Шеге тағаны сақтайды...

18-19 ғасырларарда оңтүстік қазақтарына Қоқан хандығының тыныштық бермегені мәлім.

Жер аяғы кеңи бере, қыс кетіп, көктем келе, Ташкент маңындағы айрандай ұйып отырған қазақтарға тиісіп, малын айдап әкетеді.

Қолға түсіп қалған жігіттерді құлдыққа, жалғыз-жарым ауылдардың қыздарын күңдікке әкетіп жүрді.

Біздің қазақ даласы Қарахан дәуірінен исламды қабылдаған деп, көкірегін ұрған ахилар, мұсылман қазақты, мұсылман Қиуаның

неге жыл сайын шаба беретінін біле ме екен? Өйткені исламға бас ұрған Қоқан, Хиуа, Бұхар хандықтары, қазақты ешқашан мұсылман қатарына

қоспаған.
***
Қожалардың уағызшылары мен татар молдаларына ерген бірлі жарым болмаса, Аллаға құл болам, Мұхаммедке үмбет болам деп елімен алысқан қазақ көрмедім.

***

Әлқисса, әңгімеме қайта оралайын.

Қоқанның Халид деген батыры күн жылына, падишахтың әмірімен көшпелі қазақ даласына жорығын бастауға кірісіп кетті.

***

Ат көлігін әзірлеп, түйе балуан Халид, он мың қаралы әскермен, жылдық олжа алып қайтуға, қазақтарды шабуға дайындалып жатты.

Екі бас намаз оқып, алладан медет тіледі. Араптар жасамаған істі біз жасаймыз. Әзірет Әлі, Омар мен Әбу Бәкірлер де Фатх соғысы деп дүниеге шабуыл жасаған.

Соны ойлаған Халид қазақ даласына жиһад ашуды өзінің қасиетті міндеті деп қабылдаған. 

Намазға кетерінде атқосшысына, атының тағасын ауыстырып қақтыру үшін, ұстаға баруына тапсырма берді.

Қазақтан шауып әкелген қара торы аттың баласы, Қоқанда тұрғаны болмаса, мінезі дала тағысындай еді.

Атқосшысы ұстаға барып, тағаларын ауыстыруға тапсырма берді.

Ұста артқы аяғынан бастап, кірісті. Ескі тағасын алып, тазалады. Жаңадан таға қақты.

***

Алдыңғы оң аяққа келгенде, айғыр мазасызданды, тек тұрмай, аяғын тарта берді.

Не де болса қағып тастайын деп оң тұяқтағы тағаның шеткісін ұра бере, ат аяғын тартып қалғандай болды ма,

жоқ ұстаның қолы қалт еткендей болды ма, не керек, балға шалт кетті.

Шеге жартысы тұяққа еніп барып майысып кетті.

Осы кезде бесін намазына азан айтылды.

Намазға асыққан ұста, майысқан шегемен әуре боп, дүние ісімен айналысқанша, ахирет ісіне мән берейін деп, майысқан шегені онан әрі майыстырып,

атқосшыны қайтарды.

***

Сегіз шегенің біреуі нашар қағылды.

***

Атқосшы атқа мініп, шуу дегенде ат ыршып жаба жөнелді. Ұстахананың ауласынан шыға бере, майысқан шеге түсіп қалды...

Жеті шеге қалды.

***

Сегіздің орнына жеті шегесі қалған таға нық отырмады.

Жүрген сайын босаңсуы арта берді. Майысқан шегенің қасындағы екінші шеге түсуге таяды...

***
Намазын аяқтап, ұстаханаға ене берген тұста, ұстаның көзі жерде жатқан манағы майысқан шегеге түсті...

Аяғымен теуіп бара жатып, "аллоһкә тәвәкул" (аллаға тәуекел), "аллоһ соқласин" (алла сақтасын) деді.


***

Халид әскерін алып, Ташкент маңындағы қазақтарға жорыққа аттанып кетті.

***

Екі күндік жорықта тағаның тағы екі шегесі түсті.

Оны байқаған жан болмады.

***

Қоқан әскерінің келе жатқанын естіген қазақтар да үш мың шақты қол жинап үлгеріпті.

Мыналарды қазір жайратып салмаса, бір-екі күнде он мың қаралы әскер жинап алып, бой бермейтіні анық.

Қазіргі Қақпақ ауылы, Заңғар тауының етегінде қос әскер бетпе-бет келді.

Қазақтардың қорқатын түрі жоқ, "әруақтап" атойлап тұр.

***

Қоқандықтар санының басымдығына сеніп "аллаху акбар" деп қазақтарға бас салды. Қазақтар әруақ шақырып, қайта-қайта қоқандықтарды қайтарып тастады.

Екі жақ та жараланғандар, өлгендерін жинастырып, ес жинауға тарқасты.

***

Қазақ пен қоқан соғысы

Кескілескен шайқастан соң, тағаның тағы екі шегесі түсті.
Үшеуі қалды.

***

Жамиғатпен намазын оқыған Халид, мыңбасылармен кеңес құрды.

Қайткенде де мына аз әскерді талқандап тастамаса, күн санап қазақ қолына күш қосыла беретінін жақсы білді.

Сөйтіп мына шешімді айтты.

"Қазақтың батырымен жекпе-жекке шығып, басын кесіп, қазақтың рухын түсірем..."

Мыңбасылар қош көрді, ішінен бірлі-жарымы, жекпе-жекке мен шығайын деп алға ұмтылды. Оларды тыйып тастады.

***

Ертең мына қазақтарды қиратып, елін тонағанда, ең сұлу қызды мен алам, ең жақсы малды мен алам деп тұрды ішінен.

Егер осы жекпе-жек шайқас тағдырын шешетін болса, бұраңбелдің сұлуы, аттың жорғасын Халид таңдап тұрып алатынына ешкімнің күмәні болған жоқ...

Ешқайсысың "қыңқ" ете алмайсыңдар. Көрікті жас бозбалаларын "бачи-бази" жасайтынын ойлағанда, аузының суы құрып "жекпе-жек"

деп салды.

***

Қазақ жағы да қарап қалмады, сүлік қараны ойнатып, өрімдей жас, қияқ мұртты Қосым батыр шықты.

Анадайдан атта отырысының өзі ерекше көрініп, сауыт-сайманы күнмен шағылысып айбарланып тұр.

Талай құқайды көрген Халид міз бақпады, тек аты жаман ырым бастап оң аяғына сүрінгендей болды.

"Аллаху әкбар" деп айғайлап қазақтың батырына дүрсе қоя берді.

Денесі шағындау келгенімен, Қосым батыр шалт қимылды, шымыр екен. Түйе балуан Халид те оңай шағылар жаңғақ емес.

Найзаласуда да, қылыштасуда да екеуі бірін-бірі ала алмады.

***

Сүт пісірім уақыт өткен, жекпе-жектен екі ат та қара терге түсті.

Бірақ Қоқан батырының астындағы атының оң аяғы тағасыз қалған еді.

Қиқуласып тұрған екі жақтан оны ешкім байқамады.


***

Айбалтамен шабысып жатқанда, екі ат та табан тіресіп тұр. Итжығыс болғалы тұрғанда, Заңғар тауының етегіндегі тастақ жерден, Қоқан батырының атының тағасыз аяғы тайды да кетті...

Сасып қалған Қоқан батырының басыннан аса Қосым батырдың айбалтасы жарқ етті...

Мұртсыз сақалды бас жерге домалап түсті.

***

Қоқандықтар састы, қазақтың әруағы асты, мысы басты. Ұрандатып жауға тигенде, бірі қалмай қашты.

Даланың сәйгүлігі де, бұраң бел аруы да қоқандықтардың көзінен бұл-бұл ұшты.

***

Қоқан батырынан қалған атты Қосым батырдың қанжығасына байлады. Тумасынан зерек жігіт, аттың алдыңғы оң аяғын қарауды тапсырды.

Тұяғын көтеріп қалғанда, тағасыз екенін көрді. Жұрт аң-таң болысты.

Қосым батыр сөз алды:

"Егер менің атымның тағасы жөнді қағылмағанда, мен жеңілетін едім. Оның атының тағасы жөнді қағылмай, ол жеңілді.

Шегеге ұсақ-түйек деп қарамаңдар, бір шеге елдің тағдырын шешеді.

Шеге тағаны, таға атты сақтайды, ат ерді, ер елді сақтайды" деді.

***

Оның қанатты сөзі ғасырдан-ғасырға өтіп, бізге жетті.

"Шеге тағаны сақтайды, таға атты сақтайды, ат ерді сақтайды, ер елді сақтайды"

Әруақ!

Ер Тұран этно-фольк ансамбліне құлақ салыңыз


https://twitter.com/NHLOJKbpQBGHOec - Twitter парақшам

https://www.instagram.com/shuyldaqshadyrman/  - Instagram парақшам

https://www.facebook.com/profile.php?id=100050346787344  - Facebook парақшам

https://www.youtube.com/user/Mukhtar2011  - Youtube каналым

https://vk.com/mukhtar_shadyrman  - ВК парақшам

 

Comments powered by CComment

⚠ Сатылу жайлы...

Рухани сатылу жайында

Басқа түссе баспақшыл болудың да орны, жолы болады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☘ Бейсенбі күні

Бейсенбі күні әруақтарға арнғалған баталарымыз

Бейсенбіның таңында, төргі бөлмені ертерек жиыстыр. Қонақ келетіндей сәнін кіргіз. Көңіл-күйіңді көтер

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

♨ Бейсенбілік бата

Бейсенбіде әруақтарға арнап жеті шелпек тарату

Қазақтар бейсенбіде әруақтарға арнап иіс шығарады, жеті шелпек таратады

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

🌓 Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

****

Атымтай атамыз өмірінде талай мықтымен белдесіп, талай батырды мысы басып, мерейі үстем болған батыр да, ақын кісі болатын

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☀ Уа дүние, мен келдім!

Шуылдақ Шадырманның өлеңдері

Соқаның шаңынан
Аттың дүбірін көрдім

Маңдайдан шыққан қара тер...
Елімнің ертеңін көрдім

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Арқамандық шежіре - генеалогиялық технологиялар әлемі

Қазақы шежіренің түйткілдері

Біздің халыққа Қазақ деген атау беріліп, сол атаумен біраз уақыт өмір сүріп келді. Көп қиындыққа тап болды, нақтысын айтқанда өсіп-өне алмады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

📱 Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Dimensity SoC чипсеті орнатылған Vivo X100 Pro Қытай нарығында бәсекелестерінен асып түсуге жақын

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☕Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Осы жылдың маусым айында таныстырылған Lexus LBX кроссовері Жапон нарығында сатылымға шықты

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

Lazzarini Design Studio Banner
Ferrari  маркасының парақшасы

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?