Біз жаңа әлем құрамыз

Жаратылыс кереметі:

Жаратушы адамды жаратты (эволюция десеңіз де, Тәңір, Құдай, Алла, Бог десеңіз де бәрібір).

Бастысы жаратылу - қалыптасу процесі орын алды, адамға берілген үлкен қасиет, ол - өзінен ақылы асқан жаратылыс жасай алады. Яғни туғыза алады, туа алады.

Оған тәрбие мен білім беріп, өзінен ғылымы асқан тұлға етіп шығара алады.

Басты сұрақ мынау: Адам жер бетін толық игеретін, үйлесімді дамитын роботтар жүйесін - жасанды сананы жасап шыға ала ма?

Болмаса кейбір процестерге өзі үнемі араласпаса, болмай ма?

Бізде жаратушылық шектеу бар ма? Шектеу жоқ болса, жасанды сана жер жүзіне толық билік жүргізе ала ма?

Егер жасанды сана жер бетін үйлесімді етіп сақтай алатын деңгейге жетсе, бізге басқа әлемге өтетін мүмкіндік ашыла ма?..

Ал егер шектеу бар болса, ол шектеу қай жерде орнатылған?

***

Өмір өсу-өну, көбеюге құралған. Өсу-өну, көбею арқылы әлем теңгеріліп тұр.

Қандай да бір себеппен өсу-өну жүйесіне орны толмас зақым келер болса, бағдарлама қайта жүктеледі.

Тіршілік атаулы бір сәтте жойылып, жаңа жүйе орнайды.

Оны біздің ата-бабамыз жақсы білген.

Ұят болады, жаман болады, обал болады.

Осы ережемен қоғамдық, табиғи үйлесімділікті таба білген.

Ал осы үш қағидатты ұмытқан қоғам, өзіне-өзі көр қазады.

***

Негізі былай, осы үш қағидатқа қайшы келмейтін кез-келген әрекетті жасай бер.

***

Бірақ, осы үш қағидатты аттайтын болсаң, өзіңнің, ұрпағыңның тіршілік ету қабілетіне балта шабасың.

Ол қалай болады дейсің бе?

Мысал: мыңжылдықтар бұрын өлген мамонттың асқазанынан қорытылмаған қылқанжапырақты ағаштың бұтағы табылады.

Асқазан сөлдері жапырақтарын ыдыратпай тұрып, мамонт өліп кеткен.

Яғни, мамонт алапат суықтан қатып өлген уақыты, бас-аяғы жарты сағаттың ішінде болған...

Ғалымдардың айтуынша, жер бетіндегі температура жарты сағаттың ішінде -100 град. Цельсийге төмендеген.

***

Бұл қысқаша тарихи экскурс еді.

Тақырыпқа оралсақ:

- Адамнан ұят болатын нәрсені жасасаң

- Ұрпағыңа және өзіңе жаман болатын әрекетке барсаң

- Табиғатқа обал болатын нәрсені жасасаң мамонт, динозаврлардың артынан түп-тұқияныңмен кете барасың дағы.

***

Болмаса мамонттың не жазығы бар дейсің, адамдар осы үш қағиданы ұмытпасын деп, тәңірі ескерту беріп қойды.

Бұл үш қағиданы ұмытпау үшін бізге басқару бағдарламасы берілді:

Тіршілік дұрыс жалғасуы үшін адамның ішкі әлемінде төрт жүйе бар:

1. Сана
2. Ождан
3. Ар
4. Намыс

***

1. Сана - адамның барлық іс-әрекетін басқару, талдау, сынау,бағалау, түйсік секілді қызметтерді атқарады.
Бүкіл іс-әрекет жүйесін (төмендегі жүйелерді) басқарады. Жоғарғы басқару жүйесі.

2. Ождан - Таразылаушы. Санадан бекітілген ережелердің орындалуын қадағалаушы. Олардың өміршеңдігін саралаушы.

Жоғарғы сот қызметі секілді.

3. Ар - Онлайн режимінде негізгі ережелер мен ұстанымдардың орындалуын, сақталуын қамтамасыз етуші. Атқарушы билік секілді.

4. Намыс - ережелер мен ұстанымдардың бұзылмауын қадағалайды, сыртқы күштердің кері әсерін тоқтатады.

***

Тіршілікті жалғастыру - қасиетті іс. Ата мен ананың жақындасуында да көп сыр бар...

***

Қоғаммен байланыста екі жүйе:

1. Тіл - адам жер бетіне келгеннен бастап, табиғатты, жаратылысты, Теңгерушіні танып, ой дамытқан жүйесі.
Ол жүйеден айырылса тіршілік тоқтайды. Соңында адамзат бір тілге келетін болса, адам дамуы, қоғам, ғылым,
білім тоқтайды, тоқырайды. Сондықтан жер бетіндегі адамдар ұлт пен ұлыстарға бөлінген.

Жалғыз тіл әлемнің дамуы, табиғат сырларының ашылуына жеткілікті бола алмайды. Ұлттар, тілдер бәсекелеспеген кезде, даму болмайды.

2. Діл - белгілі бір ұлттың жинаған тарихи, мәдени, рухани танымының, әдет-ғұрпының, басынан өткерген тәжірибесінің
жиынтығы.

***

Ал осының барлығының басын біріктіретін бір қасиетті процесс бар. Оның аты Ізденіс.

Ізденіс болса, жоғарыдағы жүйелерді қалпына келтіріп алуға болады.

Ал ізденіс болмаса, барлық жүйе күйрейді.

***

Діл жайында.


Ділді ысырып тастай саламын деу, өз тамырынан қол үзіп, шексіз кеңістікте адасу деген. Жұлдызсыз аспанда,

шексіз мұхитта жол таба алмайтының секілді, ділсіз адам баласы дами алмайды.

Материалдық ғылым дамып, қарын тоқ, көйлек көк болуы мүмкін. Бірақ әрі кетсе 100 жылда ондай қоғам құрып бітеді.

Өйткені бала туу, оны бағып-қағу, тәрбиелеп, өзінің жинаған тәжірибесін беру, тоқтаса немесе критикалық

мөлшерде тым азайса, әлемнің жүйелік бағдарламасы қайта жүктеліп, алдымен тіршілік жойылады,

сонан соң жаңа тіршілік иесі келеді.

Ал адамның орнына қандай жаратылыс келетіні бізге беймәлім.

***

Қорытынды:

Қазақ атамыздың адам тіршілігіне қажет деп тапқан ең маңызды жүйесі:
1. Ізденіс.

Адамдағы ішкі төрт жүйе:
1. Сана
2. Ождан
3. Ар
4. Намыс

Сыртпен қарым-қатынас жасайтын екі жүйе:
1. Тіл
2. Діл

Теңгеріп отыратын үш ереже.
1. Ұят болады
2. Жаман болады
3. Обал болады

Барлығын қосқанда 10 болды. Он саусағыңа қарап, бүкіл өміріңді реттеп аласың.

 


 Әлеуметтік желілерде бірге болайық:

https://twitter.com/NHLOJKbpQBGHOec  Twitter парақшам

https://www.instagram.com/shuyldaqshadyrman/  - Instagram парақшам

https://www.facebook.com/profile.php?id=100050346787344  - Facebook парақшам

https://www.youtube.com/user/Mukhtar2011  - Youtube каналым

https://vk.com/mukhtar_shadyrman  - ВК парақшам 

Comments powered by CComment

⚠ Сатылу жайлы...

Рухани сатылу жайында

Басқа түссе баспақшыл болудың да орны, жолы болады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☘ Бейсенбі күні

Бейсенбі күні әруақтарға арнғалған баталарымыз

Бейсенбіның таңында, төргі бөлмені ертерек жиыстыр. Қонақ келетіндей сәнін кіргіз. Көңіл-күйіңді көтер

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

♨ Бейсенбілік бата

Бейсенбіде әруақтарға арнап жеті шелпек тарату

Қазақтар бейсенбіде әруақтарға арнап иіс шығарады, жеті шелпек таратады

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

🌓 Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

****

Атымтай атамыз өмірінде талай мықтымен белдесіп, талай батырды мысы басып, мерейі үстем болған батыр да, ақын кісі болатын

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☀ Уа дүние, мен келдім!

Шуылдақ Шадырманның өлеңдері

Соқаның шаңынан
Аттың дүбірін көрдім

Маңдайдан шыққан қара тер...
Елімнің ертеңін көрдім

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Арқамандық шежіре - генеалогиялық технологиялар әлемі

Қазақы шежіренің түйткілдері

Біздің халыққа Қазақ деген атау беріліп, сол атаумен біраз уақыт өмір сүріп келді. Көп қиындыққа тап болды, нақтысын айтқанда өсіп-өне алмады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

📱 Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Dimensity SoC чипсеті орнатылған Vivo X100 Pro Қытай нарығында бәсекелестерінен асып түсуге жақын

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☕Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Осы жылдың маусым айында таныстырылған Lexus LBX кроссовері Жапон нарығында сатылымға шықты

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

Lazzarini Design Studio Banner
Ferrari  маркасының парақшасы

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?