¥лы Ғұн империясы құлаған соң ғұндар төртке бөлініп кетті.
Бір бөлігі сәнбилерге қосылып, өздерін сәнбиміз деп атады.
Екінші бір бөлігі Қытайға бағынды. Енді бірі Каспий теңізіне қарай шегініп, Арал өңіріне қоныстанса, төртінші бөлігі соғысқан бойы Еділ жағалауына қарай шегінді.
Олар 200 жыл бейбіт өмір сүрді.
360 жылы Еділ мен Днепрдің ортасын мекендейтін түркі тайпаларының аландармен соғысы басталды. Бұл соғысты бастаған аландар мықты дайындалса да, 370 жылы болған шайқаста ғұндардан жеңіліп қалды.
Ғұндардың атты әскерлері Солтүстік Кавказдан Каспий, Арал теңіздеріне дейінгі жерлерді бағындырды. Одан әрі қарай Германарих корольдік еткен гот патшалығы басталатын еді.
Остготтардың аумағы Балтық теңізінен Азов теңізіне дейін, Тиссадан Донға дейін созылды. Осындай қуатты остготтарға вестгот, гепид, вандалдардың жартысы, гефул, скиф сияқты тайпалар қарайтын.
Ғұндар 374 жылы Еділ бойынан шыққан Балаәмірді өздерінің билеушісі етіп сайлайды. Біраз әскер жасақтаған Балаәмір шығыс герман тайпалары готтарға жорыққа шығады. Бірінші шайқас остготтармен өтті.
Қанды қырғыннан кейін остготтар талқандалып, ғұндар үлкен жеңіске жетті. Шайқастан кейін жеңіліс тапқан остготтардың бір бөлігі визиготтарға, енді бірі ғұндарға қосылды.
Остготтардың патшасы Германарих өзіне-өзі қол жұмсап өлді. Осылайша, ғұндар 375 жылы Қара теңіз жағалауындағы остготтарды (шығыс готтар) түгелдей бағындырды.
Балаәмір остготтарды жеңген соң одан әрі қарай жылжып, визигот тайпаларын өкшелей қуып жүріп талқандады. Олардың жартысы Дунайдан өтіп Шығыс Рим империясының патшасы Валентинианға барып паналады, ал қалғандары Антанарих бастап Прут пен Дунай арасындағы орманға тығылды.
Антанарих одан әрі ғұндармен соғысудың пайдасыз екендігін түсініп, Византия императоры Феодосиймен келісімге келіп, 378 жылы әскерлерін Византияға әскери қызметке жібереді.
Аттила
Осылайша ғұндар ақырындап Батыс Еуропаға қарай жылжып, 378 жылы Рим империясының шекарасына жақындайды. Сол кезде ғұндардың ордасы Еділден Қара теңізге көшіріледі.
395 жылы Рим императоры Феодосий қайтыс болады. Сол жылы ғұндар Рим империясына шабуыл жасайды. Шабуыл екі бағытта
ұйымдастырылды: біріншісі Катфу (Кавказ) жері арқылы Анадолыға (Анатолия, қазіргі Түркия), екіншісі Днепр арқылы Балқанға бағытталды.
Анадолы бағытын Басығ пен Гурсығ басқарды.
Анатолиядағы Рим әскерлерін талқандаған соң ғұндар Сирияны басып алады. Олардың жартысы Анатолияда қалады. Ғұндардың негізгі ордасы Әзербайжан жерінде орналасады.
400 жылы Балаәмір қаза болып, орнына баласы Жұлдыз хан билікке келеді. 409 жылы оның әскері Дунайдан өтіп, Византия империясына қарсы соғыс ашады.
Византия патшасы елшісін Жұлдыз ханға жіберіп, бейбіт келісімге келуді ұсынады. Ол:
«Күн батқанша мен бұл мемлекетке де жетермін», - деп жауап қайтарады.
410 жылы Жұлдыз хан өлген соң билік оның баласы Қаратүннің қолына көшеді. Ол сыртқы жаугершілікті тоқтатып, империяның ішкі жағдайын реттеуді қолға алады.
415 жылы Қаратүн қайтыс болып, орнына ұлы Мыңзық билікке келеді. Ол Балқаш өзенінен, Орал тауы сілемдерінен Днепр жағалауына дейін мекендеген түркі тайпаларын өз империясына қосып алады.
Түркілер тарихында ол мықты саясаткер ретінде бағаланады.
Мыңзықтан соң билікке Руғила келеді. Ол ғұндардың іштей күшейіп келе жатқанын көріп, Жұлдыз тұсында басталған батысқа жорықты жалғастырады.
422 жылы ол қалың қолмен Византия аумағына қарай жыл- жиды. Ең алдымен, Паннонияны (Венгрияда) жаулап алады.
430 жылы ғұндар Рэйн өзеніне жетеді. Рим империясының өз ішінде екі қолбасшы Бонифаций мен Аэсиус арасында соғыс басталып, Бонифаций қаза табады.
Рим сенатынан қорыққан Аэсиус ғұндарды паналайды. Руғила хан оны жақсы қарсы алады. Сол кезде ол ғұндардың әскери өнері, соғыс әдістері, қару-жарақтары туралы мол мағлұмат жинақтайды.
434 жылы Руғила қайтыс болғанда, Аэсиус Римге қайта оралып, екінші рет консул болып тағайындалады.
434 жылы 40 жастағы Аттила (Еділ) билікті қолға алады. 11 жылдай оған ағасы Бледа көмектеседі.
Аттила бейнеленген монета. Жиектерінде «Аттила патша» деген жазу бар
Рим императоры Валентиниан әпкесі Онориямен (Аттиланың әйелі) бірге. Кеседегі сурет
Басқа ғұндар сияқты оның да көп әйелдері мен балалары болған.
Ұлдары - Теңіз, Ернак, Эллак.
Аттила орта бойлы, кең иықты, қара шашты, мінезі өте қатал, сөзге сараң, тұйықтау адам екен. Ел басқаратын адамдар алтынмен сәнделген киімдер киіп, қаруларын асыл тастармен безендірсе, Аттила өте қарапайым киінген.
Ол өте қайырымды, адамгершілігі мол болғандықтан оны тек ғұндар ғана емес, оларға тәуелді халықтардың барлығы да жақсы көрген.
Оның әскерінде көптеген византиялықтар, германдар, славяндар қызмет еткен. Олар Аттиланың кеңпейілділігін, батырлығын құрмет тұтқан.
Аттила есімі тарихта дарынды қолбасшы әрі саясаткер ретінде белгілі. Оның тұсында Еуропадағы Ғұндар империясы ерекше қарқынмен дамып, 375 жылдан 454 жылға дейін өмір сүрді.
Константинопольге жетпей тоқтады. Өйткені, Рим императоры Феодосий II Аттилаға бейбітшілік келісім жасау үшін елшілік жібереді.
Аттила одан салықты алтындай беруін талап етеді. Ұлы Рим бұған келіседі. Бұл келісім тарихқа Анатолий келісімі деген атпен енді.
Осы келісімге сәйкес Рим ғұндарға 6000 салықты алтындай төлеп тұруға және Сингидуннан Наиске дейінгі Дунайдың оң жағалауын босатып беруге мәжбүр болды.
Бұл Рим үшін өте ауыр әрі масқара келісім болғанымен, одан басқа жол жоқ еді.
Аттила өз сарайында Рим империясының, Византияның және т.б. өзіне тәуелді елдердің атқамінерлерін қабылдайды.
Ғундардың Галлияга басып кіруі. Ортагасырлың миниатюра
Аттила билікке келе салысымен, Римге жорыққа дайындалды. Ол өз ордасын Паннонияға орналастырды. Негізгі күшті Балқанға бағыттап, оны 441 жылы басып алды.
Шабуыл одан әрі жалғаса берді. 477 жылы Аттила әскері Шығыс Рим астанасы Констан ұйымдастырғалы жатқанын естиді.
Бірақ ол аталған екі елдің елшілігін жазаламай, оларды тек өз билігіндегі аумақтан шығарып тастайды.
Алдымен, Аттила еуропалықтардың зәресін алып, Германия мен Франция жерлеріне бағыт алады.
Галлияға қарай келе жатқан жолында бургундар патшалығын талқандап, калаларын басып алады. Метс пен Реймс калалары қолына откен сон Париж манындағы Орлеанға жетеді.
Сөйтіп, Аттила өзіне қарсы шығып. Каталаун даласында бекінген Рим әскеріне жакындайды.
Осы кезде онын әскерінін кұрамында 100 мын түрік және әр түрлі тайпалардан күралған 100 мың әскер болған. Рим императоры бүкіл христиан әлемінен 200 мыңнан асатын әскер жинаған.
Екі жақты қырғын соғыс басталды. Аттилаға қарсы Аэсиус шығады. Ол өзі көрікті әрі ат құлағында ойнайтын дарынды қолбасшы еді.
Аэсиус ғұндардын колында бір рет кепілдік ретінде, екінші рет қуылып барып тұрактаған болатын.
Енді Аттила екеуі жау ретінде шайқасқа шығады. Бұл шайқастың канды қырғын болғаны сонша, тарихта «Каталаун қырғыны» деген атпен қалды.
Екі жақтан да көп адам қырылды. Кешке қарай Аэсиус әскерлері шегіне бастады. Ғұндардың женілмейтін жауынгер екендігін бүкіл әлем мойындады.
Аттила қашқындарды қумады, әскеріне 20 күн демалыс берді. 452 жылы ол Италияға басып кіріп, ең мыкты деген қамал - Аквилейді жаулап алды.
Аэсиустын Аттилаға қарсы шыгатын каукары қалмады, ал Аттила Рим какпасына келді. Астана, сенат, бүкіл халык және Рим паласы қатты үрейленді.
Берілгеннен басқа амалдары қалмағандыктан, Рим папасы Леон қасындағы бүкіл нөкерлерімен (дінбасылары да бар) Аттиланың алдынан шығып, қаланы талкандамауын өтінеді.
Тамаша архитектуралык құрылыстар мен Рим халқынын бүкіл ғұмырлык мәдениетіне тиіспеуін жалынып сұраған соң Аттила онымен келіседі.
Ол тек алтындай салық кана талап етеді. 453 жылы Аттила қаза болып, кейін Еуропадағы ғұндардын империясы кұлайды.
Аттила өлгеннен кейін Батыс Ғұн империясы ыдырап, герман тайпалары ғұндардан бөлініп кетті.
Бұрынғы империя кұрамында тек ғұн гайпалары, яғни түркі тілдес тайпалар гана калды. Бірақ Аттила мен оның құрған империясы еуропалықтар өмірінің барлык саласында сақталып қалды.
VI ғасырдан бастап Батыс Ғұн империясы «Уарғұндар қағандығы» (Арғындар қағандығы) деп аталды.
Баян хан тұсында күшейген Уарғұндар қағандығына Византия салық төлеп тұруға мәжбүр болды. Баян хан Арал теңізі маңынан тарниак, котзагер, эабен тайпаларын Еуропаға көшіріп алған еді.
Уарғұндар қағандығын 798 жылы Франк королі - Ұлы Карл талқандады. Осыдан соң Ғұн мемлекеті бас көтерген жоқ.