АрқамандықЕрқайысТоқшылық
🛖 Жужан қағанаты

V ғасырда Солтүстік Моңғолияда көшпелі өмір салтын ұстанған Жужан қағандығы (402 - 552) құрылды.

Қытай жылнамаларында қағандықтың негізін салған тұтқын Могулюй (Өгілей) құл деп көрсетілген, ол төңірегіне өзі сияқты азат өмірді аңсағандарды топтастырып, күшті жауынгер жасақ ұйымдастырады. 

Бұлардың көпшілігі бұрын ¥лы Ғұн ордасының құрамында болған тайпалардан шыққандығы белгілі.
Жужандар қауымдастығы алғашқыда Орталық Хангай тауларының шығыс баурайында орналасты. Дэулань Шелунь (Челухой) әміршінің билігі тұсында (402 - 410) қауымдастық едәуір дәрежеде күшейіп, ол бұдан былай өзін қаған (мемлекет басшысы) деп жариялады, ал қауымдастық Жужан қағандығы деп аталды.

Дэулань Шелунь қаған Солтүстік Қытайдағы Юань Вэй мемлекетімен арадағы қақтығыста жеңіліс тапқанымен, жужан тайпаларының күшімен Солтүстік Моңғолиядағы Чаосяннан (қазіргі Кореяның солтүстік аймақтағы облыстары) Қарашарға дейінгі алаптағы көлемді жерлерді иеленді.

Гаогюй тайпаларын өз қарауына бағындырып, Юань Вэй мемлекетінің құрамындағы Гоби шөлінен солтүстікке қарай ұзыннан-ұзақ созылып жатқан орасан зор аймақты басып алды.

Жетісуда Үйсін ордасы иеліктері жужандардың озбыр шапқыншылығына жиі ұшырап тұрды. Дэулань Шелунь қағаннан кейін оның мұрагерлері мемлекет аумағын одан әрі кеңейтіп, Моңғолияда 150 жылдай уақыт билік құрды.

Жужан қағандығы Үлкен Хангайдың шығыс, батыс баурайларын, Іленің жоғарғы ағысы бойындағы өңірлер мен Жоңғарияны, Селенганың биік аңғарларын, Хэ-си, Гаочан аймақтарын қамтыған көлемі үлкен аумақты алып жатты.

Қытай деректерінің бірінде «жужандардың отаны ұлы құм дала Гоби болды» делінсе, екінші бірінде «олар Гоюиде қыстап, жазды Хангай тауларында өткізетін» деп айтылады. Қалай болғанда да, жужандар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқаны анық.

Жужандар Қытайдың солтүстігіндегі мемлекеттермен бірқатар соғыстар жүргізді. 425 жылдан бастап Юань Вэй мемлекетінің императоры Тоба Дао оған қарсы соғыс ашады. 

Осы кезеңдерде жужандарға дұшпандық ниеттегі гаогюй тайпалары көтеріліп, оның күш-қуатын әлсіретеді. Алайда, У-ди қаған тұсында жужандар Қытайдың солтүстігіндегі шекараларына қайтадан шабуыл жасайды. 

VI ғасырдың ортасында билеуші топтардың өзара бітіспес қырқысы салдарынан мемлекет күйзеліп, шаруасы құлдырайды.

Жужандар билігіндегі көк түріктер (Ашина тайпасы) осы кезде күшейіп, аймақтағы елеулі саяси күшке айнала бастайды. Ашина тайпасының көсемі Бумынға Юань Вэй мемлекеті 545 жылы елші жіберіп, одақтастық шарт жасасады. 

Осы жыл Түрік қағандығының құрылған жылы болып есептеледі. 546 жылы бұрын бағынып келген теле тайпасы да Түрік қағандығына қосылып кетеді. Күшейіп алған түріктер 552 жылы оған жойқын шабуыл жасайды. 

Жужан қағандығының соңғы қағаны Анахуан (кейбір деректерде Анағұй делінген) түріктерден жеңіліп, масқаралыққа төзбей, өзін-өзі өлтіруге мәжбүр болады. 

Жужандардың аман қалған бөлігі батысқа қарай үдере көшеді. Түркі әскерлерінің қолбасшысы Естемір оларды Каспий теңізінен әрі түре қуып тастайды.

Жужандар Еуропа тарихшыларының деректерінде «аварлар» деп аталып, Дунай мен Солтүстік Кавказға қоныстанады. Түрік қағандығы мен Византия империясы арасындағы халықаралық қарым-қатынастарда аварлар мәселесі қашанда дау туғызып отырған.

No comments

Құтты жаңалықтар, құтты өмір

Аналитика, жаңалықтар, бағыттар


🫶 Басты
☿ Шежіре
👽 Технология
🛸 Арқамандық
💥 Блогтар
🌐 Әлем жаңалықтары
🛰 hi-tech
⭐ Қазақстан жаңалықтары
🎬 Кино, өнер
🎭 Шығарма
📡 Украина жаңалықтары
🌣 Билік
🏢 Технологиялық компаниялар
🥷 Әскер
☂ Халықаралық ұйымдар
🤵 Тұлғалар
🌍 Мемлекеттер
🗺 Жерлер

Жеке даму бағыты