Жылауықтарды ешкім жұбатпайды...

Көптен бері қоғамдық көлікке отырмай, бүгін отырып едім...

Автобустың ішінде бір қазақ келіншек жылап-еңіреп шешесіне звондап, қатты сондай бір күйзелісте шырылдап айтып, жылап отырды...

Бүкіл автобустың ішіндегі адамдар соның жылағанынан күйзеліп кетті.

Әлгі әйелдің қасына барып, басынан салып қалғым келді...

***

Жылаған адам осы жыларман жағдайға бүгін жеткен жоқ қой.

Өзінің бейшаралығын соншама жариялап, дауыс салатындай не жағдай?

Мұндай тұрғандардың сол бейрашалығы үшін кінәсі қанша және қандай нәтиже болады деп ойлап тұр?

***

Арғы шетіндегі телефоннан тыңдап тұрған шешесі не істей алады оған?

Автобустың ішінде өз тірліктерін уайымдап тұрған адамдар не істей алады?

Ешкім ешнәрсе істей алмайды ғой...

Бұл бүкіл қазақтың жағдайы. Қазіргі қазақтың жағдайы осындай бейшара жыларман халге түсті.

***

Біз бұған бір күнде жеткен жоқпыз. Қазақ әйелдерінің бүгінгі жағдайы тұрмыстық күйзелісте. Қаржы жетіспеушілігі, жарының тұрақсыздығы, қоғамның қолдауы болмауы, ашқұрсақ бала-шаға, үйсіздік пен күйсіздік

Осы тығырыққа тірелетінін о баста ойлап, жобалай алмағанның салдары бұл. Сондай білімсіз, топас күйге түскеніміз сол - ересек боп қалғанымызды сезінбейміз, әлі күнге үш жасар қыз секілді еңіреп жылаймыз.

***

Ал бүгінде көп балалы аналарымыз көшеге шығып қанша талаптар қойып жатыр - жәрдемақы бер, маған жағдай жасап беріңдер дейді. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр – масыл адамдардың көбеюі қоғамның іріп-шіруіне алып келетінін.

Жәрдем сұрау – масылдық. Сондықтан, жоқ жерден алақан жая беру дұрыс емес нәрсе

Аналарға туғаны үшін балаларға пәленбай ақша, түгенбай ақша берілсін дегенше, үйдің отағасы болып саналатын ер адамдарды жұмыспен қамтып, айлығын жоғарылатсақ, мәселенің түйіні басқаша шешілер еді.

***

Жапонияда ерінің айлығын әйелінің есеп-шотына салатын әдіс бар. Сонда ері де қадірлі, әйелі де алысқа кетпейді. Отбасы бүтін, бақытты болмақ.

Ал бүгінде біз заң нормаларын дұрыс қолданбағандықтан, ажырасып, алимент төлейтіндерді көбейттік.

Баланың жәрдемақысына иек артып, жата бергісі келетін масыл әкелерді көбейттік, қала берсе алиментпен қорқытқысы кеп тұратын әйелдерді көбейттік.

Сондықтан, жігіттер жұмыс істеуі керек. Зауыт-фабрикаларда үлкен айлықты солар алуы тиіс. Табысын отбасына алып келіп, жауапкершілікпен үй ішін асырауы керек.

***

Кім жақсы жұмыс істейді, соған көп ақша берілуі тиіс, кім жұмыс істемейді, жатып ішерлер өз күнін өзі көрсін. Масылдарды көбейту қоғам үшін пайдасы жоқ дүние. Қоғам ондай масылдарды асырауға тиіс емес

***

Қолынан іс келетін адамға әрдайым барлық жерде есік ашық. Оның ұлтына да, тіліне де қарамайды тіпті.

Сондай кәсіби шеберлерді құрметтейтін, заңды құрметтейтін, адамның жеке басының іскерлігін құрметтейтін жағдайға жеткен кезде біз жақсы қоғам бола аламыз. Ал отырып алып жылауықтарға, сен жылама деп басынан сипай беріп, оған садақа беріп дәметтіргеннен ешқандай мүйіз шықпайды.

***

Одан кейін аспанға қарап жұлдыздарды бақылайтын, сандарды есептейтін, тәңір ілімі, басқа да діндердің бәрін жіктеп-жіктеп алып, сонымен ғана мақтанып жүретін қоғам дами алмайды.

Жердегі өзінің тірлігін тиянақтай алмай жүріп, әлеммен бос сөзге таласатындарға таң қалам.

«Домбыра біздікі, тәңіршілдік біздікі, Шыңғыс хан біздікі, Кеңесарының басын табу керек...» деп беталды далада шауып бара жатқандаймыз

 

Тарихтың доңғалағы кері айналмайды. Оларды біздікі еді деп түгендеп алып не істейміз.

Тәңіршілдік таза қазақтікі емес, ол тіпті бразилияда да бар. Домбыра деген аспап ерте русьтарда да болған. Бұл жерде таласатын түк те жоқ.

Тарихшылар өздері айналыса берсін, оны тонды теріс айналдырып, ұлт аралық, дін аралық қоздыру туғызудың қажеттілігі жоқ.

***

Сондықтан, қазақтар бекерге көпіре бермейік. Қаншама таланттарды тұншықтырып өлтіріп алдық.

Кімнің несі кетті?

Ешкімнің ештеңесі кеткен жоқ.

Дарынды ұландарынан айрылған халық қана сорлап қалады.

Ал біздің қоғам әлі көзін ашып ояна алмай жатыр. Батырлардың қалай өлгені емес, сол батырлардың ойға алған мақсат-мүддесінің орындалмай қалуы, оларды түсінетін, қолдайтын қоғамның болмауы үлкен трагедия.

***

Дарынды ұландарымыз ел үшін еңбек еткісі келді, бірақ оны жүзеге асыруға әр жақтан тартқылап мүмкіндік бермейді.

***

Оларға қолдау беретін адамдар кем болды, өте кем. Дарынды тұлғаларын қолдаушылар көп болса ғана қоғам түзеледі.

***

Тағы бір жабысқан үлкен дерт, ол - тұлғаға табынушылық 

Мына кісі керемет екен, соның айтқанын тыңдайық деп тқлғасына бас ұрып, соның дегенін істей беру. Болмаса, мынау сорлы, топас, оның айтқанын тыңдамаңдар деп сөзіне құлақ салмай, ойланбай сыбап, айтақтап жіберу.

Екеуі медальдің екі жағы ғой... Адамның өз ойы, тұжырымы болмайынша, ақылды адам айтсын, ақымақ адам айтсын, ол шапқылап жүре береді соның артынан.

***

Сондықтан, әркімнің өз ойы болуы керек деп ойлаймын. Мәселе кім ақылды, кім ақымақта емес, қай нәрсе дұрыс, соны таңдауда. Ең бір ақымақ адамның сөзі кейде ой салатын кездері болады. Сонда, бұл жердегі ең маңызды нәрсе, адамның ойлана алу жүйесі. Ол ақпараттың толық дұрыс-бұрыстығында да емес.

Адамның өзінің ойланып, шешім қабылдай алатын жағдайында. Өз тұжырымына өзі сенімді болмайынша, тірліктің нәтижесі болмайды. Мен өзімді керемет кемеңгермін деп мүлде айта алмаймын.

Бірақ, мен көкейдегі өзекті мәселені айтудан қорықпау керектігін білем

***

Тіпті менің айтқаным қате болса да, менің айтқанымды түзетіп беретін адамдар болса, өз алғысымды және ақпарат ізденуге көмектескеніне рақмет айтам. Ал егер «мен қазір бірдеңе айтсам, мені ақымақ санап қалады» деп ойлап отыра берсек, солай әрі қарай да отыра береміз.

***

Ештеңені ойламаймыз, түймейміз, білмейміз. Басымызды шұлғып, сол баяғы құл-құтандардың әңгімесін айтудан аса алмаймыз.

***

Сондықтан ойланайық та, алға басайық. Алға, Қазақтар!

Comments powered by CComment

⚠ Сатылу жайлы...

Рухани сатылу жайында

Басқа түссе баспақшыл болудың да орны, жолы болады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☘ Бейсенбі күні

Бейсенбі күні әруақтарға арнғалған баталарымыз

Бейсенбіның таңында, төргі бөлмені ертерек жиыстыр. Қонақ келетіндей сәнін кіргіз. Көңіл-күйіңді көтер

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

♨ Бейсенбілік бата

Бейсенбіде әруақтарға арнап жеті шелпек тарату

Қазақтар бейсенбіде әруақтарға арнап иіс шығарады, жеті шелпек таратады

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

🌓 Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

****

Атымтай атамыз өмірінде талай мықтымен белдесіп, талай батырды мысы басып, мерейі үстем болған батыр да, ақын кісі болатын

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☀ Уа дүние, мен келдім!

Шуылдақ Шадырманның өлеңдері

Соқаның шаңынан
Аттың дүбірін көрдім

Маңдайдан шыққан қара тер...
Елімнің ертеңін көрдім

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Арқамандық шежіре - генеалогиялық технологиялар әлемі

Қазақы шежіренің түйткілдері

Біздің халыққа Қазақ деген атау беріліп, сол атаумен біраз уақыт өмір сүріп келді. Көп қиындыққа тап болды, нақтысын айтқанда өсіп-өне алмады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

📱 Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Dimensity SoC чипсеті орнатылған Vivo X100 Pro Қытай нарығында бәсекелестерінен асып түсуге жақын

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☕Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Осы жылдың маусым айында таныстырылған Lexus LBX кроссовері Жапон нарығында сатылымға шықты

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

Lazzarini Design Studio Banner
Ferrari  маркасының парақшасы

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?