Құдайсыз қазақ болмас

Соңғы жылдары белең алған семиттік діндердің бізге енгізбек болып жатқан түсініктерін талдап көрейік:
1. Адамды құдай жаратты
2. Мына дүние жалған, нағыз өмір о дүниеде
3. Мына дүние адам үшін жаратылған, адам болса қияметте есеп беру үшін жаратылған
4. Адам баласы құлшылық үшін жаратылған
5. Бүкіл дүниені жаратқан Жаратушыға біз шүкір, мадақ айтуымыз керек

*******************

1. Адамды құдай жаратты деген сұраққа келсек

Нақтылауды талап ететін бір нәрсе бар:

Адамды құдай жаратқанда, адамның қалауымен жаратты ма, жоқ әлде өзі жаратқысы келіп жаратты ма?

Егер, адам баласы құдайға жалбарынып, "мені жаратшы, мені жер бетіне жіберші" деген

талап-арыз бойынша келген деген гипотеза құратын болсақ...

Онда сол талап-арыз бергені неге ешкімнің есінде жоқ?

Неге біздің құдайға жалбарынып, осы дүниеге жолдама ұтып алғанымыз ешқайсымыздың есімізде жоқ?

Молдалар құран хадиске сүйене отырып, Біздің жанымыз аллаға ант беріп, бізді жер бетіне жіберсең, мұсылман боламыз деп серттесіп келген дейді

Сол ант берген жан-рухтардың өзін жаратар кезде сол алла адамның жанынан сұрапты ма?

Сендерді ант беру үшін жаратайын ба деп?..

Болмаса жайылып жүрген, өздігінен бар рухтардан сұрап па?

Сендерді жаратайын ба деп сұрау үшін ол рух саналы болуы керек. Ал саналы болуы үшін ол тірі болуы керек.

Ал тірі элементті өзінің рұқсатынсыз жаратуға тағы болмайды, ал жаратып алып, сені жаратайын ба деп тағы сұрай алмайсың

Енді, уағызшылардың айтуы бойынша алла бізді жаратарда бізден ешқандай нәрсе сұрамаған

Өзі біліп жарата салған. Ал ол тірі жанның өмірге деген құқығын шектеу деген сөз

Жаратылысты өзінің рұқсатынсыз жарата салу, ол тіршілік иесінің шегетін барлық азабына себепкер, айыпты болу

Оның жасаған қылмыстары үшін, өзінің де кінәлі екенін мойындау

Ал молдалар айтып жатыр, құдай пәк деп

Адамды құдай, адамның өз рұқсатымен жаратты десек, сол рұқсатты сұрағаны ешбір адамның есінде жоқ...

Демек, ол вариант жалған боп шығады


Ал адамды құдай, адамның рұқсатынсыз жаратты десек, құдай әділетсіз

Жер жүзіндегі соғыс, аштық, зорлық-зомбылықтың қайнар көзі, құдайдың асығыс қимылынан пайда болған салдар ғана

Олай болса, адамнан барлық жауапкершілікті алып тастау керек...

Ол да ақылға сыймайтын дүние

*******************


2. Мына дүние жалған, нағыз өмір о дүниеде

Айлық алған адамнан, қолыңдағы ақша жалған, нағыз ақша келер айлықта болады...

Мына айлықты маған бере сал деген сөздің нақ өзі

Онсыз да, құдай үшін садақа, ақша жинау, құдай үйін тұрғызу секілді құбылыстар толып кетті

Әрине олардың бірі да қоғам дамуы, табиғат үйлесімі секілді құбылыстарға оң әсерін тигізбейді

****************

Дүние жалған деген сөз, адамның өмірге деген құлшынысын төмендетеді, тіпті жанкешті, лаңкестіктің басы осы дүниені жалған деген ұғымнан бастау алады

Қоғамдық сананың дамуына, табиғи үйлесімнің орын алуына кедергі болатын кертартпа ұстаным

Табиғаттың сырына қанығып, оны зерттеп, оның құпияларын ашқан сайын, адам баласы санасын, тұрмысын, әлеуметтік жағдайын жақсартады

Сол арқылы ұрпақтар сабақтастығына жол ашады

Мына дүние жалған деген паразит ойдан айрылуымыз керек

***

Өмірді өткінші десек, құлаққа енеді. Өткінші өмірді тиімді пайдалану арқылы, рухани даму деңгейін көтеруіміз керек.

Қазақы дүниетаным бойынша Жерұйық орнатуымыз керек. Жерұйық жағдайында ғана адам баласы гармонияға қол жеткізе алады

Өлім хақ деп жүр уағызшылар. Туу бар жерде өлім бар, оған ешкімнің таласы жоқ.

Ақырған арыстан да өтеді, ақырмаған да өтеді. Бірақ, ақыратын дауысың барда, неге ақырмасқа?

Біздің бабаларымыз, өлім хақ деп, артын жуып, тоңқайғанына мәз боп отыра бермеген. Сол өткінші өмірдің өзін тиімді пайдаланып, алып Империялар құрған

Дүние жалған деген елдердің көгергені жоқ

Адам туады, есейеді, қартаяды, өледі

Табиғатта да солай: көктейді, жаз келеді, күз келіп, қыс түседі

Келер жылы тағы айналады

Адамға өмір бір-ақ рет беріледі дегендердің құлағына алтын сырға:

Адам өмірге қажетіне қарай оралады. Оның санын дөп басып, дәл қазір айта алмаймыз

Биыл егін салып үлгірмеген диқан, келер көктемде егін сала алады

Сол секілді, бір өмірінде тындыра алмаған шаруасын, қайта келіп тындыра алады

Жасаған жақсылығы ұрпағына азық боп қалады, жамандық жасаған болса, ұрпағына кесір боп жабысады

Қорытындылай келе: Мына өмір өткінші бола тұра, шынайы өмір

Физика курсынан біз Энергияның сақталу заңын білеміз.

Соған сәйкес, энергия жоқтан пайда болмайды, бардан жоқ болмайды. Тек бір түрден екінші түрге ауысып отырады

Сол секілді мына өмір де жоқтан пайда болған жоқ, бардан жоқ болған жоқ, жоғалып та кетпейді

Тіпті астаң-кестең боп ақырзаман орнағанның өзінде, кеңістіктегі энергия білгілі бір формада сақтала береді

Сәйкес, түрленіп өмірдің жаңа формалары пайда бола береді...

Қысқасы: Мына өмір жалған емес - өткінші, ал жасаған жақсылығың - мәңгі

-------------------------------------------

3. Қазақы дүниетанымда о дүниеде есеп беру деген атымен жоқ

Көресіңді көрмей, көрге кірмейсің деген. О не деген сөз?

Ол, жасаған иттігіңнің сазайын осы дүниеде тартасың деген сөз
Ал артылып қалса, ұрпағыңа қарғыс боп қалады

Сол ғана, өте қарапайым

Есептескен ел болмас деген қазақ

Арап идеологиясы болса, әрбір сәлем бергеніңе 10 сауап, асырып берсең 20,30 деп есепке көшеді

Ондай есептескендер ел болмайды.

Бересің бе, есепсіз бер, бердің бе - есептеспе

Есептескен ел болмас деп атамыз біліп айтқан

Жасаған ісіңнің есесі, ат қазығын айналып келгенше алдыңнан шығады деген қазақпыз

Қысқасын айтқанда, біз жасаған жақсылығымызды ана дүниеде сауап хор қызын құшамыз деп емес, осы дүниеде Жерұйық орнатамыз дегенбіз

***


4. Адам баласы құлшылық үшін жаратылған

Құл иеленуші деген кім?

Ол өзге адамдарды тұтқындап, немесе құл базардан сатып алып, соларға үкім жүргізіп отыратын адам

Ол құлды неге сатып алады?

Өйткені оның тірлігін жасайтын жұмыс күші жетіспейді. Құлды арзанға сатып алып, өмір бойы еңбек күшін пайдаланады.

Еркек жалдамалы жұмысшыға ай сайын 150 000 айлық беру керек болса, құлды бір рет сатып алсаңыз, өмір бойы пайдаланасыз

Ақшаңызды кемінде 10 есе шығарып аласыз... Ақша үнемдейсіз


Ал әйел күңдерді жыныстық құмарын басу үшін, үй шаруасын жасату үшін алады

Кезінде сахабалар деген адамдар, әйелдерді күң базардан төсін умаждап тексеріп, аналық органының жағдайын саусағымен тексеріп барып алатын болған...

***

Қазіргі кезде, қалыңмалымен, құда түсіп алатын қыздың шығыны 3-4 миллион болса, күңді 500 мыңға ала саласыз...

Енді сұрақ:

Біз құдайға құлмыз десек, онда Құдай құл иеленуші боп шығады

Құл иеленушінің өзі құлдарын екі мақсатқа пайдаланады:

Біріншісі: ақысыз еңбек еткізу

Екіншісі: жыныстық құмарын қандыру

Құлшылық қылған құдайыңызды осының қайсысына жатқызасыз?

 

5. Бүкіл дүниені жаратқан Жаратушыға біз шүкір, мадақ айтуымыз керек

Мына дүниені жаратарда құдай менен, сіз бен бізден рұқсат сұрады ма?

Біз оған аспан мен жерді, теңіз бен көлді жаратшы деп жалбарындық па?

Менің олай дегенім есімде жоқ. Естеріңізде болса айтарсыздар

Құдай жаратты жер-көкті, жұлдыз бен тауларды, мұхит сулары мен ондағы жандыны дейді

Жаратқан соң шаршап қалыпты ма?

Шаршап қалса біз оған тамақ-шай қойып беруіміз керек пе? Төсек салып...

Аа, құдай шаршамай ма?

Құдайға аспан мен жерді жарату түкке тұрмайды екен...

Олай болса неге оп-оңай жұмысты бұлдап, сөз қылып отыр?

Неге мен жараттым, мен жоқтан бар еттім деп көкірегін соға береді

Құран мен хадисте оған дәлел жеткілікті

Неге бұлдай береді бізге істегенін?

Жалпы былай ғой, Есептескен ел болмас дейді атам қазақ


Құдай адаммен есептесіп береке табам деп отыр ма?

Істедің бе, ел игілігі үшін - Міндетсінбе

Міндетсінесің бе? Қайта жиыстырып ала қой

Қарсы емеспін

Көк пен жерді қайта жоқ қып жібере салсын

Өйтіп кісіге кіріптар боп күнелткенше, тиыш отырайық...


Енді онан сорақысы басталады:

Құдайға мадақ айтам дегендер...

Негізі надан кісі даңғаза, мақтаусүйер боп келеді

Яғни, біздің құдайымыз мақтаусүйер даңғой болып отыр

Ал сондай даңғаза мадақсүйер құдай, Табиғаттың керемет үйлесімді жүйесін жасап шығарды деген санаға қалай қонады?

Құдай жасаған болса, мақтаусүйер емес, мақтаусүйер болса, жаратқан мен жасаған ол емес

Өйткені, нағыз данышпан кез-келген мадақ, мақтан, даңғазадан бойын аулақ ұстайды

***

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Адам баласы үздіксіз тіршіліктің шығырын айналдыру үшін жүрген бір жаратылыс

Адам рухани дамып, ұрпағына білім, тәрбие беріп, өзінің орынбасары етіп қалдырады

 

 


Жер мен көкті кім жаратты?

Біз айнала қоршаған ортадан көріп отырғанымыз, жаратылыстың белгілі заңмен

айналатыны, қозғалатыны, ауысатыны, жалпы алғанда бір жүйеге бағынатындығы

Бағындырып жүрген жүйенің атын не десек болады?

Біз оның атын іздемес бұрын, оның принциптерін бақылап көрейік

Жанды және жансыз табиғат үшін негізгі екі принцип орын алған

1. Жансыз табиғат үшін жаңару принципі

2. Жанды табиғат үшін көбею принципі

----------------------------------

Жаңару принципі деп нені түсінеміз?

Күннің нұры, жаңартушы
Соққан жел, жауған қар, дауыл, боран табиғатты жаңартушы

Аққан су, бұлақ, сел-тасқын, тайфун, цунами, вулкан...

Бұл құбылыстың барлығы да табиғатты жаңартуға қызмет қылады

Жансыз табиғаттың алгоритмі жаңаруға бағытталған

Күтімсіз қалған ғимараттар, жолдар, көпірлер, машина, құрылғы және басқалары

ашық аспан астында тозуға ұшырайды

Адам баласы үшін тозу деп саналатын процестер, шын мәнінде табиғаттың жаңару принципіне сай

әрекет жасайды

Яғни, табиғат жаңа өмір алып келу үшін үнемі жаңарып отырады

*****************************

Ал екінші жанды табиғат үшін көбею принципі дегеніміз не?

Жаны бар тіршілік иесінің барлығына көбею алгоритмі салынған

Ол не деген сөз?

Ол дегеніңіз, жаңарған табиғаттан қуат алып отырған тірі ағзалар белгілі бір мерзімде

көбеюге кіріседі

Өзінен туған ұрпақты асырайды, бағады, жетілдіреді. Өзінің тіршіліктегі орнына тастап кетеді

Көбеюге ұмтыла отырып, басқа түрлермен қоректенеді,

яғин, қасқырдың қойды, акуланың балықты жегендегі мақсаты, өз түрінің, өз ұрпағының

жер бетінде тұрақтап қалуына жағдай жасауға ұмтылуы

Ал жыртқышқа жемтік болған шөпқоректі тіршілік иелері, өз кезегінде жаңарған табиғаттың

өнімдерін жей бастайды

Яғни, табиғаттағы өлім дегеніңіз, көбеюге ұмтылыстың ажырамас бөлігі болып табылады

Қасқыр өсіп-өнуі үшін қой өлуі керек, ал қой өлмесе, жер тақырланып, жайылым эррозияға ұшырайды

Табиғаттың жаңарып, көбейіп отыруы үшін өлім керек.

Табиғаттағы жануарлар уақтылы өліп, оның орнына жаңа тіршілік келіп отырмаса, табиғи тепе-теңдік

бұзылады

Шын мәнінде, жансыз табиғат деген ұғымның өзі салыстырмалы дүние, жаңа ғылыми зерттеулерге,

ата-бабамыздан қалған білімді зерделейтін болсақ, табиғаттың өлісі жоқ екенін байқаймыз...

Ол өз алдына үлкен тақырып

***

Сол үшін, табиғат тепе-теңдігі мен қоғам дамуы үшін, ел дамуы үшін келелі мәселелерде

өлімнің орын алуы қалыпты құбылыс

Кешегі Желтоқсанда қан төгілмегенде, қазіргі қазақ санасы сілкінбес еді

Өз позицияларын ұстайтын адамдардың табандылығы кейде өлімге алып келеді

Ал ол өлімнің өзі қоғамдық сананың сілкінуіне себеп боп жатады...

Енді өлім мәселесіне келсек...

Өлімнен кейінгі адамның жай-күйі қалай болатынын түсіндіретін, сан-саққа

тартатын гипотезалар жеткілікті

Алайда, олардың ешқайсысы тікелей де, жанама дәлелдер де келтіре алмайды

Тек, бір-бірінің сөздерін қоштап,бірінің айтқанын екіншісі растап қана отырған алаяқтар

Кейбір аферист элементтер өздерінің мақсаттарына жету үшін, өздеріне жалған функциялар

ала бастайды:

Біздің айтқанымызды істесең, сенің ана дүниедегі жағдайыңды жақсартуға атсалысамыз,

біздің идеологиямызды қолдап, қаражат бөліп отырсаң, біз көрсетке жоралғыларды

жасасаң, ана дүниеде маңдайың жарық болады деген алаяқтық

О дүниеге барып келген ешкім жоқ, ал біздің айтқанымыз Заң деп үйрететін

ондайлардың сөзін адам санасын улай деп қана айтуға болады

Ондай элементтердің өздеріне алып отырған жалған функциясы дегеніміз - өзіне тиесілі емес,

қатысы жоқ қызметті иемденіп, адамдардың санасына

өлім қорқынышы, өлімнен кейінгі азапталу секілді ертегілерді айтып, өздерінің геосаяси мүдделерін

іске асыру


718 жылы Сүлік қағаннан жақсылап таяқты жеген араб идеологиясы у ағызып, адамдарды алдап келе

жатқанына 1000 жыл шамалап та қалды...


Сондықтан да, адамды өліммен қорқыту, өлімнен соңғы халіңіз мүшкіл болады деп адам санасында үрей

туғызуға тырысу, ол адам санасын зомбиландырып, өз дегеніне көндірем деген топтардың жоспары ғана

Сол арқылы өздерінің геосаяси мүддесі - территория мен сол жердегі елдерге құлдық қамытын кигізу ғана

***

Ендігі жерде, біз, табиғаттан тәлім, тәрбие, білім аламыз десек, өлімді қорқынышты процесс ретінде

қарастыруды доғаруымыз керек

Өлім - өмірдің жалғасуы үшін керекті, ажырамас элемент. Өлім арқылы бәрін қайта бастау, өз қатеңді

түзету мүмкіндігіне ие боласың

Өлім - адам санасын сілкіп, адам өміріне басқаша динамика береді

Өлім - динамикасы нашарлап қалған адамдардың өмірден кетіп, орнына динамикасы күштірек ұрпақтың,

ұлттың келіп, кеткеннің орнын бастыратын элемент қана.

Динамиканың анықтамасын бере кетейін - объектілердің, қандай да бір нысандардың белгілі бір үдеумен,

кеңістік-уақыт континуумында қозғалысы

Ал қозғалыс, өмірдің негізі екендігі белгілі

Қозғалыс арқылы өмір жаңарады, түрленеді, дамиды, сарғайып солады


Мұның бәрі қозғалыс, бәрі де өмір

Өмір дегеніміз - динамика

Динамикасы азайған тіршілік иесі, жан иесі өлім арқылы мына өмірдің қозғалысынан шығып қала береді

де, динамикасы жоғары тіршілік оның орнына келе береді

Мысалы: қартайған, ауыру бұғы қасқырға оңай жемтік боп, бұғылар үйірі динамикасы азайған өкілдерінен

азая береді. Динамикасы жоғары өкілдер жаңа буын ұрпақты дүниеге әкелгенде күшті,

толыққандысын әкеледі.

Бұдан көрініп тұрғандай, өлім дегеніңіздің өзі, тіршілікті айналдыруға керекті ажырамас элемент.

Өлімнен трагедия немесе мейрам жасаудың қажеті жоқ

Сатқындықпен болған өлім, қартайған өлім, ауырған өлім, қыршынынан қиылған өлім... барлығы да

динамиканың ағысына ілесе алмағандықтан болады

Адамға сатқындық жасаған болса, онда сен жеткілікті дәрежеде қырағы болмағансың деген сөз

Ал сатқындық жасаған адамға жасағаны басына келетіні де өмір заңы...

Ауру дегеніңіз де өмірлік динамиканың азаюы, егер динамика азая беретін болса, онда өмір тоқтайды

Өмірдің тоқтауы дегеніміз - белгілі бір денедегі тіршіліктің тоқтауы

Ол денедегі тіршілік тоқтағанмен, тіршілік басқа жақтан өсіп дами береді

--------------------------------------------------------------------------------

Құдайға қайта оралсақ...

Адамның жер бетіне келу үдерісі қалай?

Адам жер бетіне өз еркімен келді ме?

Жоқ адам жер бетіне еркінен тыс келді ме?

Жалпы алғанда, мәжбүрлеу, еркінен тыс әрекетке итермелеу құдайға тән қасиет емес

Адам түсінігінде, мына дүниеде заң, ережеге байланысты адамдарды күштеп бұйрықты орындату

болады

Орындамағанды қамайды, жазалайды және сол секілді шаралар қолданады


Ал құдайдың ісінде зорлау, күштеу, міндеттеу болуы мүмкін емес

Өйткені ол біздің санамыздан ерек категория

Олай болса, жер бетіндегі адамзат, табиғат, бүкіл жаратылыс жер бетінде өз еркімен жүр

Құдай жаратты десек, ол жаратылыстың еркімен Жаратуы керек

Мысалы: бұғының бұғы болып жаратылуы әу бастағы бұғының қалауымен болуы керек

Ал егер, бұғы болып жаратылуды жан иесі қаламаса, ал құдай оны бұғы қылып жаратса,

ондай бұғыны қасқыр жегенде, бұғы жемтік боп қалады. Зәбір көруші болып саналады.

Сонда құдайдың өзі зәбірлеуші боп шығады. Ал бұл құдайлық принципке сай келмейді

***

Сондықтан, адамзаттың барлығы жер бетіне өз еркімен келген болуы керек

Адам жерге өз еркімен келген жоқ десек, онда құдай адамды зорлап, мәжбүрлеп жерге

жіберді, сәйкесінше құдай - қиянатшыл...

Ал құдайлық табиғатқа қиянат тән емес десек, біз неге жер бетіне келдік?

Біреулер құлшылық жасау үшін дейді

Бұл теория ешқандай сын көтермейді, өйткені, миллиардтаған періште мадақтап, ұлықтап,

құлшылық жасап жатқан араптың құдайы тағы да 7 млрд құлды не етпекші?

Құлға тоймайтын құл иеленуші боп отыр...

***

Одан қалды: Құранда: "Адам мен жынды өзіме құлшылық қылу үшін жараттым" делінген

Яғни, құдай адамнан "Жаратайын ба, жоқ па? Сені жаратсам қарсы емессің бе?"

деп бізден рұқсат алмаған

Өзі ойына келіп, даңғазалығы ұстап жарата салған

Мен осы дүниеге талап-арыз жазып, өз еркіммен келдім деп бірде-бір адам айта алмайды

Атамның спермасы боп тұрған кезімде, әкеме арыз жазып жүріп, анамның жұмыртқаклеткасын

үгіттеп жүріп

 


Мысал келтіре кетейін:

Біздің қазақтан

 

 


Құдай бар ма, жоқ па?

 


Адам құдайға не үшін жалбарады?

Өзінің қолынан келмегенге құдай көмектеседі деп ойлайды

Шын мәнінде құдайға жалбарыну технологияның артта қалудың ғана кесірі

Мысалы:

Әскердегі баласын, сапардағы отағасын уайымдаған ана не істейді?

Ол үйде отырып солардың жағдайы не боп жатыр екен?

Құдай, солардан бір жақсы хабар бергізші деп баяғыда сарыуайымға салынып, хабар күтетін болған.

Ал қазір ше, смартфонды аласыз да, телефон шала қоясыз.

Құдайға жалбарынудың түк қажеті жоқ

Мысалы соқырішектен қайтыс болатын адамдар саны көп болған, соқырішек болғандар құдайға жалбарып,

құдай да көмектесе алмай, қайтыс болатын болған

Ал қазіргі медицинаның жетістігенде, соқырішек деген қарапайым операциялардың бірі...

Соқырішек болған адамның құдайға жалбарынуға қажеті шамалы

***

Маған жалбармадың деп, адамды жазалайтын құдай, ол құдай емес, ол сайтанның нағыз өзі

***

Адам құдайға не үшін жалбарады?

***

Ана дүниеге барғанда, алдымнан жарылқасын, алдым жарық болсын деп жалбарады

Ана дүниеге барғанда маңдайы жарық болатын дайын технология бар ма, жоқ па?

Әрине бар

Ол, табиғатпен, айнала қоғаммен, үйлесім таба отырып, елдің дамуына үлес қосу

Өмірдің диірменін айналдыруға қатынасу

Ар мен ожданды ойлап, таза жүру, таза тұру

Құдайдың заңының өзі осы

Ал, құдайдың заңын бұза отырып, құдайға жалбарып кешірім, береке тілеп алам деу,

нағыз монтаны адамның тірлігі

***

Дені сау адам құдайға жүгінбейді, әуелі санасына, сосын әруағына жүгінеді.

Тылсым сырына қанығам десең, түпсанамен байланысып ғаламдық энергияға ұласам десең,

әруағыңа сыйын. Туралықтан тайма.

Сол кезде, бүкіл ғалам саған жақ болады, тіпті кеудеңнан жан шығып кетсе де, ақ өліммен

өлесің

Ал ар заңы мен обал, кие заңын бұзатын болсаң, ешқандай жалбарыну, садақа беру,

құдайды паралаймын деген жемқор пиғыл, көмектеспейді


***

Танысаң адаймын, танымасаң құдайыңмын деген сөз қазақтың құдайға деген көзқарасының бірі

Яғни, менде құдырет-күш бар, мені танысаң бейбіт өмір сүресің, маған қарсы келсең,

әкеңді танытам деген сөз


***

Тағы мысал: Кішкентай балалар ойнап, шаттанып жүрсе, "Құдайларың беріп қалыпты" деп жатады

Құдайымыз беріп қалды демейді, "Құдайларың"... бұл нені білдіреді

Бұл аспандағы бір құдай ма әлде әр адамның өз құдайы ма?

Бәлен жерге артымнан бір құдай сүйреп, алдымнан бір құдай жетектесе де бармаспын дейді

Қазақ үшін құдайды бірлеу маңызды болмаған, маңыздысы елдің бірлігі болған


Мені бір деп айтпадың деп жазалаймын деген құдай жоқ

***

Құдайдың ала танасын ұрлаппын ба, құдай көгін билесін, жеріме менің тимесін деген қазақ бар...

Яғни, менің құдайда шаруам жоқ, оның менде шаруасы болмасын деген қазақпыз

әркім өз әруағына сыйынады, өз әруағынан медет тілейді, тәңіріне табынады

***

Тәңірге табыну дегеннің өзі, істейтін істі дұрыс жасаудың ретін табуға жәрдем

тылсымнан болса деген ой. Тылсымнан жол көрсетсе, әруақ өзі әрі қарай демеп жіберсе,

адам өз қуатымен алып шығады.


***

Яғни, Тәңір-құдайдың адамның жолын ашу, адамды ұшпаққа жеткізу, кешірім жасау, алғысын қабылдау

секілді функциялары жоқ

Тәңір жарылқасын деген сөз - санаңа бағыт берсін, қалғанын өзің алып шығасың деген сөз

***

Адамның ақылы мен қайраты екі жақтан алып шығады, әруағы демейді, жебейді...


***

Құдай деген сөз жоғарыда келтірген мысал бойынша, қазақтың ұғымында күш иесі

Кім күшті болса, сол құдай

Мысалы: Біздің қолымыздағы бүкіл смартфондар Андроид немесе iOs операциялық жүйелерімен

жұмыс жасайды

Егер де, АҚШ басшылығы біздің смартфондарды өшіріп тастауға шешім қабылдаса, ол өшеді.
Біздің мешітке барып садақа тастағанымыз, намаз оқығанымыз, жалбарып дұғада болғанымыз

, түкке пайда бермейді


Құдай қаласа ашылады деп, өз-өзімізді алдаудың қажеті жоқ
Ешқандай құдай бізге жәрдем бермейді, егер АҚШ басшылығы басқалай шешім қабылдамаса

Олар аштырамыз деп шешім қабылдаса, ол да өз мүдделері үшін ашады

Оны біздің жалбарғанымыз бен дұғамыз пайдасын берді деп өзіңді гипноздаудың қажеті жоқ


***

Құдай дегеніміз, технологияның иесі

Біз қылышпен жүргенде, мылтық зеңбірекпен келген әскерлер бізді баудай қырды, одан қалды бір-бірімізге

айдап салды

Сондықтан, білім мен ғылымы дамыған елдер құдай ролінде болады, ал ғылым білімсіз елдер, құл болады

Ол өмір заңы

Ал енді, өмір жалған, бұл дүниені кәпірлерге сынаққа берді дегендерге айтарым

Өз қолыңнан тірлік жасау келмегеннен соң, ең дұрысы жылы жауып, кәпірлерге уақытша берілген

деп адамдарды алдай салу ғана


***

Еңбек еткен адам әрқашан қуаныш табады, жаттығу жасаған адам, қан жүгіріп - денсаулығы

жақсарады

Оны құдайға жабудың қажеті жоқ, өйткені ол жаратылыс принциптері немесе ережесі

***

Comments powered by CComment

⚠ Сатылу жайлы...

Рухани сатылу жайында

Басқа түссе баспақшыл болудың да орны, жолы болады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☘ Бейсенбі күні

Бейсенбі күні әруақтарға арнғалған баталарымыз

Бейсенбіның таңында, төргі бөлмені ертерек жиыстыр. Қонақ келетіндей сәнін кіргіз. Көңіл-күйіңді көтер

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

♨ Бейсенбілік бата

Бейсенбіде әруақтарға арнап жеті шелпек тарату

Қазақтар бейсенбіде әруақтарға арнап иіс шығарады, жеті шелпек таратады

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

🌓 Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

****

Атымтай атамыз өмірінде талай мықтымен белдесіп, талай батырды мысы басып, мерейі үстем болған батыр да, ақын кісі болатын

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☀ Уа дүние, мен келдім!

Шуылдақ Шадырманның өлеңдері

Соқаның шаңынан
Аттың дүбірін көрдім

Маңдайдан шыққан қара тер...
Елімнің ертеңін көрдім

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Арқамандық шежіре - генеалогиялық технологиялар әлемі

Қазақы шежіренің түйткілдері

Біздің халыққа Қазақ деген атау беріліп, сол атаумен біраз уақыт өмір сүріп келді. Көп қиындыққа тап болды, нақтысын айтқанда өсіп-өне алмады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

📱 Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Dimensity SoC чипсеті орнатылған Vivo X100 Pro Қытай нарығында бәсекелестерінен асып түсуге жақын

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☕Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Осы жылдың маусым айында таныстырылған Lexus LBX кроссовері Жапон нарығында сатылымға шықты

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

Lazzarini Design Studio Banner
Ferrari  маркасының парақшасы

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?