Қазақ қоғамында көтеретін келелі мәселелер

Ең бірінші кезекте экологияны қоюға болады. Экологияның нашарлауының салдарынан біздің елімізде онкологиялық аурулар көбейіп кетті.

Еліміздегі зауыт-фабрикалардың біреуі де экологиялық нормаларды сақтамайды. Оны қадағалайтын мекемелер қайда қарап отырғаны түсініксіз. Екінші маңызды мәселе – мамандықтарды кәсіби шеберлікпен игеру жетіспейді.

Мамандардың көпшілігі жұмыстарын жүрдім-бардым істейді. Полиция да, құрылысшы да, мұғалім де, экономист те өз жұмысын түбіне дейін жасамайды. Егер, әрбір адам өз мамандығына қатысты нормаларды, стандарттарды жаттап алса және содан ауытқымай жұмысын орындайтын болса қоғамның ілгерілеуі байқалатын еді. Әр адамның орындаған жұмысы тап-тұйнақтай болған кезде ғана қоғам дамиды.

Сондықтан, әр адам Әр адам өз жұмысына пысық болсыншы. Біздің қоғамның ең үлкен кемшілігі – өзінің жұмысын жете білмейді, бірақ біреудің жұмысына сын айтуда алдына жан салмауында. Ол сынды орнымен айтса мейлі ғой, орынсыз айтып, жан-жағын тұжырымдауға білім де, мамандығы да сай келмесе де әйтеуір шатпақтап жатады.

Келесі келелі мәселе – бастықтардың қадір қасиеті кемуінде. Біз басқару жүйесінің де әлдеқашан ғылыммен зерттеліп, моделдерге бөлінетінін ұмыт қалдырған сияқтымыз. Бастық болу дегенді біреулердің басына әңгіртаяқ орнату деп қабылдайды жұрттар.

Бастық болу деген тіпті бөлек дүние, ол -шеберлік және жұртқа үлгі бола білетін қабілеттің иесі болу. Ол сый құрметті зорлықпен қинап алуға тиіс емес, жағымпаздардан жылы сөз күтуге тиіс емес, оның басқару қабілетін мойындаған ұжымы өздігінен сый құрмет жасауына ұмтылып тұрады.

Қазақ қоғамының тағы бір келеңсіз көрінісі - сын көтере алмайтын топастарға айналуы. Жақсыны жақсы дейді нұрын тасытуға, жаманды жаман дейді құтын қашыруға, алайда өтірік мақтанның алысқа апармайтыны анық, ал кемшілікті көрмеудің қасіреті одан жаман.

Әлдебіреу сын айтқанда ақылды адам қуануы керек, мені түзейтін бір адам табылды, осы кемшілігімді мен көрмей жүр едім, жанашырлығы үшін рақмет деуге тиісті. Ал, қараңғы адам керісінше түсінеді, «Мына мені басынып тұр, төбеме шығып кетпекші» деп, сын айтқан адамның өзін тұқыртып тастауға тырысады.

Біз таланттарымызды өзіміз тани алмайтын, ал қателіктерімізді түзетуге жарамайтын қоғамға айналып бара жатырмыз. Егер біз сын пікірлерді жақсы қабылдай алсақ, оны кәдемізге жарата алсақ, сонда ғана мықты қоғам бола аламыз.

Қазіргі қоғамдағы толып жатқан кемшіліктерді көрмей, далаға қарай лағып, аспандағы бір бос әңгімелерді іздеу дегеніміз, нағыз зиянды нәрсе

Сондықтан жерге түсейік

Жердегі проблемаларды жіктеп-жіктеп қарайық. Қай жері нормаға сәйкес болмай жатыр, басқа елдерде бұл нәрсені қалай істейді екен. Ойланайық, ортаға салайық. Әркім өз мамандығының маңайында шебер болуға тырысайық.

Сонда біз дұрысталамыз. Ал енді

зауыт-фабрикалардың дұрыстап жұмыс істеуі, жалақылардың жоғары болуы, ондағы қаражаттың тоналмай халықтың игілігіне жұмсауы - осының барлығын халық талап ете алатын жағдайға жетуі керек, саналы түрде.

Біреудің жетегімен, біреудің айтағымен емес, өзі ізденіп біліп, тауып, «Мынау мынадай екен ғой, мынаны айтайық». дейтіндей жағдайға жету керекпіз.

Comments powered by CComment

⚠ Сатылу жайлы...

Рухани сатылу жайында

Басқа түссе баспақшыл болудың да орны, жолы болады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☘ Бейсенбі күні

Бейсенбі күні әруақтарға арнғалған баталарымыз

Бейсенбіның таңында, төргі бөлмені ертерек жиыстыр. Қонақ келетіндей сәнін кіргіз. Көңіл-күйіңді көтер

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

♨ Бейсенбілік бата

Бейсенбіде әруақтарға арнап жеті шелпек тарату

Қазақтар бейсенбіде әруақтарға арнап иіс шығарады, жеті шелпек таратады

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

🌓 Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

****

Атымтай атамыз өмірінде талай мықтымен белдесіп, талай батырды мысы басып, мерейі үстем болған батыр да, ақын кісі болатын

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☀ Уа дүние, мен келдім!

Шуылдақ Шадырманның өлеңдері

Соқаның шаңынан
Аттың дүбірін көрдім

Маңдайдан шыққан қара тер...
Елімнің ертеңін көрдім

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Арқамандық шежіре - генеалогиялық технологиялар әлемі

Қазақы шежіренің түйткілдері

Біздің халыққа Қазақ деген атау беріліп, сол атаумен біраз уақыт өмір сүріп келді. Көп қиындыққа тап болды, нақтысын айтқанда өсіп-өне алмады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

📱 Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Dimensity SoC чипсеті орнатылған Vivo X100 Pro Қытай нарығында бәсекелестерінен асып түсуге жақын

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☕Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Осы жылдың маусым айында таныстырылған Lexus LBX кроссовері Жапон нарығында сатылымға шықты

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

Lazzarini Design Studio Banner
Ferrari  маркасының парақшасы

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?