Әуе күштері - заманауи ұрыс алаңындағы шешуші күштердің бірі.
Заманауи ұрыс концепциясы, алдымен әуені бақылауда ұстауды, сол арқылы басқа компоненттерді бақылауға алуды көздейді.
Әлемнің ең күшті әуе қорғаныс және шабуыл жүйесі қазіргі таңда АҚШ мемлекетіне тән екені бесенеден белгілі боп отыр. Осы орайда, Joint Strike Fighter (JSF) бағдарламасы түзілді.
Соның нәтижесі болған F 35 Lightning II негізі Joint Strike Fighter (JSF) бағдарламасы арқылы қаланды, ал 2001 жылы Lockheed Martin X-35 жобасымен жеңіске жетіп, өндірісті бастау құқығын алды. Ұшақтың алғашқы ұшу сынағы 2006 жылы өтті, ал алғашқы жаппай өндірісі 2011 жылы басталды
F-35 Lightning II жобасына қатысқан негізгі компаниялар:
- Lockheed Martin - бас өндіруші.
- Northrop Grumman - авионика және радар жүйелері.
- BAE Systems - электроника және қару-жарақ жүйелері.
- Pratt & Whitney - F135 реактивті қозғалтқышы.
АҚШ мемлекетінің көпмақсатты жойғыш ұшақ жасау конкурсына қатынасқан компаниялар мен олардың прототиптері:
- Lockheed Martin (X-35)
- Boeing (X-32)
***
Мына ұшатын құрбақа тәріздес Bpeing X32 жеңіп кетпегені дұрыс болған секілді ;))
***
F-35 Lightning II жобасын Lockheed Martin компаниясы ұтып алды және оны өндіруді жүзеге асыруда.
Ұшақтың толық техникалық ерекшеліктері
- Ұзындығы: 15.7 м.
- Қанат құламы: 10.7 м.
- Биіктігі: 4.3 м.
- Ұшу жылдамдығы: Максималды 1.6 Мах (шамамен 1,930 км/сағ).
- Ұшу аралығы: 2,200 км (қосымша отын багы орнатылмаса).
- Қозғалтқыш: Pratt & Whitney F135 реактивті қозғалтқышы.
- Экипаж: 1 пилот (F-35A және F-35C), 2 пилот (F-35B).
Әуеден жанармай құю жүйесі жұмыс үстінде
Теңіз флотына арналған нұсқада, вертикалды ұшып-қону мүмкіндігі бар
F 35 Lightning II - бесінші буын жойғыш ұшағыың кокпиті дегеніңіз осы
Авионикасы туралы
F-35-те келесі авионикалық жүйелер орнатылған:
- AN/APG-81 радары: Active Electronically Scanned Array (AESA) технологиясына негізделген.
- Электрондық соғыс жүйесі: AN/ASQ-239 Barracuda.
- Инфрақызыл кескіндеу жүйесі: Electro-optical Targeting System (EOTS).
- Distributed Aperture System (DAS): 360 градустық көрініс пен қауіпті ерте анықтау.
Шлемінің ерекшелігі
F-35 шлемінің ерекшеліктері:
- Helmet Mounted Display System (HMDS): Шлемдегі дисплей арқылы пилоттарға маңызды ақпаратты нақты уақыт режимінде көрсету.
- Көру мүмкіндігі: Шлем арқылы ұшақтың төменгі бөлігін де көруге болады, бұл пилоттарға 360 градустық көрініс береді. Түнгі көрінісі
***
Борттағы қару-жарағы
F-35 -те келесі қару-жарақтар орнатылуы мүмкін:
- Ішкі қару ұяларында: AIM-120 AMRAAM зениттік ракеталары, GBU-31 JDAM бомбалары.
- Сыртқы аспаларды: AIM-9X Sidewinder, AGM-154 JSOW, AGM-158 JASSM.
- Зеңбірек: F-35A үшін 25 мм GAU-22/A зеңбірегі.
Lockheed Martin корпорациясының мақтанышы
***
Дүниежүзіндегі авиабазаларда орналасуы
F-35 ұшақтары әлем бойынша көптеген авиабазаларда орналасқан, олардың ішінде:
- АҚШ: Luke Air Force Base, Hill Air Force Base.
- Ұлыбритания: RAF Marham.
- Италия: Amendola Air Base.
- Жапония: Misawa Air Base.
- Австралия: RAAF Base Williamtown.
Сатып алған елдер
F-35 ұшағын сатып алған елдер:
- АҚШ
- Ұлыбритания
- Италия
- Норвегия
- Австралия
- Жапония
- Оңтүстік Корея
- Израиль
- Польша
- Бельгия
Ұшақтың құны
F-35 ұшағының бағасы нұсқасына байланысты:
- F-35A: шамамен 78 миллион доллар.
- F-35B: шамамен 101 миллион доллар.
- F-35C: шамамен 94 миллион доллар.
Жалпы бағдарламаға кеткен шығын
F-35 бағдарламасына жалпы шығын $1,7 триллион астам болды, оның ішінде:
- Ғылыми зерттеулер: $55 миллиард.
- Тәжірибе-конструкторлық жұмыстар: $40 миллиард.
- Өндіріс және қолданыс: $1.6 триллион.
Жобаның перспективасы
F-35 жобасының перспективасы:
- Технологиялық жаңартулар: Ұшақтың авионикасы мен қару-жарақ жүйелері үнемі жаңартылып тұрады.
- Халықаралық ынтымақтастық: Көптеген елдер F-35-ті сатып алуды жоспарлап отыр.
- Өндіріс көлемінің артуы: Жыл сайын өндірілетін ұшақтар саны артып, құны төмендей түсуде.