АрқамандықЕрқайысТоқшылық
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің шабуылына Украинаны айыптап отыр

Трамп Украинаны жығып бере ме?..

Әлқисса...

Ресейдің Украин жеріне баса-көктеп кірген кезінен - 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап, алдына қойған әскери мақсаттарына жетті деп айту - артық кетуге алып келетін болар.

Бастапқыдағы

- Киевті 3 күнде

- денацификация

- демилитаризация

- саяси басшылықты ауыстыру... секілді мақсаттың біріне қол жеткізе алмады.

***

Ендігі кезекте, осылай кете берсе, тағы 2-3 жылда соғыс шығындарын көтере алмаған ресей экономикасы гипернифляцияның астында қалып, Кеңес Одағының кебін киетіндей боп көрініп келе жатқан...

Осы арада бір нәрсені ескере кеткен жөн, Мәскеудің шпиондық әрекетінің мықты екеніне тарих куә.

***

Зеленский Трамп пен Путинге шағыла қоятын оңай жаңғақ емес екендігін көрсетіп келед

Зеленский Трамп пен Путинге шағыла қоятын оңай жаңғақ емес екендігін көрсетіп келед

***

Мемлекеттердің саяси басшылығын ғана емес, олардың зиялы қауымын, онымен қоса байлары мен магнаттарын да өзіне қаратып ала-алатындығын талай көрсеткен болатын.

- Ядролық қаруды жасау жолдары

- қару-жарақ пен микроэлектрониканың үздік үлгілерінің сызбасын ұрлау

- шетелдің барлау қызметтеріне өз адамдарын орналастыру

- бұқаралық ақпарат құралдарын сатып алу... бұл ресейлік агентураның жасай алатын шаруасының бір бөлігі ғана.

***
Соның ішінде, АҚШ -тың 47 президенті, Дональд Трампты қандай да бір жолмен өздеріне қаратып алғаны да айқын болып отыр.

Ал мұның Украинаға қатысы тікелей болса, украин халқының тағдырына бүкіл Еуразия кеңістігіндегі халықтардың тағдыры байланысты боп отыр.

Украинаның жеңілісі, Еуропаның жеңілісі болады. ал ол өз кезегінде Еуразиялық кеңістіктегі Ресейдің салмағын арттырып, кезіндегі Кеңес Одағының позицияларына қайта ие болудың алғышарты деп қарастырылатыны да рас.

***

Украинаны жаулап алғасын, соғыс өртін Балтық жағалауындағы елдерге қарай ауыстыру арқылы, Ресей өзінің сауда және әскери флотын Балтық теңізінде емін-еркін ойқастатпақ екені де мәлім...

Осы орайда Қазақстан туралы өте қысқа айта кетсек... Қазақстан тарапына көз аларту ресейліктерге Қытай, Түркия секілді аймақтық алпауыттармен соқтығысуға алып келуі бек мүмкін...

Сол үшін, оңтүстік майданды игере алмасын сезіп отырған шовинистер, қыстыгүні көк шөпті аңсаған көк тоқтының кебін киіп отырғаны бар енді...
***

Украинаны ойыннан шығарып, Ресеймен өзара келісім жасасып, екі күшті әлемді бөліп ала саламыз деген ойлары бар болса керек. 1945 жылғы Ялта кездесуінде Сталин, Рузвельт пен Черчиль әлемнің қай түкпіріне кімнің ықпал ететінін қалай бөліп алса, Украинаны Ресейге бере салып, қалған жағына ие бола салам (Канада, Панама,  Гренландия...) дегені де сол үшін жасалып жатыр ау...

18 ақпан 2025 ж. Сауд Арабиясындағы АҚШ - Ресей кездесуіне украин тарапы да, Еуропалық өкілдер де шақырылған жоқ. Екі мықты болып өзара шешеміз, біздің келісімімізді тек мақұлдайсыңдар... деген сыңай танытылды.

Бұл жағдайға Ұлыбритания, Франция секілді мықты аумақтық лидер елдер келісе алмай отыр. Бәрінен де бұл жағдай Украинаға тиімсіз боп отыр.

Ендігі кезекте, сөз Еуропа мемлекеттерінде. Солардың іс-қимылына қарап, Украина не құтқарылады, не Ресейдің талауына тасталады...

Ал соңғы жаңалықтарға сүйенсек, Трамп соғыс өртін Украина жақты деп отыр, шімірікпестен...

No comments

Құтты жаңалықтар, құтты өмір

Аналитика, жаңалықтар, бағыттар


🫶 Басты
☿ Шежіре
👽 Технология
🛸 Арқамандық
💥 Блогтар
🌐 Әлем жаңалықтары
🛰 hi-tech
⭐ Қазақстан жаңалықтары
🎬 Кино, өнер
🎭 Шығарма
📡 Украина жаңалықтары
🌣 Билік
🏢 Технологиялық компаниялар
🥷 Әскер
☂ Халықаралық ұйымдар
🤵 Тұлғалар
🌍 Мемлекеттер
🗺 Жерлер

Жеке даму бағыты