Тәңірі теңгерді

(Бөріемгеннің естелігінен)
Ерте-ерте ертеде,
Ібір-Сібір жерінде
Енесайдың жағасы, арлы елдің арасы
Шағаладай жарқырап, жаздың күні жалтырап
Бір топ киіз үй тұрды...


Аспанның көгін, судың көлін, нудың белін, желдің ебін тапты
Көк аспанмен тілдесті, табиғатпен үндесті.
Арлы деген аты төрт тарапқа тарады
***
Залым патшаның мыстаны түс көрді, түсінде жаман іс көрді.
Арлы елден, ақ маңдайлы ұл туды, аспан астын тітіретті.
Айы туып оңынан, жұлдызы туып соңынан, жаһанға билік етті.
Патшалығы мың жыл болды. Артынан еріп, талай ел арлы болды...
***
Мыстан шошып оянды, у ағызушыларын жинады. Арлы елдің көзін құртпаққа бекінді...
Патшаның аяғына жығылып, арлы елді жоюға бұйрық алды.
Әскерді мыстан өзі бастап барды...
Алғашқы садақты от тұтатып өзі тартқызды. Жебе ортадағы бегзаданың үйінің керегесіндегі тымақтың бауын үзді.
Тымақ дөңгелеп оты сөнген жерошаққа түсті...
Қара түнек әскері ақшаңқан арлы ауылға лап қойды. Ұл демей, қыз демей шетінен қырып салды.
Ауыл әйелдерінің ақ денесіне қол салуға тыйым салды. Тек қылыштап, найзаға түйрей берді, алқызыл қанды судай шашты.
Киіз үйлерді құлатты, үстінен мың жылқы айдап өтті. Жала жансарларды найзамен түйрелеп өлтірді.
Арлы ауылда тірі жан қалмады. Өліктің бәрін өртеді. Тірі жан қалмағанына көздері жетіп кері қайтқан
қара түнек әскері жерошақта жатқан біреуді білмеді...
Тәңірі теңгерді!
***
Жерошақтың ішінде жатқан бала қарны ашты, мазасы қашты. Алдымен қыңқылдап, ыңқылдап, тілін шығарып емшек сұрады.
Емшек бола қоймағасын жылауды бастады. Түнімен жылады. Дауысы қарлықты. Әлсіз қыңқылдаған сәбидің дауысы
әудім жердегі аудан қайтқан қаншық қасқырдың құлағына жетті.
Бегзаданың үйінің орнына келіп, тапталған киіздің астынан баланы иығынан тістеп-демеген күйі алып шықты.
Арқасына қойша лақтырып, таудың ар жағындағы апанына алып кетті...
Тәңірі теңгерді!
***
Патшаның сарайына жеңіспен оралған мыстан тамақ пен шарапқа тойды, саз ойнатып көңіл көтерді
Жақтастарын жинап, жағымпаздарды сөйлетті...
Тек таң ата бере көзі ілініп кетіпті.
***
Залым патшаның мыстаны тағы да түс көрді, түсінде жаман іс көрді.
Арлы елден, ақ маңдайлы ұл туды, аспан астын тітіретті.
Айы туып оңынан, жұлдызы туып соңынан, жаһанға билік етті.
Патшалығы мың жыл болды. Артынан еріп, талай ел арлы болды...
***
Кәрі қақпас шошып оянды. Ақырды. Ат-күймесін даярлатып қырғынның орнына қайта барды.
Әр шыбықты аударды, киіз астындағы жерошақты көргенде шыңғырды, шашын жұлып бақырды. Жан-жаққа шолғыншы жөнелтті.
Мен деген шолғыншының айласы бөріден аспады, жоғалған ұлды таппады. Тәңірінің теңгергенін түсінген кезде,
миына қан құйылды...
Осы сәтте:
Аштық пен жолдан шаршаған маңдайы торсықтай ұл қаншық қасқырды еміп, сүтке тойып, маужырап ұйқыға кетті...
Тәңірі теңгерді!
***
Бұла батыр әскерден оқшауланып, бұта айналып қайтпақ болды. Тоғай ішінде, алдынан бөрінің апаны кезікті.
Ішіне қараса, бөрі жоқ, бөлтіріктермен ойнап отырған адам баласын көрді.
Баланың көзіне-көзі түсіп еді, жарқ еткен найзағайдай. Әруақ, әруақ, иә сәт деп күбірлей берді...
Баланы қолына алды. Маңдайынан иіскеді.
Кәрі мыстанның іздеген ұлы осы екенін түсінді.
Нөкердің біріне жасырын тапсырма беріп, баланы алыс қияндағы андасына жөнелтті.
Ар елінің баласы болғасын, атын Арда деді.
***
Араға жиырма жыл салғанда Арда батыр жайлы атақ төрткүл әлемге тарады.
Әділдігі мен парасатына, ақылы мен айласына, бауырмалдығы мен мейіріміне, қабылет пен дарынына жететін жан болмады.
Алыс-жақын маңайдағы елдер Арда ханға өздерінің адалдығын білдірді. Бодан болып, әділ ханға бағынды.
Арда ханнан көп ұрпақ өрбді. Досына жұмсақ, жауына қатал, даналығы мен даралығы, сәні мен салтанаты жарасқан,
ұстаған жерден сынатын мәрт ел болды.
Алыс жақын сүйсінді.
Ел оларды "бөріемгендер" деп атады.
Бөрілі байрақ астында жеңілістің не екенін білмеді. Төрткүл дүниені бөріемгендер биледі...
Тәңірі теңгерді!

Comments powered by CComment

⚠ Сатылу жайлы...

Рухани сатылу жайында

Басқа түссе баспақшыл болудың да орны, жолы болады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☘ Бейсенбі күні

Бейсенбі күні әруақтарға арнғалған баталарымыз

Бейсенбіның таңында, төргі бөлмені ертерек жиыстыр. Қонақ келетіндей сәнін кіргіз. Көңіл-күйіңді көтер

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

♨ Бейсенбілік бата

Бейсенбіде әруақтарға арнап жеті шелпек тарату

Қазақтар бейсенбіде әруақтарға арнап иіс шығарады, жеті шелпек таратады

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

🌓 Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

****

Атымтай атамыз өмірінде талай мықтымен белдесіп, талай батырды мысы басып, мерейі үстем болған батыр да, ақын кісі болатын

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☀ Уа дүние, мен келдім!

Шуылдақ Шадырманның өлеңдері

Соқаның шаңынан
Аттың дүбірін көрдім

Маңдайдан шыққан қара тер...
Елімнің ертеңін көрдім

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Арқамандық шежіре - генеалогиялық технологиялар әлемі

Қазақы шежіренің түйткілдері

Біздің халыққа Қазақ деген атау беріліп, сол атаумен біраз уақыт өмір сүріп келді. Көп қиындыққа тап болды, нақтысын айтқанда өсіп-өне алмады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

📱 Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Dimensity SoC чипсеті орнатылған Vivo X100 Pro Қытай нарығында бәсекелестерінен асып түсуге жақын

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☕Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Осы жылдың маусым айында таныстырылған Lexus LBX кроссовері Жапон нарығында сатылымға шықты

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

Lazzarini Design Studio Banner
Ferrari  маркасының парақшасы

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?