Нанға құрмет...

1919-1921 жылдар арасында, 1931-1933 жылдар арасындағы екі толқын қолдан жасалған ашаршылық, жұттың кесірінен 4.5 -5 млн қазақ өлді.

Қынадай қырылып, кең дала өліктен көз ашпастай болды.

Балалар, ересектер, шал-кемпірлер.

Құдайға жалбарғаны бар, жылағаны бар, бас амандығы үшін деп садақа бергендері бар... қойшы бәрі кетті.

***

Қазақ нанға аса құрмет көрсететін халық.

Бірақ ашаршылықтан 5 млн адам АШТАН өліп кетеді.

Нанның киесі соларды неге сақтамады?

Сол қазақтар нанды теуіп жүрген қазақтар ма еді?

Жоқ, нанды қастерлейтін қазақ еді.

Жұт келмесін, нәубет болмасын, үзім нанға зар болып қалмайын деп нанды құрметтейді.

Сөйте тұра бір үзім нанға зар болып, аштан өледі.

Неге?

***

Нанды құрметтеу жұттан, ашаршылықтан сақтамайды ма?

Сақтамайды.

Ел жұттан, жоқшылықтан аман болуы үшін, ауызбірлікті болуы керек.

Ауызбірлік болмады екен, қырылғаның қырылған, өлгенің өлген.

***

Сонда неге 6,5 млн. қазақтың 4.5 -5 млн қырылып қалады? "Ризық беруші" құдай неге ризық бермей қойды?

Өйткені, қазақ ауызбірлік жасай алмады.

Ауызбірлік жасағандар, Сталин бастап, Голощекин қостағандар қазақты қынадай қырып салды.

Сол кезде құдай қайда қарады?

Бұдан шығатын қорытынды, егер ауызбірлік болмаса, нанға құрмет жасағаныңның да, тілек тілегеніңнің де құны көк тиын.

Қала берді дұға, тілек, құлшылық дегеніңнің бәрі ауызбірліктің алдында түкке тұрмайды.

***

Күн суықта тоңсаң, неге дұға, тілекпен жылынып жүре бермейсің?

Қалың киінесің.

Сол секілді, елім өссін, өнсін десең ауызбірлікке кел. Ал сұрадым, тіледім, дұға қылдым дегеннің бәрі далбаса.

***

Дүниеде ұлт үшін маңызды нәрсе - ауызбірлік. Ол болмаса ұлт жойылады.

Егер қазақ елі ауызбірлік жасай алмаса, онда кешегі Сталиннің ашаршылығы ойыншық болып қалады...

Ешкім ештеңеге жауап бермейді.

Жыртқыштар жемтікті жей береді. Қасқырдан қойды жепсің деп кім сұрайды?

***

Қазақ, өзіңді-өзің сақтамасаң, сені ешкім сақтамайды.

Өз тағдырың өзіңе керек болмаса, басқа не қылсын?

Құдайдан сұрап алам деп әуре болма.

Құдай былай дейді:

"Ауызбірлік жаса да, өзіңді-өзің сақтай бер. Ауызбірлік жасай алмасаң өле бер"

***

Құдайдың нақ солай айтқанына тарих куә.

Тарих қайталанады


 

Comments powered by CComment

⚠ Сатылу жайлы...

Рухани сатылу жайында

Басқа түссе баспақшыл болудың да орны, жолы болады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☘ Бейсенбі күні

Бейсенбі күні әруақтарға арнғалған баталарымыз

Бейсенбіның таңында, төргі бөлмені ертерек жиыстыр. Қонақ келетіндей сәнін кіргіз. Көңіл-күйіңді көтер

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

♨ Бейсенбілік бата

Бейсенбіде әруақтарға арнап жеті шелпек тарату

Қазақтар бейсенбіде әруақтарға арнап иіс шығарады, жеті шелпек таратады

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

🌓 Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

****

Атымтай атамыз өмірінде талай мықтымен белдесіп, талай батырды мысы басып, мерейі үстем болған батыр да, ақын кісі болатын

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☀ Уа дүние, мен келдім!

Шуылдақ Шадырманның өлеңдері

Соқаның шаңынан
Аттың дүбірін көрдім

Маңдайдан шыққан қара тер...
Елімнің ертеңін көрдім

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Арқамандық шежіре - генеалогиялық технологиялар әлемі

Қазақы шежіренің түйткілдері

Біздің халыққа Қазақ деген атау беріліп, сол атаумен біраз уақыт өмір сүріп келді. Көп қиындыққа тап болды, нақтысын айтқанда өсіп-өне алмады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

📱 Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Dimensity SoC чипсеті орнатылған Vivo X100 Pro Қытай нарығында бәсекелестерінен асып түсуге жақын

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☕Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Осы жылдың маусым айында таныстырылған Lexus LBX кроссовері Жапон нарығында сатылымға шықты

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

Lazzarini Design Studio Banner
Ferrari  маркасының парақшасы

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?