Мобильді баннер 1
АрқамандықЕрқайысТоқшылық
Қаңлы мемлекеті

Қазақ жерінде құрылған алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің бірі

- Қаңлы мемлекеті (б.з.б. II ғасыр - б.з. V ғасыры). 

 

Мемлекет аты алғаш рет қытай жылнамасы «Шы Жи» - Дауан Лежуанда («Тарихи жазбалар» - Ферғана тарауы) жазылған «Қаң жүй го» деген атаудан алынған. 

Қаң жүй - қаңлы (орыс әдебиетінде «кангюй»), го - «мемлекет» деген мағынаны білдіреді. 

 

Б.з.б. II ғасырдың орта шенінде Іледен Әмударияға қоныс аударған даружылар (¥лы юечжи) тайпаларынан бөлініп қалған рулардың Талас өзенінің бойында қайта бірігуі нәтижесінде құрылған. 

Аумағы шығысында - Талас пен Шудың төменгі ағысының аралығында, оңтүстігінде - Ташкент ойпатының, солтүстігінде Сырдарияның төменгі ағысының аралығында орналасқан. 

Мемлекет билеушісі Дауанның (Ферғана) астанасы Эрти қаласынан солтүстік - батыста ірге тепкен Битянь шаһарында орналасқан.


Ғалымдардың көпшілігі қаңлылардың түркі тілдес халық болғандығына күмән келтірмейді.

 

Қаңлы мемлекетінің б.з.б. I ғасырда дәуірлеген кезеңінде халқының саны 600 мың адамды құрап, әскерінің саны 120 мыңға жеткен.


Қаңлы билеушісінің жеке иелік шекарасы Каспийдің солтүстік жағалауына дейін барған. 

Оларға Арал теңізі мен Еділ өзенінің төменгі ағысының екі арасында билік құрған сарматалан тайпаларының одағы түгелдей қарап, тәуелді болған. 

Деректемелерде көрсетілгендей, әдет-ғұрпы мен киім-кешегі жағынан қаңлылардың сарматтар мен аландардан онша айырмасы жоқтығы аңғарылады. 

 

Қаңлының ұлы билеушісіне 5 жеке иелік бағынған.

Қаңлы мемлекеті өз алдына дербес саясат ұстанып, көрші елдердің сырт жауларына қарсы тойтарыс беруіне жәрдемдесіп отырған. 

Б.з.б. 101 жылы олар қытай әскерінің басқыншылық шабуылына қарсы тұрып, ферғаналықтарға жақтасады. 

Б.з.б. 46 - 36 жылдарда Қытай империясына қарсы көтерілген солтүстік өңірдегі ғұндарға көмек беріп, б.з.б. 85 жылы Шығыс Түркістан қалаларын иемденбек болған қытайлықтарға қарсы көтеріліске шыққан Қашқар билеушісіне көмекке әскер аттандырады. 

Мұндағы Қаңлы елі саясатының басты бағыты Ферғана арқылы Шығыс Түркістанға өтетін сауда жолына жүргізіп тұрған өз ықпалын сақтап қалу еді.

 

270 жылдар шамасындағы бізге жеткен ескі заманғы тарихи мәліметтерге қарағанда, ол жекелеген елдерге арнайы елшілік те жіберіп отырған.

Қаңлы мемлекетінің жоғары дәрежелі билеушісі қытай деректерінде «ваң» (аумақ билеушісі) деп беріледі. Ол өзі өмір сүрген дәуірде саяси, әскери, шаруашылық билікті тікелей қолында ұстаған. 

Одан соңғы билеуші «фу ваң» (орынбасар билеуші) билеушінің мұрагері әрі бас қолбасшысы болған. 

Үшінші орындағы билеушілер «гүй рын» (ақсүйектер немесе төрелер) деп аталып, олар мемлекеттік кеңесші міндетін атқарған. 

Төртінші орындағылар «үнху» - «ябғу» делініп, оған ірі рубасылар мен аймақтардағы ұлыс билеушілері жатқызылған. 

Бесінші орындағылар - «ваньху» - әскери және әкімшілік қызмет атқаратын бастықтар болды. Басқару жүйссі үнсмі дамып- жетіліп отырды.

Б.з.б. I ғасырда мемлекет құрылымының барынша кеңеюіне байланысты елді басқару аумағы бес жүйеге бөлініп, қытай жазбаларында аймақ билеушілері «шао ваң» (кіші патша) атанды. 

Ондай үлкен лауазымдарға ел билеушісінің ұлдары тағайындалып, патшаға тікелей бағынды. Қаңлы патшасы өзі мекендеген солтүстік өңірді (Талас өзенінің аймағы) жеке басқарды.

Қоңыртобедегі қаңлы обасынан табылған асыл тастар. Б.з. IV— V ғғ.

Қоңыртобедегі қаңлы обасынан табылған асыл тастар. Б.з. IV— V ғғ.

 

V ғасырдың ортасында оның күш-қуаты кеміл, әбден әлсірегендіктен, Ак ғұндар (Эфталит) мемлекетінің кұрамына енді. Бұдан кейінгі кезенде ол тайпа атауымен ғана белгілі болып қалды. 

Орта ғасырларда бірін-бірі алмастырған алуан түрлі түркі мемлекеттерінің құрамында болған қаңлы тайпалары Орта Азиядағы көптеген саяси оқиғалардың нағыз бел ортасында жүріп, мұндағы халықтардың этногенезіне өзіндік ықпалын тигізді.

Қаңлылар сол дәуірде мал шаруашылығымен айналысқан (сиыр, жылқы, қой, ешкі ұстаған), суармалы ойпаттарда дәнді дақыл егіп, жайқалтып бау-бақша өсірген. 

Қазба жұмыстарын жүргізу барысында елді мекендердің ескі жұртынан бидай сақтаған ұралар, қол диірмен, астық пен бау-бақша өнімдерін сақтайтын құмыралар табылды. 

Жер тас соқамен жыртылып, егістікті өңдеуге сүйек құралдар да қолданылған. Жазба деректер мен археологиялық қазбаларға қарағанда, қаңлы тайпалары Орта Азия мемлекеттерімен, Кавказдың бергі жақ бетімен, Рим, Қытаймен тығыз қарым-қатынаста болған.

Қаңлы әйелінің киімі 

Қаңлы әйелінің киімі 
Б.з.б.ІІ ғ. б.з.ІV ғ.

No comments

Құтты жаңалықтар, құтты өмір

Аналитика, жаңалықтар, бағыттар


Басты бет
☘ Технология
Арқаман
Блогтар
Әлем жаңалықтары
hi-tech
Қазақстан жаңалықтары
Кино, өнер
Шығарма
Билік
Украина
Сирия
Оңтүстік Корея

Жеке даму бағыты