Шуылдақ Шадырман. Отбасы құндылығы жайлы

Армысыздар ағайын?

Есен-аман бармысыздар?

Шуылдақ Шадырман Өздеріңізбен ой бөліседі

Мынау, отбасы құндылығы деген нәрсе, қазақтың әу бастағы негізгі тірегі болып келеді.

Кейбір азаматтар, мұсылмандықтың келуімен, қазақта ажырасу жойылады дейді, алайда олай емес. Араптарда қатынды талақ етіп жібере салу деген нәрсе бар, ал қазақта ше? 

Атың жаман болса сатып құтыласың, қатының жаман болса қайтып құтыласың деген?

Осыдан-ақ, қазақ қоғамында ажырасу деген нәрсенің тіпті болмағанын байқаймыз.

Ал арап идеологиясында, Мұхамед пайғамбардың өмірбаянын оқып отырсаңыздар, ол кісінің екі қатын жібергенін көресіздер. Соның бірі, Зәйнәб бинт Жахш деген өзінің жұбайы болған, әрі апекесінің қызы, қазақша айтсақ жиені...

Онан кейін, қазіргі заманда көптеген енелердің, "Ішіме сыйған қыз сыртыма да сыяды" деген сөздер бар. Ал  ұлдың ата-анасы жағынан: "Кім қатын жібермей жатыр дейсің, ертең балалар өскен соң әкесін іздеп табады... Ұлыма қыздай қатын әперем..." деген сөздер...

Отбасы құндылығын сақтамайтындар, отбасы құндылығын аяққа таптайтындар жетеді. Таяқ лақтырсаң ажырасқанға тиіп жатыр ғой қазір...

Бұл, ажырасуды тоқтату тек қазақта ғана бар, яғни ажырасу деген болмайды. Егер, ер мен әйел ажырасатындай жағдай болса, оларды әулет боп, ел боп татурастырып жібереді. 

-***-

Біздің билік те отбасылардың ажырасуына жағдай жасап қойды. Жағдайы нашар отбасы отағасымен болса, мемлекет оған үй бермейді екен дағы, байынан ажырағандарға үй береді екен.

 

Мемлекеттің тегін үйінде тұруы үшін, олар алдымен ажырасуы керек екен. Қатыны "Ойбай мен жалғызбасты анамын" деп арыз жазуы керек екен. Сонда мемлекет оны арқасынан қағып, "Жарайсың, ана тентек байдан ажырағаның дұрыс болған" деп, оған пәтер береді екен...

-***-

Ал енді, тегін үй беріп жатқаннан соң, кез-келген қатынның ойы бұзылады.  Рахат болды ғой, мемлекет деген рахат екен.

Мыналардың әулетіне иіліп сәлем салғанша, ақ жаулықты тағып қызметін қылғанша, өзім де бір кісідей күн көре алады екем деп... Туып тастаған бала-шағам бар, өздері асырайды, жұмысым бар, дипломым бар, мемлекеттен берген үйім бар дейді дағы, құтырады солайша.

 

Сондықтан біз, осы мәселені ел болып, жұрт болып, осы мәселені мемлекеттік деңгейге көтеруіміз керек. Ол үшін алдымен әулеттің не екенін білу керекпіз. Қазақты қазақ қылған әулет ұғымы. Қазақылық дегеніміз - Идеология, ал Қазақ дегеніміз Қазақылықты ұстанған адам.

-***-

Ал ұлтқа келетін болсақ, біздің ұлтымыз Ру-тайпамыз. Біз ұлт болып ұйысқан халықпыз. Мысалыға мен, руымның бас жағы Дулат, онан бергісі Сиқым, онан бергісі Шуылдақ, оның ішіндегі Қасаболат әулеті.

-***-

Мінеки, әркім өз әулетін түгендеген кезде, оны кешегі Алтынбек Сәрсенбаев секілді атып тастай алмайды. Оны өйтіп ататын болса, артынан әулеті көтеріліп кетеді. Білдіңіз бе?

Ал қазір... Жоғары жаққа арыз-шағым бірдеңе айтпақ болсаң, жоғары жақ бір-біріне сілтей салады, қаласың сонымен, айдаладағы итке ұқсап, ұлып...

-***-

Ал егер артыңда бір әулет, ру - тайпаң тұратын болса, онда тыңдайды. Өйткені бүкіл Шуылдаққа, бүкіл Сиқымға, бүкіл Дулатқа қарсы келу қандай? Жалғыз Шуылдақ Шадырманға қарсы келу қандай?

 

Болмаса, бір Алтынбек Сәрсенбаевты атып тастай салу қандай, немесе бүкіл Албанға қарсы шығу қандай?

Кезіндегі Бексейіт Түлкиев деген жақсы жігіт болды. Марқұм, иманы саламатта болсын. Өлтіріп тастады. Артынан сұраушысы болмады ғой. 

Бір еркек кіндік шықпады ғой...

-***-

Қит етсе рушылдыққа бөлінбе, рушылдық жаман дейді... енді қайтеміз?

Өзіміздің тегімізден безінейік пе?

Жеті атамыздан бері, (77 атамыздан да бері) ру-тайпа болып, осы қазақ елін аман сақтап келгенбіз. Біз ешқашан бір-бірімізбен рулық негізде төбелеспегенбіз. 

 

Қазақ пен қазақ төбелескен... Қашан төбелескен?

Екі төре ерігіп, екі қазақты біріне-бірін айдап салғанда төбелескен.

Ол кезде, ру-тайпаны билеп отырған төре тұқымдары, өздерінің жеке бас амбициялары үшін, қазақтың екі ру-тайпасын біріне-бірін дүрдараз қылып қойған жағдайы бар. 

 

Тарихи кітаптың бәрін оқыңыздар. Оның барлығы жазылған.

-***-

Тап қазіргі сәтте біз, отбасын нығайтатын тәрбиені қолға алуымыз керек. Біздің арамыздағы "тәңіршілміз" деген азаматтардың өзі Жапония секілді дамыған елдерге қызығушылар жиі кездеседі. 

Алайда, сол дамыған елдердің өзінде бала туу деңгейі төмендеп кеткен. Мысалы, біз қыздарымызды оқытайық, шоқытайық деп барымызды салып жатамыз. Алайда халықаралық тәжірибеге сәйкес, әйел оқыған сайын, оның бала тууы азая береді.

Оқыған әйелдің айлығы жақсы, астында машинасы, басында пәтері... қайдағы бір байдың зіркілін не етсін?

Ал зіркілдемесең бала қайдан болады?

 

Менің мысалы, 6 бала-шағам бар, оның барлығына қарап отырмасаң болмайды...

Қарамасаң қатын кетеді, бақпасаң мал кетеді деген қазақ.

Сондықтан, біз қазір мәймөңкелеп, "ойбай, еуропа дамып кеткен, ойбай америка дамып кеткен" дегенді қою керек. 

-***-

Бірінші қазақылығымызды орнына қоюымыз керек. Қазақылық дамуы үшін, әуелі еркек адам, өзінің отбасына ие болуы керек.

-***-

Қатынды алдың ба, оны ажырату, жіберу деген жоқ. Сол әулетке келін боп түсті ме, сол әулетті өсіріп-өндіруі керек.

 

Жеңгенің бір саны байыныкі, бір саны қайныныкі деп, байы қайтыс болса, қайнысына тиетін болған. 

 

Осы жерде Сіздер ойлауларыңыз мүмкін, мына Шуылдақ Шадырман белден төмен әңгімені айтып жатыр деп...

Ал енді белден жоғары жолмен көбейетін жол болса айтсаңыздаршы. Құлақпен, мұрынмен, көзбен көбейетін жол болса?

Көбейейік те солай. Бір тал шашымызды жұлып көбейе берейік...

***

Тоқал алу да, әмеңгерлік те таза қазақылық деп білем мен. Сол үшін де тәңірші деген азаматтар мені исламист десін, кім десе о десін... тіпті мына каналдан жазылмай-ақ, кетіп қалса да ризамын.

-***-

Отбасы - әулет - ру мүддесі, таза қазақылық деп білем. Және де, қатындардың көңілі үшін, ойбай оны айтпай-ақ қояйық, ойбай оны үйтпей-ақ қояйық... мәселе, сендер де мен секілді боп кетіңдер дегенде емес...

-***-

Менің айтқаным 1000 пайыз дұрыс деген сөз емес...  Менің айтқаным, мен және менің отбасым үшін дұрыс. Ал Сіздерге тура келе ме, келмей ме, ол жағын өздеріңіз білесіздер

 

Менің ойымдағы қазақылықта, ер азамат деген, отбасының ұйытқысы болуы керек, бұл бір. Екіншіден, ажырасу деген болмауы керек. Үйленіп жатқан ұл мен тұрмысқа шығып жатқан қыздың құлағына алтын сырға деп, жақсылап ескертіп, шегелеп тастау керек.

***

Онан кейін, қазіргі тәңіршіміз деген азаматтар, жеті атасына арнап құран оқытады, жеті атамның әруағын тіктеймін дейді. 

Қалай тіктейсің десем? 

Жеті атамның аттарын атасам әруағы тіктеледі дейді...

Жоқ, олай емес. Жеті атаның атын атай салумен әруақ тіктелмейді. 

Жеті атаңның әруағын тіктеймін десең, жеті атадан бірге тараған ағайынды түгендеп, солардың жағдайын сұрап, олардың жетімі мен жесірін, кембағалының  жағдайын сұрамайынша, жеті атаның әруағы тіктелмейді.

 

Отбасы күшеймей, әулет күшеймейді, әулет күшеймей, ру күшеймейді, ру күшеймей, мемлекет күшеймейді

 

***

Сіздер ойлап отырсыздар ма, ру дегенді ұмыта саламыз да, америка секілді, сол ойдан қашқан, қырдан қашқандар боп құрала саламыз деп?

Оларда мүмкін, ру-тайпа керек емес, олар құрама халық қой...

Ал біз болсақ, осы жерде 10000 - 20000 тұрып жатқан халықпыз ғой.

Біз неге руымызды, тегімізді ұмыта салуымыз керек?

-***-

Олардың өмір салтын, дүниетанымын, көзқарастарын неге алуымыз керек?

Бізге мына араптың да дүниетанымы керек емес

Бізге батыстың да, басқаның да керегі жоқ. Біздегі Қазақылық деген нәрсе, мына дүниемізге, ана дүниемізге, бәріне жетеді.
 
Қазақылық. Қазақ болу керек, болды. Құдай үшін таласудың қажеті жоқ.

Құдай өзінікін алады. Құдай адвокатқа мұқтаж емес. 
 
-***-
 

Біреу тәңірге сенем дейді... Тәңірге сен, сенбе,  тәңір одан рахат алып, қышыған жері қанып қалмайды

 
 Тәңір деген, ол -Тылсым. Тылсымды білем деген адам - өтірікші. 
 
 Өйткені, тылсымды білуге, адамның миы жетпейді. Тек қана түпсанамен бір шетін сезінесің, соған қарай әрекет жасайсың.

-***-


Отбасы құндылығына қайта оралар болсақ, Қазақылықтың түп-тамыры, діңгегі отбасында жатқандығын көреміз. Отбасы құндылығын көптеп таратуымыз керек.
 
 Осы уақытқа дейін біреу ажырасып кетті, біреу қатын жіберді... біреудің баласы жан-жақта жүр.
 
 Мүмкіндігінше соларды тізімге алып, олардың жай-күйіне қарасуымыз керек. Міне, тірлік осыдан басталады.


 -***-
 Қазақ елінің көгеруі осыдан басталады. Ал жетімің мен жесірің қаңғып жүрген кезде, өзің отырып алып, аузың көпіріп, "Тоқаевты құлатып тастау керек, жемқор билікті құрту керек, біздің қазақ оянбайды"...

Ояу болсаң жетімің мен жесіріңді жинасайшы онда
-***-

Жесір болған жеңгеңді алсаңшы онда. Аа, қатының рұқсат бермейді ғой?
 
Қатыныңмен сөйлессеңші онда. Жеңгеңнің басына туған күн, сол қатынның басына тууы мүмкін екенін ол білуі керек қой. 

-***-
Осы жерде қатын дегенді жиі қолданды, мына кісі анайы екен деулеріңіз мүмкін.
Енді, қатын деген жеті атамыздан келе жатқан сөзіміз...

-***-


Жалпы айтпағым, қазақ елім, маған сене бермеңіздер. Әркім өз миымен жұмыс істесін. Маған жазылмаңыздар да, керек болса. Жазылам деген адам өзі біледі :))
 
 Ойбай анау Шуылдақ Шадырмен деген данышпан екен, соны тыңдайық, ана уағызшы данышпан екен соны тыңдайық... неғыласың тыңдап, өз басың бар ғой... ойлансаңшы кішкене.
 
 Құрметті Ағайын, уақыт бөлгендеріңізге көп Алғыс!

Comments powered by CComment

⚠ Сатылу жайлы...

Рухани сатылу жайында

Басқа түссе баспақшыл болудың да орны, жолы болады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☘ Бейсенбі күні

Бейсенбі күні әруақтарға арнғалған баталарымыз

Бейсенбіның таңында, төргі бөлмені ертерек жиыстыр. Қонақ келетіндей сәнін кіргіз. Көңіл-күйіңді көтер

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

♨ Бейсенбілік бата

Бейсенбіде әруақтарға арнап жеті шелпек тарату

Қазақтар бейсенбіде әруақтарға арнап иіс шығарады, жеті шелпек таратады

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

🌓 Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

****

Атымтай атамыз өмірінде талай мықтымен белдесіп, талай батырды мысы басып, мерейі үстем болған батыр да, ақын кісі болатын

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☀ Уа дүние, мен келдім!

Шуылдақ Шадырманның өлеңдері

Соқаның шаңынан
Аттың дүбірін көрдім

Маңдайдан шыққан қара тер...
Елімнің ертеңін көрдім

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Арқамандық шежіре - генеалогиялық технологиялар әлемі

Қазақы шежіренің түйткілдері

Біздің халыққа Қазақ деген атау беріліп, сол атаумен біраз уақыт өмір сүріп келді. Көп қиындыққа тап болды, нақтысын айтқанда өсіп-өне алмады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

📱 Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Dimensity SoC чипсеті орнатылған Vivo X100 Pro Қытай нарығында бәсекелестерінен асып түсуге жақын

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☕Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Осы жылдың маусым айында таныстырылған Lexus LBX кроссовері Жапон нарығында сатылымға шықты

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

Lazzarini Design Studio Banner
Ferrari  маркасының парақшасы

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?