Мен Шуылдақ Шадырман, Арқамандардың үйлестірушісі

Арқайым елінің ұланы

Өзіме Ғалам артқан міндетті сезіне отырып, бойымдағы әруақ-құдайдың құдыретін мойындай отырып, төмендегіні баяндаймын

Арқаман концепциясы 

Ақпарат

---------------------------------------------


Әлем - Ақпарат жиынтығы ғана

Өмір симуляция - сенің сезім мүшелеріңнің берген ақпараттарыңның топтамасы (архив, қалта, файл)

Құдай - сені жаратқан жүйе - атаңның ұрығы, анаңның жатыры

Қалай жасау жайлы ақпарат атаның ұрығымен келеді, сол ақпаратқа сай, ананың жатыры жасап шығарады


Ата тапсырыс беруші компания немесе мемлекеттік тендерді жариялаушы тұлға, ана дегеніміз - тендерге қатысып, соны жеңіп алған орындаушы, мердігер компания


Ал тапсырыс беруге итермелеген кім?

Тендерді жариялауға қажеттілікті кім туындатты?

Гормондар

Ата-ана баланы туады дегеннен гөрі, ата-анаға бала өзін-өзі туғызады деген орындырақ...

*****

Жаратқан берген, Жасаған берген деп жатамыз. Жаратқаның атаң, Жасағаның анаң!

Онан басқа адам жарататын нәрсе көрмедім

Басқасын тапсаң, айта жатарсың...

Ай, жұлдыз, галактика, мұхит, өзен мен көлді кім жаратты?

Атын атап, түсін түстей алмайм...

******

Сен бар болсаң әлем бар, сен жоқ болсаң - әлем де  жоқ

Құдайды мойындағың келсе айтайын, сен бар болсаң құдай бар, сен жоқ болсаң, құдай да жоқ


Құдай деген - сенің сезім мүшелерің жинақтап берген ақпараттың қайнар көзін іздеу кезіндегі, сенің өзіңше жасаған тұжырымың

Сенің құдай, жаратушы жайлы пікірің, білімің, көзқарасың - ол сенің жинақтаған ақпаратың ғана.

Өзіңнің жеке өмірлік тәжірибеңді, бүкіл адамзат атаулыға таңып беруге құқың жоқ. 

Ал алда-жалда таңып берем десең, ет пен сүйектен жасалған адамды еттурағышқа салып, фарш қылып шығаруға атсалысқан боласың...

*****

Фаршқа айналдыру технологиясы

Жерге таластыру, шекара деген сызық жасап алып, сол сызық үшін таластыру, адамдардың миына құдай деген тақырыппен еніп алып, әркім өз құдайын 

Бүкіл адамзат былай тұрсын, құдай туралы құлағыңа іліп берген ілімді, белгілі бір ұлтқа, руға, әулетке таңа алмайсың.

Әулет тұрмақ, өзіңнің туған ұлыңа құдайлық пікіріңді маңдайына жапсыра алмайсың. Өйткені, оның басып өткен жолы, сенікінен өзгеше.

Ол сен секілді болуға, сенің көргеніңді көріп, сезінгеніңді сезінуге, сенің айдауыңмен жүруге міндетті емес те, құдай тақырыбына келгенде

Жалбарасың ба, жылайсың ба, табынасың ба, сыйынасың ба, мақтау айтасың ба?. барлығы да өз миыңның ішіндегі тарақандарың


Ал егер сенің ұлың, сенің ұстанымдарыңа сыни көзбен қарай алмаса, сенің тұжырымдарыңды саралай алмай, атамның жолы болғаны үшін - дұрыс бола береді дейтін болса, 

болашақ фарш өсіріп отырғаныңды біле бергейсің

*****


Жұрттың барлығының ойы бір жерден шығуы, бәрі бір адамды тыңдауы немесе бір кітаппен шектеліп қалуы шарт емес, даму емес.

Әр адам өз миын істетпей, біреудің дайындап берген жолымен жүрем, данышпанның айтқаны заң деген де, үйреніп-жиренетін құбылыс


*****


Ғалам - ақпарат

Адам - ақпаратты қабылдап, жинақтау машинасы

Адам - жарық боп келеді, жарық боп кетеді

Дүние есігін ашқан сәттен бастап, соңғы дем үзілгенге дейінгі аралық - сезімдердің жиынтығы ғана

Адам өмірде жинаған сезімдерін алып кетеді, оның ізін артына тастап кетеді


Файлды көшіріп жөнелткендейін


******

Шыр етіп дүниеге келген бала

аузы-мұрнымен тыныс алып көрмеген шарананың өңешін ауаның құрғақтығы қарып барады


жерге аман - есен жеттім, мен тірімін дегенді білдіріп, айналаға жар салып, сәби жылап жатыр


Жер бетіне барғанда тіршілік жасау үшін қажетті ақпараттар базисі оның қанында ағып жүр


Бірінші, шыңғырып жылау арқылы, тыныс жолдарын күшендіру, сол арқылы мұрын, жұтқыншақ, өңеш, өкпеге қан келуін күшейту, олардың кілегейлілігін арттыру

Қан келуі күшейген жерлердің, температурасы көтеріліп, ауамен бірге енуі мүмкін микроағзалардың ішке енуінің алдын алады, ал кілегей қабат ауадағы шаң - тозаңды ұстап қалады...


*****

Жер бетіне қонған ғарышкер, алғашқы қадамын сәтті жасады. Сулы ортадан ауалы ортаға өтудің бірінші сатысы аяқталып, екінші сатыға аяқ басады

Жаңа ғаламдағы белсенді ортада, сәбидің ағзасына шабуылдаушылар көп-ақ...

Осы жерде ағзаны қоректендіретін, тыныштандыратын, оның қарсы тұру қабілетін күшейтетін арнайы құрал тым керек. Ол сұйықтық ретінде, ауыз қуысы арқылы сәбиге берілуі тиіс

Баланы туған ананың бойындағы гормондарын бұрғызып, бар назарын балаға салғызып тұрған қанындағы құрамдас элементтер, сәбидің аузына емшек салу керек екенін анаға меңзеп тұр

Алғашқы орындалатын бағдарлама - ауа жұту болса, екінші бағдарлама, сүт ему

Анасы жағындағы гормондарын өз аузына мәме салдыратынын біліп, нәресте жылауын үдете түседі

Анасының омырауынан ақ сүт емген баланың бойына жылу мен қоса есірткі енеді

Өмір есірткісі. Ол азықтандырып күш-қуат береді, денені босаңсытады, клетка бөлінісін жақсарту үшін, ұйықтатады...

********

Неге келдім мен мұнда?

Бұл сұраққа жауап бермес бұрын, біздің қандай екенімізге бірауық көз салайық. 

Біз денеден тұрамыз

Денені басқарып отырған көрінбейтін ақпараттық жинақтама бар

Оның атын: 

- жан
- ақыл
- түпсана
- инстинкт
- ой, пікір
- ар-ұждан
- дарын... деп атай береді.

Смартфонның темірі мен оны басқаратын бағдарламалық қабықшасы секілді...

*****

Дене не үшін қажет?

Айнала қоршаған әлемнен ақпарат алатын сенсорларды тасушы қорап

Көру, есту, дәм сезу, сипап сезу, түйсік... секілді сезімдерді бір қорапта тасу керек болды, сол қорапқа Дене деген атау бердік

Басқа адамдардың сезімдер жиынтығын білуге көмектесетін ақпарат алмасу құралы тағы бар. Оны сөйлеу қабілеті дейміз

Дененің барлық бөлігі сөйлейді: ауызы, тілі, ерні, көзі, қол-аяғы...


*****

Мұның барлығын не үшін айтып отырмын?

Оны өзің де тамаша білесің

Бұл жердегі басты ой мынау:

Адам, ақпарат алуға келеді, алып болғаннан соң кетеді

Сол екі ортада, ақпаратты неғұрлым бейбіт жолмен, ұрыспай-таласпай алуға ұмтылыс жасауы керек


Өзің пейіліңнен табасың, пейіліңе қарай өсіп-өнесің немесе өшесің

Байлық, ақша, дүние, атақ-даңқ, мансап, билік... бәрі де өткінші екенін бабамыз да, атамыз да жақсы білді

****

- Байлық - қолдың кірі, жусаң кетеді

- Мансап - мұз секілді еріп бітеді

Бұл дүниенің түбіне, сіз-біздескен сыйластық жетеді

 

Comments powered by CComment

⚠ Сатылу жайлы...

Рухани сатылу жайында

Басқа түссе баспақшыл болудың да орны, жолы болады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☘ Бейсенбі күні

Бейсенбі күні әруақтарға арнғалған баталарымыз

Бейсенбіның таңында, төргі бөлмені ертерек жиыстыр. Қонақ келетіндей сәнін кіргіз. Көңіл-күйіңді көтер

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

♨ Бейсенбілік бата

Бейсенбіде әруақтарға арнап жеті шелпек тарату

Қазақтар бейсенбіде әруақтарға арнап иіс шығарады, жеті шелпек таратады

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

🌓 Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

****

Атымтай атамыз өмірінде талай мықтымен белдесіп, талай батырды мысы басып, мерейі үстем болған батыр да, ақын кісі болатын

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☀ Уа дүние, мен келдім!

Шуылдақ Шадырманның өлеңдері

Соқаның шаңынан
Аттың дүбірін көрдім

Маңдайдан шыққан қара тер...
Елімнің ертеңін көрдім

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Арқамандық шежіре - генеалогиялық технологиялар әлемі

Қазақы шежіренің түйткілдері

Біздің халыққа Қазақ деген атау беріліп, сол атаумен біраз уақыт өмір сүріп келді. Көп қиындыққа тап болды, нақтысын айтқанда өсіп-өне алмады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

📱 Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Dimensity SoC чипсеті орнатылған Vivo X100 Pro Қытай нарығында бәсекелестерінен асып түсуге жақын

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☕Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Осы жылдың маусым айында таныстырылған Lexus LBX кроссовері Жапон нарығында сатылымға шықты

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

Lazzarini Design Studio Banner
Ferrari  маркасының парақшасы

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?