Осы орайда негізгі мәселелерді көрсете кетсек
Трамптың тарифтері Қытайдың жалғыз проблемасы емес екендігінің үш себебі
АҚШ - Қытай арасындағы тауар айналымы. Трамп салмақ болған қосымша баж салығы, Қытайдың алдынан шығатын жалғыз қиындық емес.
***
АҚШ -тың сайланған президенті Дональд Трамп көмекшілері арқылы қытай коммунистік партиясының бірінші хатшысы Си Цзиньпинмен сөйлескенін айтты.
Екі ел арасындағы сауда-саттықтан АҚШ тарабы қосышма баж салығын салу арқылы, Қытай тауарларының экспансиясын кідірті әрекеті жасалады деп мәлімдеген болатын Трамп.
2024 жыл, Қытай экономикасындағы өсу 5% құрап, соңғы онжылдықтағы ең төмен көрсеткіштің біріне ие болды.
Қытай үкіметінің алдында келелі экономикалық мәселелер тұр. Оның қатарында:
- елдегі жылжымайтын мүлік дағдарысы
- жергілікті үкіметтің қарызының көптігі және
- жастар арасындағы жұмыссыздық болып отыр.
***
Көпқабатты тұрғын үйлердің қаңырап тұруы, қымбат бағаның салдары
Қытай басшысы жігерлендіру сөзін айта келе: "Әдеттегідей жел мен жаңбырда өсеміз, қиын кезеңдерде күшейеміз. Біз сенімге толы болуымыз керек"- деген тін.
Пекиндің экономика сарапшылары алдағы жылдарға «шамамен 5%» экономикалық өсуді болжап отыр. Дүниежүзілік банк сарапшылары да, елдегі несие шығындарының төмендеуі мен экспорттың артуының арқасында, мемлекет экономиканың жылдық дамуын 4,9% деңгейінде ұстап тұра алады деп бағалауда.
Дегенмен, Қытай экономикасына қаражат құямыз деген инвесторлар Трамп үкіметінің экспортқа шектеу қою шараларының қаншалықты қатаң болатынын білмей, дал болуда. Естеріңізге сала кетсек, Трамп жылына $500 млрд көлемінде Қытай тауарларына баж салығын салатынын мәлімдеген болатын.
Алайда, бұл қытай экономикасын тұралатып тастайтын жағдай деген сөз емес, өйткені салықтық төлемнің ауыртпалығы, айналып келгенде американдық тұтынушының иығына түседі.
Мұнан бөлек, американ-қытай экономикалық қарым-қатынасында орын алып отырған мәселелер бар, және олар, Трамптың салатын кедендік баж мәселесінен анағұрлым әсерлі болмақ.
Қытайдың тұрғын үй нарығында қаңырап қалған ғимараттар өте көп
Осы тұрғыда Қытай экспортты ынталандыру үшін, юань курсын төмендетуді жалғастырады. Оның басты алғышарты, базалық ставканың төмендеуі. Соның арқасында Қытай экономикасына қаражат көбірек құйылып, юаньның құны төмендей түспек.
Ал төмен юань курсы, экспортты ынталандырып, қытайлық кәсіпорындардың жұмысын жандандыра түседі.
***
1. Тарифтер қазірдің өзінде Қытай экспортына зиянын тигізуде
Қытай экономикасының өсуіне себеп болатын басты алғышарт - экспорт болатын. Қытайдың экспортталып жатқан тауарларының құрамында жылдан-жылға жоғары технологиялық, терең өңдеуден өткен тауарлар артып келеді.
Олардың қатарында гибридті жетекті және электр жетекті автомобильдер, өнеркәсіптік роботтар және 3D принтерлердің үлесі жоғарылап келеді.
Мысалы, жақында қытайдағы көрмеде, толығымен 3D форматта дәнекерлеп, деталь жасай алатын роботты бар-жоғы $4000 -ға ұсынып отыр.
Еуропалық кәсіпорын иелері үшін, бұл тіпті күлкілі баға. Бір жұмыскердің айлығының орнына бір толығымен автоматтанған робот сатып алу, оларға да тегін сый бергенмен бірдей.
Алайда, дамыған мемлекеттер Қытайдың жоғары технологиялық экспортына шектеу қоюды мықтап қолға алды. Басты мақсаттары отандық, жергілікті өндірушілерді қорғау деп, мысалы Еуроодақ қытайлық автомобильдерге қосымша кедендік баж енгізді.
Бұрындары еуропалық модельдерден 30% шамасында арзан тұратын қытайлық BYD, XPeng, Xiaomi секілді брендтердің өнімдері, ендігі кезекте баға жағынан еуропалық модельдермен бағасы шамалас болып қалды.
Баж салығын енгізгендер қатарында Канада да бар.
Негізгі дамыған, алып нарықтар тосқауыл қойып жатқаннан соң, қытайлық экспортерлар өз назарын дамушы нарықтарға аударуға мәжбүр болады. Алайда ол елдермен тауар айналымы дамыған елдермен жүрген сауда деңгейіне жете алмайды.
Ал бұл өз кезегінде қытайлық экспортерлардың қаржылай түсімін азайтады.
Жалпы алғанда Қытай 2035 жылға қарай, арзан тауар экспортынан гөрі, жоғары технологиялық тауар өндірісіне бет бұрмақ. Ол коммунистік партияның алға қойған мақсаттарының бірі.
Қытайдың экспорттық құрылымында жоғары технологиялық өнімдер артып келеді. Әлемдік электрокар нарығының көшбасшысының бірі - BYD
2. Қытайлықтардың қаржы жұмсауы ойдағыдай емес
Қытайда үй шаруашылығының жинаған ақшасы, жылжымайтын мүлікке жұмсалып, ақшасы бар адамдар үй немесе пәтер алуға ұмтылады. Соның арқасында жылжымайтын мүлік құрылысы мен саудасы қарқындап дамып, нарық дағдарысқа түскенге дейін, құрылысшы, архитектор, интерьер дизайнері, цемент зауыттары... секілді ойыншыларға миллиондап жұмыс орнын берген болатын.
Алайда, соғылған ғимараттардың бос тұруы өте көп, бағалар құлап жатыр, ал оны сатып алатын алымсақ азайып кеткен.
Оның басты себебі, құрылыс деңгейі мен салынып жатқан ғимараттар тым көп, ал оны алатын адам жоқ...
Жылжымайтын мүлікке келген дағдарыс басқа жаққа да кеп қала ма, деген қорқыныш, адамдарды артық ақша жұмсаудан тыйып отыр.
Ал ол кезегінде ішкі нарыққа жұмыс жасайтын кәсіпкерлердің сауда деңгейіне тікелей әсер етуде.
Қытай үкіметі тарапынан ынталандыру шараларының арқасында, жылжымайтын мүлік саласындағы дағдарыс осы 2025 жылы еңсеріледі деп күтілуде.
***
Жағдайды зерделеп, талдаған Уолл-стрит алыбы Goldman Sachs сарапшылары осы дағдарыс, Қытайдың экономикалық дамуына "көпжылдық кедергі" болатынын жазуда.
2020 жылғы пандемияға дейін қытайлық үй шаруашылықтарының тұтыну деңгейі 59% болса, 2024 жылы ол көрсеткіш бар жоғы 29% құрап отыр.
Үй шаруашылықтарының тұтыну деңгейін арттыру үшін, қытай үкіметі көптеген ынталандыру шараларын қолға алған. Оның ішінде кір жуғыш машиналарын жаңартып алу, микротолқынды пештің ескісін жаңасына ауыстыру... секілді жеке-дара акциялар жариялап отыр.
Алайда, экономикалық ахуалды жақсартуға түбегейлі өзгерістер керек деп санайды сарапшылар.
***
3. Бизнес өкілдері бұрынғыдай Қытайға зауыт салуға асығып жатқан жоқ
Жаңа экономикалық саясат аясында, «жаңа өндіргіш күштер» деп аталатын озық салаларға инвестиция жасауға уәде берді.
Жалпы алғанда, осы уақытқа дейін бұл бағыт Қытайға күн батареялары мен электр көліктерінің аккумуляторлары сияқты жаңартылатын энергия өнімдері сияқты тауарлар өндірісінде көшбасшы болуға көмектесті.
АҚШ баж салығын арттыратынын естігеннен соң, АҚШ нарығына жол жабылып қалады деп, Қытайға жаңа өндіріс салуға ұмтылған инвесторлар да аяқ тартып отыр.
Оның үстіне, АҚШ саясаты жоғары технологиялық өндірістерді өз отанына қайтару саясатын ұстана бастағандықтан, Қытай әлемдік фабрика атағынан айрыла бастауы да мүмкін...
Осы атақтан айрылмау үшін, Қытай үкіметі ынталандыру шараларын қолданып отыр. Алайда, АҚШ тарифтерінің келтіретін зиянының орнын толтыруға, ол ынталандыру шаралары қалпына келтіре алмайтындығы айтылып отыр.
Оның үстіне, Қытайдың Тайваньға байланысты сыртқы саясаты да белгісіздеу боп отыр. Ертең әскери іс-қимыл басталып кететін болса, кәсіпорындар мен олардың өнімдері санкция мен эмбаргоның астында қалатыны анық.
Сол себепті, Қытай аумағында жаңа зауыт салушылардың саны ұлғаймай отыр.
Осы орайда Бейжің не үлкен, батыл шараларды қабылдауы керек немесе экономиканың соншалықты жылдам өспейтінін мойындауы керек, деп жазды Goldman Sachs-тің Қытайдағы бас экономисі Хуэй Шан жақында жасаған баяндамасында. Әрі қарай айта келе, «Біз олардан біріншісін таңдайды деп күтеміз» деп қосты.
***
«Қытайға жылжымайтын мүлік нарығын тұрақтандыру және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті жұмыс орындарын құру қажет», - деді Standard Chartered Bank-тен Динг мырза.
China Dissent Monitor зерттеушісінің мәліметі бойынша, Қытайда 2024 жылдың маусымы мен қыркүйегі аралығында жұмысшылар мен меншік иелері бастаған 900-ден астам наразылық акциясы болды, бұл бір жыл бұрынғы кезеңнен 27% көп.
Экономикалық шағымдар мен байлықтың тозуы нәтижесінде пайда болатын мұндай әлеуметтік шиеленіс Қытай Коммунистік партиясын алаңдатып отыр.