50 жыл бойы Қытайға тәуелділікте болып (630 - 681)»
681 жылы көтеріліске шығуы нәтижесінде қайта жанданған Шығыс Түрік қағандығы кейбір ғылыми әдебиеттерде Екінші Шығыс Түрік қағандығы деп аталады.
Шығыс Түрік қағандығы өз империяларын қалпына келтіру үшін 679 жылдан бастап көтеріліске шығады. Алғашқыда көтеріліс халықтық сипат алғанымен, кейін ол толығымен жаншылып тасталады.
Арада жылға жуық уақыт өткенде жаңа көсемдері бар көтеріліс қайтадан бұрқ ете түседі. Бұл жолы оған қытайша білім алған ақсүйектер жетекшілік еткен болатын.
Сондай көтеріліс басшыларының бірі Құтлық еді. Ол алдымен қытайлардың одақтасы - ұйғырларға шабуыл жасап, олардан көптеген жылқыны айдап кетіп, қарамағындағы көтерілісшілерді атпен қамтамасыз етеді.
Шендердің ескі жүйесін қалпына келтіріп, қатаң тәртіп енгізеді. Көтеріліске қытайша білім алған адамдар көптеп тартылады.
Солардың бірі - Тоныкөк еді. Ол көтеріліс барысында өте үлкен рөл атқарады.
Құтлық 682 жылы әскерін ұйымдастырып, келесі жылдан бастап белсенді қимыл жасауға көшеді. Түрік атты әскерлері тұтқиылдан берілген соққыларымен Ордостан шығысқа қарайғы ¥лы Қорғанның бойындағы бекіністердің тас-талқанын шығарады.
Түріктер бес әскери округті тонап, тек алтыншысында ғана қарсылыққа тап болады. Көтерілісшілер Сарыөзеннен Алтай тауларына ығыстырылады.
Дегенмен, қытайлықтар үшін ендігі жерде түріктер алынбас қамалдай көрінді. Сондықтан қытайлықтар оларға қарсы өздерінің көрші одақтастарының күшін, бірінші кезекте ұйғырларды пайдалануға күш салды.
Өз мемлекетін құрған Құтлық Қытаймен күресті жалғастырады. Халхада Түрік ордасының пайда болуы мұнда мекендеген тоғыз-оғыздар мен басқа да телестік тайпалардың еркіндігіне қауіп төндіреді.
Өйткені, олар Қытайға шын берілген бағыныштылар болатын. Били атты тоғыз-оғыздың бас қағаны түріктерге қарсы соғыс әрекетін өз қолына алады.
Тоныкөк ескерткіші. VIII гасыр. Моңголиядагы Селенга өзенінің бойында
Ол Құтлыққа бірлесіп шабуыл жасайық деген ұсынысымен Қытайға және қидандарға елшілерін жібереді. Келісім бойынша оңтүстіктен қытайлар, шығыс жағынан қидандар, солтүстіктен ұйғырлар шабуыл жасауға тиіс болатын.
Бірақ Құтлық бұл жоспарды алдын ала біліп қойып, бірінші болып соққы беруді ұйғарады.
Құтлық бір мың атты әскерді батысқа аттандырып, Құрданды Арал маңының шөл далаларын жаулап алуға жібереді.
Тоныкөктің қолбасшылығымен екі мың салт атты солтүстікке аттанып, өздерінің шабуылын бастаған тоғыз-оғыздардың алдынан шығады. Екі жақтың әскері Тола өзені маңында кездеседі.
Тоныкөк мүсінінің басы
Ұйғырлардың 6 мың адамы болғанына қарамастан, түріктер оларды талқандап тастайды. Бас қағаны қаза тапқан соң тоғыз-оғыз халқы түрік ханына бағынады.
Бірақ батыс бағытындағы жорық сәтсіз аяқталады. Бұл әскер жолда түркештерге тап болып, қолбасшысы Ашидэ Юань Чжен соғыста қаза табады.
Сонымен, түріктер үшін батысқа жол жоқтығы анықталды. Бірақ солтүстікті қоныстануға мүмкіндіктері бар еді.
Сондықтан Құтлық өз ордасын Өтукеннен Хангай беткейіндегі таулы орманға көшірді. Міне, осы жерде екінші қағандық пайда болды.
Деректерге сүйенсек, бұдан кейін Құтлық 47 жорыққа шығып, 20 шайқасқа қатысады.
«Дұшпанын келісімге мәжбүр етеді, тізеліні - бүктіреді, бастыны - идіреді».
Талай жеңістерге қол жеткізген ол 693 жылы дүниеден өтеді. Таққа енді Қапаған қаған атағын қабылдаған оның інісі Мочжо отырады.
Толадағы жеңіс түріктердің қолына бүкіл дерлік Халханы алып берді. Бірақ мемлекет қиын жағдайда болды, өйткені, жаңадан қол астына қараған ұйғырлар сенімсіз еді.
Империя иеліктері қағандықты шығысынан, оңтүстігінен және батысынан қапсырып жатты. Сібірде түріктерге қас қырғыз хандығы болды және ең бастысы түріктердің үлкен бөлігі Ордоста жау қолында қалды.
Қапаған қаған бірінші кезекте соларды құтқаруға кіріседі.
694 жылы түріктер Қытай шекарасына шапқыншылық жасап, оларға қатты соққы беріп, көптеген тұтқын әкетеді.
695 жылы Қытайға қарсы қидандар мен татаптар көтеріліс жасайды. Қапаған қаған осы жағдайды пайдаланып, император әйелге бұл көтерілісті басып берейін деген ұсыныс айтады.
Осындай көмегі үшін император сый ретінде оны хан деп мойындады, оған әскери шен мен бектік құрметті атақ берді.
Қапаған қаған қидандардың тасталқанын шығарып, оларды орман шатқалдарына шашырап кетуге мәжбүр етеді. 697 жылы түріктер солтүстік-шығыс Ордосты жаулап алады.
Тоныкөк әскері 23 қаланы қиратып, жеңістерге жетеді. Мұнан кейін қаған қытай императорына келісімге келуді ұсынады.
Бірақ ондай ұсынысы қабылданбай қалғандықтан, қидан жерінен әскерін әкетеді.
Соны пайдаланған қидандар бірігіп, Қытайға жорықты қайта бастайды, ал өздеріне қарсы жіберілген 170 мың адамнан тұратын қытай әскерін талқандап жібереді.
Қидандарға қарсы әскери қимылға көмек керек болғандықтан, император әйел түрік қағанының барлық талаптарына келісуге мәжбүр болады.
Осыдан бастап түріктер күшейе бастайды. Соңынан түріктер қидандардың бүлігін басуға көмектесіп, ал қидандардың аман қалғандары түріктерге бағынады.
Сөйтіп, 697 жылы Қапаған өз иелігіне Маньчжурияны қосып алады.
Осыдан кейін қидандар Түрік қағандығының боданы күйінде қытайлармен соғысуын жалғастыра береді.
Батыс Жоңғарияны мекендеген шулық тайпаларын бағындыру үшін қаған жиендері Могилян мен оның он алты жастағы інісі
Күлтегін жорыққа шығады және 701 жылы оларды өздеріне бағындырып алады.
Түріктердің қытай жерлеріне шапқыншылық жасап, тонауы 703 жылға дейін жалғасқан.
Сол жылы Қапаған қаған өз елшісіне келіссөз жүргізуді тапсырады. Бірақ келіссөз үш жылға созылып, сол аралықта соғыс қимылдары тоқтап тұрады. Дегенмен, Қытай ұйғырларды өз жағына шығарып алады.
Қапаған қытай императорының мүндай екіжүзділігіне орай, 706 жылы солтүстік Қытайға баса көктеп кіріп, оның түрақты әскерін талқандайды, екі жылдан кейін тап осындай жорық тағы қайталанады.
709 жылы табғаш, түркеш және қырғыз қағандары Түрік қағандығына қарсы одақ құрады.
Түріктер қоршауда қалып, одан шығатын жол іздейді, тақтың заңды мұрагері Могилян тұйықтан шығудың жолын табады.
Ол 709 жылы чиктердің облысына басып кіріп, Енисейдің бас жағынан арғы жағасына өтіп, олардың әскерін тас-талқан етеді және соңынан қалғандарын бағындырады.
Осылайша қазіргі Туваның бүкіл аумағын өзіне қаратып алады, ал басты жауы - Қырғыз хандығы табиғи қорғаныс саналатын Саян жоталарын тасалап аман қалады.
Култегін жазба ескерткіші, Моңголиядагы Орхон озенінің бойында Ежелгі туріктерден қалган
***
Бірақ Тоныкөк оларға кенеттен күйрете соққы беруді ұйғарып, әскерін Саян жоталарына ұрымтал жерден өткізіп, күтпеген жерден қырғыздарды талқандайды.
Одақ құрғандардың бірі осылайша тізе бүгеді.
Түркештерге Қапаған қағанның өзі шабуыл жасауға тәуекел ете алмайды, өйткені, оның негізгі күші шығысқа шоғырландырылған еді. Ол тек түркештерге қарсы 20 мың атты әскерді тосқауыл етіп қояды.
Бірақ бұл әскермен Тоныкөк қарсы жорыққа аттанып, күтпеген жерден түркештердің әскеріне шабуыл жасайды.
Ақыры түркештердің қағаны Согені қолға түсіріп, талқандалған әскерін оңтүстікке қуа отырып «Темір қақпаға» дейін жетеді.
Алайда түріктердің одан әрі жылжуын Орта Азияға оңтүстіктен кірген арабтар тоқтатады.
Осы шабуылдар кезінде Күлтегін даңққа бөленеді.
710-711 жылдары батыстан келетін қатер толық жойылды.
Дегенмен, Қара Ертіс жағалаулары мен Тарбағатайды мекендеген қарлүқтардың көтерілісі басталып, батыс әскерінің күшімен басылды. Ендігі негізгі қауіп шығыстан Қытай тарапынан төнді.
712 жылы үшке бөлінген жүз жиырма мыңдық қытай әскері татаптарға соғыс бастағанымен, тас-талқаны шыға жеңіліп қалады.
Олардың бірнеше ондаған мың әскері қаза тауып, екі генералы түтқынға түседі. Татаптар түтқындарды түрік қағанына табыс етеді, ал ол тұтқындарды өлтіруге бұйрық береді.
Қытай императоры түрік қағанымен келісімге келуге мәжбүр болып, текті князьдің қызын тұрмысқа береді. Бұл түрік әскери күш-қуатының шыңы болды.
714 жылға қарай жағдай өзгерді. Осы жылдың соңына қарай Күлтегінге қарсы соғысушы қарлұқтар, хулувулар және шүніш тайпалары Қытай империясынан өздерін қол астына алуды өтінді. Жетісу және Тянь-Шань маңындағы батыс түріктер бас көтерді.
Татаптар және оның артынша қидандар да империя жағына шықты. Әсіресе, тоғыз-оғыздарға көтеріліс қатты қолайсыздық туғызды.
715 жылдың басында түрік қағанына шын берілген әскерлер көтерілістердің ортасындағы аралға ұқсап қалды.
Тоныкөк қартайып, енді түрік жасақтарын басқара алмайтын болды. 716 жылы ол жетпіске келген еді. Қағандықты сақтап қалу Күлтегіннің еншісіне тиді.
Ол төрт жыл бойы (711 -715) қарлұқтармен шайқасып, тек 716 жылы ғана оларды толығымен күйретіп, қағандыққа бағынуға мәжбүр етті.
Туған жеріне қайтар жолда Күлтегін аздардың қарсылығына ұшырап қалып, оларды Қара көл (Батыс Моңғолиядағы Тотохаранор көлі) маңында қырғынға ұшыратады.
Еліне келгеннен кейін Күлтегін тайпалардың көтерілісін күшпен басады. 716 жылы көктемде Қапаған қаған тоғыз-оғыздарға қарсы жорыққа шығып, Күлтегін хан ордасын қорғауға қалдырылады.
Осы кезде қарлұқтар түріктердің екі майданда соғысу үшін аттары жетіспейді деп есептеп, жорыққа шығады.
Түріктердің негізгі күшінің шығысқа кеткенін пайдаланған олар ордаға екі жақтан шабуылдауға кіріседі. Алайда Күлтегін орданы қорғап қалып, даңқы арта түседі.
Осы кезде Қапаған қаған даланың солтүстігіндегі бүлікшілер жасағын талқандайды.
Бұдан кейін 716 жылы олар байырқу тайпасына Тола өзенінде күйрете соққы береді. Жеңісті жорықтан қайтып келе жатқан Қапаған қаған жолда қаза болады.
Хан өлгеннен кейін Күлтегін әскери төңкеріс жасап, Білге қаған деген лауазыммен өз ағасын таққа отырғызады. Өзі әскердің қолбасшысы, яғни қағандықтың негізгі қожасы болады.
Тоныкөк біраз уақыт бойы қудаланып жүріп, ақыры 718 жылдары мемлекеттік кеңесші қызметін иеленеді.
Қағанның өлімінен кейін мемлекетте оң өзгерістер басталып, кезінде көтеріліс жасап қашып кеткен телес тайпалары қайтып орала бастайды.
Білге қаған қарсылығын әлі де тоқтатпай отырған ұйғырларға тарпа бас салып, әскерін талқандайды. ¥йғыр елтебері жүз салт аттымен шығысқа қашады.
Осыдан кейін Білге қаған Хинганға ұмтылып, татаптарға соққы береді. Түріктердің батыстағы әскері қарлұқтарды талқандайды.
Сонымен Солтүстік Жоңғария түріктердің қол астына өтеді. 717 жылдың соңына қарай дала қайтадан түрік қағанының иелігінде болды.
Орхон өзенінің бойындагы Екінші Түрік қағандығы дәуірінде жазылган Білге қаған ескерткішінің бір бөлігі
720 жылы Қытай империясы түріктерге қарсы әрекетін бастайды. Олар оңтүстік-батыс Жоңғарияны мекендеген басмыл тайпаларын түріктерге қарсы одаққа тартады.
Чаньаньде жасалған жоспар бойынша қидандар, татаптар және басмылдар әр түрлі жолдармен бір мезгілде Білге қағанның ордасына жетіп, оны ұстап алуға тиіс болатын.
Оларға қолдау көрсету үшін империяның 300 мың адамнан құралған әскері жұмылдырылады.
Тоныкөк олардың бір-біріне қосылуына мүмкіндік бермей, жеке-жеке талқандайды.
Алдымен Бесбалық маңында басмылдарды қоршауға алып, оларды берілуге мәжбүр етеді. Осыдан кейін түріктер қытай әскерінің тылына өтіп, көптеген қалалар мен елді мекендерді тонап, кейін қытай әскеріне күйрете соққы береді.
Осы оқиғаның соңынан түріктер 721 жылы қидандарға аттанады. Ал келесі жылы көктемде олар татаптарға тарпа бас салып, оларды жеңеді.
Осыдан соң Таң империясы да, оның даладағы одақтастары да соғысты жалғастыруға шамалары келмейді.
Білге қағанның батыл қимылдарының арқасында 722 жылдан 741 жылға дейінгі жиырма жыл бойы түрік халқы бейбіт өмір сүреді.
731 жылы Күлтегін қайтыс болып, оның жерлеуіне көптеген елдерден арнайы адамдар келіп қатысады. 734 жылы Қытайда елші болған түрік ақсүйегі Білге қағанға у беріп өлтіреді.
Таққа оның ұлы Иоллық Тегін отырады. Ол жазушы әрі тарихшы болатын, өзі екі Орхондық жазу мәтінінің авторы еді. Әкесінің саясатын жалғастырған жас қаған шиеленіскен жағдайды реттеуге тырысты.
Иоллық Тегін тұсында қытайлықтармен арадағы қатынастарды реттеу үшін үш рет елшілік жіберілді. Сонымен қатар Иоллық Тегін қидандардың қытайлықтарға қарсы қозғалысын жақтады.
Құтлығ жабғу (Гуду Шеху) 741 жылы ордаға тосыннан шабуыл жасап, Иоллық Тегін қағанды өлтіріп, Білге Құтлықтың екінші ұлы Сюаньды қаған көтерді.
Бірақ көп ұзамай Сюаньды да өлтіріп, қағандықты өз қолына алды. Билік үшін өзара қырқыс өрши түскен тұста, яғни 742 жылы қағандықтың қол астындағы басмылдар, қарлұқтар, ұйғырлар бір уақытта бірлесе көтеріліске шықты.
Гу-ду Шеху көтерілісшілер қолынан қаза тапты. Одан кейін Пан Күлтегіннің баласы - Озмыш-тегін (Усумишм) билік жүргізді.
744 жылы басмылдар Озмыш қағанды өлтіріп, басын Чаньаньға жіберді. Басмылдар Таң империясы қолдап отырған Озмышты өлтірген соң, Ашина тайпасының ақсақалдары Озмыш қағанның інісі Баймэйді (Аққас) таққа отырғызды.
Бұл кезге дейін Түрік қағандығының қол астында болып келген қарлұқ, басмыл, тоғыз-оғыз тайпалары күшейіп, тоғыз-оғыздардың басшысы Құлбойла 745 жылы Баймэй қағанды өлтіріп, өз қағандығын қүрды.
Ордостағы қытай әскері түріктерді түпкілікті талқандап, оларды барлық жерлерде ұстап алып, қырып-жойды. Осыдан кейін түріктердің даңқы біржолата жойыла бастады.
Сөйтіп, Ашина руының мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.