Мобильді баннер 1
АрқамандықЕрқайысТоқшылық
Шығыс Ғұн империясының туы

Б.з. 48 жылы ғұндар екіге бөлінген кезде шығыс ғұндарда билік басына

Хуханьенің немересі Би келген болатын. Ол өзінің күшінің әлсіз екенін сезіп, солтүстік ғұндармен бірге Қытай жағына шығып соғысты. 

 

50 жылы солтүстік ғұндармен болған шайқаста Би әскері жеңіліске ұшырады. Император оған Мэйцы уезіне (оңтүстік-шығыста қазіргі Моңғолия аумағының ішкі жағы) Сихэ аймағына көшуді бұйырады. 

55 жылы тәңірқұт Би қайтыс болады.


Би және оның жанындағы қытайланған ғұндар Қытай империясына қызмет етуді өздерінің парызы санап, бүкіл ғұн тайпаларын соңдарынан ерте білген. 

Қытайлардың ортасында өмір сүрген ғұндар қытай мәдениеті мен тұрмыс-салтын қабылдаған. Қытай киімі мен тағамдарын ұнататындар да табылды, сөйтіп, өздерінің ата салтын ұмыта бастаған ғұндар қытайлықтарға біртіндеп сіңе берді.

 


Шығыс Ғұндар

 

Ғұндар әулеттер бойынша екіге бөлінген жоқ еді, өйткені, екі жақта дахуан, Лан және Суйбу әулеттері болды.

Қытайлар мен шығыс ғұндардың батыс ғұндарды талқандауы осы әулеттерден шыққандар үшін қасірет әкелді. Қытай жеріндегі ғұндардың саны бірте-бірте көбейіп, соғыста қолға түскен батыс ғұндар халық санын күрт өсіріп жіберді.

Олар қытайларды қалай жек көрсе, шығыс ғұндарды да солай жек көрді. Шығыс ғұндардың кейбіреулері аналары жағынан болса да өздерін қытайлармен туыспыз деп мақтан ететін болды. 

Кезінде өздерінің ата-бабалары Қытайға толық билік жүргізгенін естен шығара бастады. Олардың мұндай екіжүзді қылықтары Батыс Ғұн империясының ашу-ызасын туғызды. 

 

Әсіресе, олар соғыста өздерін жеңіп, қытайлар тарапынан лауазым алған Шығыс Ғұн қолбасшысы Шығыны (Шигы) жек көрді.

Шығыс ғұндардың билеушісі Сюень ел билеуде ешқандай талантымен көріне алмады. Сюеньнің орнына келген Тунтухэ тәңірқұт 93 жылы қайтыс болып, Анго тәңірқұт билікті қолына алды. 

Ал Шығы мұрагер болып қала берді. Билікке келген соң Анго тәңірқұт шығыс ғұндардың өзіне достық ойламайтындығын сезініп, соғыста бағынған батыс ғұндарды өз жағына тарта бастайды. 

Бұдан қатты қауіптенген Шығы Қытай шекарасына қарай жылжиды. Ол билеушілердің жиынына ауруын сылтау етіп бармай қалады.


Қытайдың жергілікті билеуші өкілі Ду Чун Шығыны жақтап, императорға «Анго мұрагерді өлтірмекші болды» деп жала жабады. 

Император оған әскер беріп, тексеру жүргізуге жібереді. 94 жылы ол қытай әскерін бастап Анго ордасына қарай беттейді. 

Анго мұның жай тексеру емес екенін сезіп, далаға қарай шегініп кетеді. Оның жанына батыс және шығыс ғұндардың біразы топтасады.


Анго сатқын інісі Шығыны жазалау үшін жорыққа шығады, бірақ Шығы қытайдың Мансянчен деген қамалына барып тығылып үлгіреді. 

 

Ду Чун шығыс ғүндарды әскеріне қосып алып, оның санын көбейткен соң, Ангоға шабуыл жасайды. Анго жағындағы шығыс ғүндар бұл жағдайдан зәре-құты қашып, Ду Чун жағына беріліп, Ангоны өлтіреді. 

Содан кейін Шығы билікке келеді. Бірақ батыс ғүндар түнде шығып, шабуыл жасайды. Шығы қытай қорғаушыларының арқасында ғана құтқарылады.

 

Көтеріліс қайта басталып, 15 әулет бірігіп, өлген тәңірқұттың баласы Тунтухэ Фынхэуді тәңірқұт деп жариялайды. 

Олар қытайлардың шонжарларын талқандап, қарауыл мұнараларын өртеп, қытайларды тонаған соң солтүстікке қарай шегінеді. Қытайлар оларды қуғанымен жете алмай қалады.


Фынхэудің тағдыры оңай болмады, оның халқы аштықтан және сәнбилердің шабуылынан кедейлене бастады. 117 жылы сәнбилер оларға күшті соққы берді, бір бөлігі батыстағы ғұндарға қосылып, Фынхэу өз еркімен 118 жылы қайтадан қытайларға берілді. 

Оны қытайлар жазалаған жоқ, бірақ Қытайдың ішкі жағына орналастырды.


Шығының билігі кезінде оған қарсы қайтадан көтеріліс басталды. Бірақ қытайлардың көмегімен көтеріліс күшпен басылды. 

89 жылы Шығы өліп, орнына інісі Тхан билікке келді.


109 жылы Тханның орнына келген шығыс ғұндардың тәңірқұты Ванши ухуан көсемдерінің көмегімен көтеріліс жасады, оған ухуандар қосылды. 

Император оларға қарсы сәнбилердің әскерін жіберіп, көтерілісшілерді талқандады, 3 мыңдай адамы өлтірілді. 

Біріккен әскерлер ғұндар мен ухуандарды қоршауға алды, тәңірқұт берілді. Хюли тәңірқұт 142 жылы өзіне-өзі қол жұмсап қаза тапты. 

Ол Цзюйдихэу әулетінен шыққан ең соңғы билеуші болатын. Кейін оның орнына келген Дэулэчу мен Гюйгюйр қытайдың қуыршақ билеушілері болды. 

 

Олар қытайға бағынышты болып, ешқашанда қарсы шықпаса да, қол астындағыларды кейде жазалаймыз деп өлтіріп отырды.

142 — 215 жылдар аралығында шығыс ғұндар екіге бөлінді: бірі бірте-бірте солтүстікке қарай жылжыса, енді бір бөлігі мекендеген жерінде қалып қойды. 

 

Ғұндардың көп бөлігі сәнбилерге қосылып кетті. Ал көшпенді тұрмыс-салтты аңсағандары солтүстік көшпенді тайпаларға қосылды. 

Қытайлардың ара-сында қалған ғұндар түрі, мінез-құлқы жағынан қытайларға барған сайын жақындай берді.

215 жылы шығыс ғұндар өз мемлекеттігінен айырыла бастады. 

 

Билеушісі Хучуцуань тұтқындалған соң, оларды енді жергілікті билеуші басқаратын болды. 

Сөйтіп, Қытай империясы мен Ғұн империясының арасындағы 300 жылдай уақытқа созылған қырғын қытайлардың жеңісімен аяқталды. 

 

Қытайларды жеңіске жеткізген олардың әскері де, техникасы да емес, тек оның әккі саясаты мен елшілігі еді.

No comments

Құтты жаңалықтар, құтты өмір

Аналитика, жаңалықтар, бағыттар


Басты бет
☘ Технология
Арқаман
Блогтар
Әлем жаңалықтары
hi-tech
Қазақстан жаңалықтары
Кино, өнер
Шығарма
Билік
Украина
Сирия
Оңтүстік Корея

Жеке даму бағыты