Мобильді баннер 1
АрқамандықЕрқайысТоқшылық

Билік

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

ҚР президентіқазақпрофилін қарау
Олжас Абайұлы Бектенов

Олжас Абайұлы Бектенов

премьер-министрқазақпрофилін қарау
Роман Васильевич Скляр

Роман Васильевич Скляр

Премьер-министрдің бірінші орынбасары-профилін қарау
Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев

Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев

Үкімет Аппаратының басшысы-профилін қарау
Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу

Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу

Сыртқы істер министріпрофилін қарау
Тамара Босымбекқызы Дүйсенова

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова

Премьер-министрдің орынбасарықазақпрофилін қарау
Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев

Премьер-министрдің орынбасары-профилін қарау
Серік Мақашұлы Жұманғарин

Серік Мақашұлы Жұманғарин

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі-профилін қарау
Руслан Фатихұлы Жақсылықов

Руслан Фатихұлы Жақсылықов

Қорғаныс министрі-профилін қарау
Ержан Сапарбекұлы Саденов

Ержан Сапарбекұлы Саденов

Ішкі істер министріпрофилін қарау

Үкімет құрамы

Айдарбек Сейпілұлы Сапаров

Айдарбек Сейпілұлы Сапаров

Ауыл шаруашылығы министрі-профилін қарау
Саясат Нұрбек

Саясат Нұрбек

Ғылым және жоғары білім министріпрофилін қарау
Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова

Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова

Денсаулық сақтау министріпрофилін қарау
Светлана Қабыкенқызы Жақыпова

Светлана Қабыкенқызы Жақыпова

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріпрофилін қарау
Марат Кәрімжанұлы Қарабаев

Марат Кәрімжанұлы Қарабаев

Көлік министрі-профилін қарау
Мәди Төкешұлы Такиев

Мәди Төкешұлы Такиев

Қаржы министрі-профилін қарау
Аида Ғалымқызы Балаева

Аида Ғалымқызы Балаева

Мәдениет және ақпарат министрі-профилін қарау
Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев

Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев

Өнеркәсіп және құрылыс министрі-профилін қарау
Арман Абайұлы Шаққалиев

Арман Абайұлы Шаққалиев

Сауда және интеграция министрі-профилін қарау
Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов

Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов

Су ресурстары және ирригация министріпрофилін қарау

Үкімет құрамы

Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов

Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов

Туризм және спорт министрі

профилін қарау
Жаслан Хасенұлы Мәдиев

Жаслан Хасенұлы Мәдиев

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріпрофилін қарау
Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев

Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев

Экология және табиғи ресурстар министріпрофилін қарау
Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев

Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев

Энергетика министріпрофилін қарау

XIV ғасырдың орта шенінен — XVI ғасырдың бас кезіне дейін

Жетісу өлкесі мен Шығыс Түркістан жерінде Моғолстан мемлекеті өмір сүрді. 

Моғолстан Шағатай әулеті билеген ұлыс ыдырағаннан кейін өз алдына дербес мемлекет болып бөлініп шықты.


XIV ғасырдың 50-ші жылдары Шағатай ұлысының батыс бөлігі бір-біріне бағынбайтын 15 жеке иелікке айналып, онда кейіннен Әмір Темір мемлекеті орнады. 

Ал елдің шығыс бөлігінде 1346 (1347) жылы дулат тайпасының әмірі Болатшы бастаған шонжарлар тобы Шағатай әулетінен шыққан Тоғлұқ Темірді хан етіп сайлады.


«Моғолстан» термині моңғол атауының парсыша нұсқасы. Сөйтіп, Шағатай ұлысының билік құрған кезінде-ақ Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістанның солтүстік бөлігі Моғолстан аталды. 

Шағатай суреті. Қытайлық сурет

Шағатай суреті. Қытайлық сурет

 

Мырза Мұхаммед Хайдар Дулат оның шекарасын өзі жазған шежіреде былай деп көрсетті: 

 

«Шығыс шеті қалмақ жерімен шектесіп, Барыскөл, Емел, Ертіс өңірлерін қамтиды. Солтүстікте оның жерінің құрамына Көкше теңіз (Балқаш), Бұм және Қаратал аумақтары кірді. 

Батыста ол Түркістанмен және Ташкент- пен, оңтүстікте Ферғана уәлаятымен, Қашқармен, Ақсумен, Чалышпен және Тұрфанмен шектеседі».

 


Мемлекет халқының басым бөлігін жалпы моғол атанған

- дулат (доғлат)

- қаңлы (беншік)

- керейт (керей)

- арғанұт

- барын

- арлат

- барлас, т.б. түркі және түркіленген моңғол тайпалары құрады. 

***

Бұлардың көпшілігі кейін қазақ халқының, қалған бөлігі - қырғыз, ұйғыр халықтарының құрамына барып қосылды. 

Жартылай тұрақты сипаттағы егіншілікпен ұштасқан көшпелі мал шаруашылығы Моғол елі экономикасының негізі болды. 

Шағатай әулеті билеген мемлекеттерде талай ұзақ жылдарға созылған бақталастық тартыстың ауыр зардаптары, ақыры, XIV ғасырдың ортасына таман Жетісу өлкесінің бұрыннан қалыптасқан саласы - тұрақты егіншілігі мен қала мәдениетін жойып жіберді. 

Баласағұн, Алмалық, Алмату (Алматы), Тараз, Ілебалық (Иланбалық), Қойлық, Екіөгіз және басқа көптеген ежелгі шаһарлар да осының кебін киді. 

Дегенмен, Моғолстан халқы егін шаруашылығын, әсіресе, Шу, Талас өзендерінің алқабындағы ежелгі егіншілікті бірте-бірте қалпына келтірді. 

Мұнда бүгінде Тарсакент, Қараялық мекендерінің, Аспара қорғанының қалдықтары сақталған. 

Шағатай ұлысының теңгесі

Шағатай ұлысының теңгесі

XIV - XV ғасырлардағы жер өңдеу кәсібінің жойылып кеткен жұрнағы Тараз, Садыр қорған жұрттарынан табылды. 

 

Моғол жауынгерінің қару-жарағы мен сауыт- сайманы

 

Мұнда өз заманында мал шаруашылығы дамып, жайылымдық пен шабындықтар қайтадан ретке келтірілген. 

 

Жазба деректерде Іле өзені бойындағы Ұлыжұлдыз, Кішіжұлдыз жайлауы, Шарын (Ақтоғай) мен Шелек өзендерінің аралығында Әбіш жайылымдығы, т.б. белгілі жер атаулары келтірілген. 

Мұхаммед Хайдар Дулаттың деректемесі бойынша, Ыстықкөл маңында жаңа мекендер, қорғандар, керуен-сарайлар салынған.


Моғолстан халқының күнделікті тірлігінде Қашқадарияның өсіп-өркендеген тұрақты егіншілік аймақтары елеулі рөл атқарды. 

Көшпелі аймақтарда жерді біріккен қауымдар пайдаланды, бірақ мұнда көптеген бұрынғы патриархалдық-рулық көне дәстүрлер сақталды, ал сөз жүзінде ханның қарамағындағы жерге мемлекеттік меншік ақсүйектердің шартты жер иелену тәртібінің тәуір дамыған жүйесімен ұштасып жатты. 

Моғолстанның басыбайлы халқы жергілікті ұлықтарға алым-салықтар (қалан, тағар, купчур, зекет, т.б.) төлеп отырды.

Ел тарихының саяси-әлеуметтік өмірінде өзара қырқыстар толастамады әрі көршілес мемлекеттерге де шабуыл жасалып отырды. 

XIV ғасырдың 60-шы жылдары оның алғашқы ханы Тоғлұқ Темір мен Ілияс Қожа Мәуереннахрды тәуелді етіп, өздеріне бағындыруға әрекет етті. 

Осы ғасырдың 70-90 жыл- дары Моғолстан билеушілері Қызыр Қожа Хан (1389 - 1399), Қамар әд-Дин Әмір, Еңке төре және т.б. 

Әмір Темірдің жаулап алушылық әскери жорықтарына қаймықпай қарсы тұрды.


XV ғасырдың алғашқы жартысында елдің ішкі саяси жағдайы одан әрі қиындап, өзара қырқыс күшейе түсті.

Жағдай Қызыр Қожаның ұлы Мұхаммед хан (1408 - 1416) тұсында ғана біршама түзеліп, едәуір жақсарды. Темір әулеті бұдан былай басыбайлы тәуелділіктен құтылып, Шу, Талас аймағы азат етілді.

 

Моғолстанда ислам діні кеңірек тарай бастады.

 

Елдің шығыс жағынан ойраттардың мазасыз шабуылдары жиілеп, Уәйіс ханға (1418 - 1428) олардың бірнеше ауыр ұрыстарын тойтаруға тура келді. 

Ол мемлекеттің астанасын Тұрфаннан Жетісудағы Ілебалыққа көшіруге мәжбүр болды. 

Уәйіс хан қайтыс болған соң Моғолстанда өзара қырқыс одан сайын өршіп, Жүніс пен Есенбұға сұлтандарды жақтаған екі қарсылас топ пайда болды. 

Бұл тайталас Есенбұғаның пайдасына шешілді. Оның тұсында Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған қазақтардың бір бөлігі Дешті Қыпшақтан Жетісуға қарай жаппай қоныс аударды. 

 

Жетісудың түркі жұрты мен түркіленген тайпалардың - Ақ Орданың, кейінірек - Өзбек хандығы мен Ноғай Ордасының тегі бір тайпаларымен бірге біртұтас қазақ халқы болып қалыптасу кезеңінің аяқталуы Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аумағы мен Қырғызстанның орталықтан бірте-бірте оқшаулануына және осыған байланысты туындаған елдің ыдырауына алып келді.

Жергілікті халықтың мемлекеттік және экономикалық тұрғыдан дербес дамуы жолындағы жүргізіп келген көп жылғы қажырлы күресі де осы этникалық үрдіспен тығыз байланысты болды.

Жүніс хан (1469 -1487) мемлекетгің ішкі-сыртқы жағдайын біршама нығайтты. Дегенмен, ол 1472 жылы Жетісуда күші басым ойраттардан жеңіліп, Сырдария аймағына тықсырылды. Онда Жүніс хан Сайрам мен Ташкент шаһарларын басып алған еді. 

Оның мұрагері Ахмет хан 1474 жылы Қырғызстанда өз алдына тәуелсіз жеке иелік құрды. Махмұд хан (1487 - 1508) Жетісу мен Түркістан өңірлерінде қазақ хандарымен соғысты. 

 

Жүніс ханның немересі Сұлтан Саид хан 1514 жылы Әбубәкір Мырза Дулаттан Қашқарды тартып алып, Шығыс Түркістанда жаңа құрылым бойынша Моғол мемлекетін құрды. 

XV ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап Жетісуды мекендеген Ұлы жүз тайпалары енді Қазақ хандығының құрамына кірді.

No comments

Құтты жаңалықтар, құтты өмір

Аналитика, жаңалықтар, бағыттар


🫶 Басты
☿ Шежіре
👽 Технология
🛸 Арқамандық
💥 Блогтар
🌐 Әлем жаңалықтары
🛰 hi-tech
⭐ Қазақстан жаңалықтары
🎬 Кино, өнер
🎭 Шығарма
📡 Украина жаңалықтары
🌣 Билік
🏢 Технологиялық компаниялар
🥷 Әскер
☂ Халықаралық ұйымдар
🤵 Тұлғалар
🌍 Мемлекеттер
🗺 Жерлер

Жеке даму бағыты