Тәңірлік танымға қатысты сұрақ-жауап

Ел аузынан:

Ел басындағы бір адамның ұлты қалмақ, сол қалмақ қазақты ыдырату үшін тәңіршілдікті уағыздатып жатыр.

Бұдан мынадай сұрақ туындайды: Тәңіршілдік - қазақты қытайға жығып беру жобасы ма?

Тәңірберген, Тәңір жарылқасын, әруақ деп жауға шабу, әруаққа сыйыну, атасының басына барып тәу ету де қалмақтан келді ме?

Бәлкім Тәңірлік қазақтан қалмаққа өткен болар?..

Қазақ даласын исламдандырудан алдын қазақ Тәңіріні мойындаған, ата-баба әруағына сыйынған.

Ол қазақтың басқа ұлттардан артықшылығының белгісі.

Жұрт шикі ет жегенде қазақ алғаш болып отты тапты, етін пісіріп жеді. Жұрт тастан пышақ жасап жүргенде қазақ алғаш болып темірді иледі. Жұрт сиыр мен өгізге мініп жүргенде қазақ атты ноқталады.

Әлемге қаған болды, дана-жолбасшы болды.

Қазақ - Тәңір деген теңгеруші екенін түсінді. Тәңір тіршілікті жаратты, тіршілік мәңгі жалғасуы үшін дүниені теңгерді.

Айналада болып жатқан құбылыстың барлығы, тәңірінің теңгерушілік құдыретін көрсетеді.

***

Теңгеру қабілетін адам баласына да берді. Адам өзінің санасы, ар-ожданы арқылы өз өмірін теңдік-баланста ұстайды.

Өз рухын теңгере алған адам, әлемнің бақытын сезінеді.

Теңгерімнен тыс қалғандар, бақытсыз болып қала береді.

Қазақтың жеткен өресіне ешбір ұлт жете алмады.

Сондықтан да жан-жақтан ғасырлар бойы қазақтың санасын улау саясаты жүргізіліп келеді.

Қазақты күшпен алу мүмкін емес, сондықтан бір-біріне айдап салу ғана қалды...

***

Жауап: Тәңіршілдік деген, қазақтың жасампаз санасын оятатын құрал.

Ешқандай тұлғаға, жазбаға, ритуалға байланып қалмайды. Ой-өресін еркін қолдану арқылы әлемдегі үздік ілімге айналады

 


 Монотеистік діндерде кітап бар. Тәңіршілдіктің кітабы қайда?

Тәңіршілдіктің кітабы табиғат-өмір-үдеріс.

- адам табиғаттан үйренеді,

- өз өмірін өзі саралап, түйін-түйеді,

- үдеріске қарап әрекет жасайды.

Ата-бабадан қалған ар-ождан жолы әркімнің өз кітабын жазуына жолбасшы болады.

 


Адам Тәңіріден не қалайды, Тәңірі адамнан не қалайды?

Адам рухы даналықтың шексіз мұхитына жетуді қалайды. Түсінікті тілмен айтсақ, адам өзінің өмір жолын рухани-тұлғалық даму жолы деп біледі.

Сол жолда ол ата-бабадан қалған мұраны ескере отырып, өзінің ұрпағына жаңартылған мұра қалдырады.

Ата-бабадан қалған мұраның өзіне ауық-ауық сын көзбен қарап, озығы мен тозығын саралап отырады.

 


Тәңіршілердің пайғамбары қайда?

Әрбір текті қазақ, пайғамбардан артық. 

Тәңірлік ілім жоғары жақ пен адамзат арасында қандай да бір араағайынның болуын керек етпейді.

Табиғат-өмір-үдеріске ой жүгірткен адамға пайғамбардың қажеті жоқ. Ал азған топастарға қанша пайғамбар барса да пайда бермейді.

***

Қазақтың әрбір азаматы ой-өрісінің жоғарылығына қарай өмірде қажет шешімді өзі табады, өзі тапағанды, ағайынмен ақылдасу арқылы табады.

"Ақыл-жастан, асыл тастан". Қала берді жастар ақыл қосады.

Қазақтың пайғамбарсыз-ақ жинаған рухани мұрасы, семиттердің пайғамбарларымен қосыла жиған мұрасынан артық.

Текті туған қазақтың әрбір азаматы, семиттің пайғамбарынан асып түседі.

 


Семиттік діндерде адам істеген теріс істерінің жазасын о дүниеде алады.

Тәңірлік таным бойынша ол қалай?

Адамның істеген жақсысы мен жаманы осы дүниеде алдынан шығып отырады.

Қарапайым мысал: "Күлме досқа, келер басқа".

Яғни досыңа күлем деп, күлгенің осы дүниеде басыңа келеді деп отыр. 

"Не ексең, соны орасың" - ана дүниеге барып ормайсың, осы дүниеде орасың.

Балаңа тәрбие бермесең, жазасын осы дүниеде тартасың.

"Біреуге ор қазба, өзің түсесің". Яғни біреуге жасаған жамандығың ана дүниеде емес, осы дүниеде алдыңнан шығады.

Қазақтың таным өресі семиттік ақпараттан артық екені осы жерде анық көрініп тұр. 

Қарызын төлемей өліп кеткендердің қарызын ұрпағы көтереді.


Тәңірі еркек, Ұмай ұрғашы ма?

Кезінде Жер ана - Ұмай ана, Тәңір - Көктегі жаратушы деген ұғымдар қалыптасқан. Өмірдің өзі жұп ұғымдардан тұратыны белгілі.

Мысалы: ыстық пен суық, жақсылық пен жамандық, аштық пен тоқтық деген секілді. Бұл ұғымдардың барлығы да салыстырмалы дүние.

Біздің субъективті қабылдауымыздың нәтижесі.

Сол секілді Жаратушы Тәңір мен Ұмай ана еркек пен ұрғашы деген категорияға келіңкіремейді.

Адам терекке үйленіпті деген секілді, тәңіршілдіктің табиғатына жат дүние.

 


Тәңіршілдікте өлген адамның денесін ит-құсқа жемтікке тастап, от жағып, айнала билей ме?

Олай істемейді. Қазақтың жол-жоралғысына қарай көміледі. Тек жаназа намазы, Құран оқылмайды.

 


 Тәңірге табынған қазақтар қандай жетістікке жетті?

Сақтың дәуірінде бас сүйегіне ота жасады, алғаш болып атқа мінді, мысырдағы соғыс арбаларын ойлап тапты, шалбар киді,

Еділ патша - Аттилла дүниені бағындырды. Евразия материгін толықтай биледі.

Қалалар салып, кәріз жүйесін іске қосты.

Ең бастысы, тәңірлік ілім орнаған қазақ қоғамында жетім, жесір, түрме дегендер атымен болмады.

Бұл жетістікке дүние жүзіндегі ешбір ел жете алған жоқ. Алдында болсын, қазір болсын.

Тәңірлік ілімді ұстанған қазақтың артықшылығы міне осында.

 


Абай, Шәкәрім секілді ғұламалар ислам ақпаратын мойындады. Сендер солардан ақылдымен дейсіңдер ме?

Әр заманда өзінің конъюнктурасы, қоғамдық, саяси, экономикалық алғышарттары болады.

Қоғамда қалыптасқан менталитет болады.

Біз ақпаратты талдау кезінде бейтарап түрде саралаймыз.

Егер ол ақпараттың сапасы сын көтермейтін болса, біз оны қабылдамаймыз.

Ал жекелеген тұлға қандай ақпарат қабылдайды, қай жолды таңдайды, ол әркімнің жеке шаруасы.

 

Comments powered by CComment

⚠ Сатылу жайлы...

Рухани сатылу жайында

Басқа түссе баспақшыл болудың да орны, жолы болады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☘ Бейсенбі күні

Бейсенбі күні әруақтарға арнғалған баталарымыз

Бейсенбіның таңында, төргі бөлмені ертерек жиыстыр. Қонақ келетіндей сәнін кіргіз. Көңіл-күйіңді көтер

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

♨ Бейсенбілік бата

Бейсенбіде әруақтарға арнап жеті шелпек тарату

Қазақтар бейсенбіде әруақтарға арнап иіс шығарады, жеті шелпек таратады

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

🌓 Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

****

Атымтай атамыз өмірінде талай мықтымен белдесіп, талай батырды мысы басып, мерейі үстем болған батыр да, ақын кісі болатын

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☀ Уа дүние, мен келдім!

Шуылдақ Шадырманның өлеңдері

Соқаның шаңынан
Аттың дүбірін көрдім

Маңдайдан шыққан қара тер...
Елімнің ертеңін көрдім

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Арқамандық шежіре - генеалогиялық технологиялар әлемі

Қазақы шежіренің түйткілдері

Біздің халыққа Қазақ деген атау беріліп, сол атаумен біраз уақыт өмір сүріп келді. Көп қиындыққа тап болды, нақтысын айтқанда өсіп-өне алмады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

📱 Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Dimensity SoC чипсеті орнатылған Vivo X100 Pro Қытай нарығында бәсекелестерінен асып түсуге жақын

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☕Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Осы жылдың маусым айында таныстырылған Lexus LBX кроссовері Жапон нарығында сатылымға шықты

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

Lazzarini Design Studio Banner
Ferrari  маркасының парақшасы

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?