған қорғаныс шығындарын азайту туралы мәлімдемесінен кейін, қор нарығына шыққан қорғаныс өндірісімен айналысатын компаниялар мен корпорациялардың акциялары құнсызданды.

Мысалы: Lockheed Martin акциялары  -1,6%, Northrop Grumman -3,4% және General Dynamics -2,1% төмендеді.

***

Қорғаныс бюджеті жоғары ТОП 10 ел

Ел Жылдық Қорғаныс Бюджеті (млрд доллар)
1 АҚШ 800+
2 Қытай Халық Республикасы 290+
3 Ресей Федерациясы 85+
4 Үндістан Республикасы 75+
5 Ұлыбритания Корольдігі 68+
6 Франция Республикасы 63+
7 Германия Федеративтік Республикасы 56+
8 Жапония 54+
9 Корея Республикасы 47+
10 Сауд Арабиясы 45+

No comments

Құтты жаңалықтар, құтты өмір

Аналитика, жаңалықтар, бағыттар


🫶 Басты
☿ Шежіре
👽 Технология
🛸 Арқамандық
💥 Блогтар
🌐 Әлем жаңалықтары
🛰 hi-tech
⭐ Қазақстан жаңалықтары
🎬 Кино, өнер
🎭 Шығарма
📡 Украина жаңалықтары
🌣 Билік
🏢 Технологиялық компаниялар
🥷 Әскер
☂ Халықаралық ұйымдар
🤵 Тұлғалар
🌍 Мемлекеттер
🗺 Жерлер

Жеке даму бағыты