Мобильді баннер 1
АрқамандықЕрқайысТоқшылық
Сармат-Савромат бірлестігі

Ежелгі дәуірде Қазақстанның батыс өлкелерін, Оңтүстік Орал алқаптарын мекендеген

сармат-савромат тайпалары түркі - халықтарының, қазақ ұлтының қалыптасу тарихына терең із қалдырған алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің бірі.

«Сарматтар», «Сарматия» сияқты атаулар ежелгі дәуірдегі жазба деректерінде кездеседі.

Грек деректерінде сарматтар б.з.б. IV ғасырдан, яғни олардың Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Орал өлкелерінен батысқа қарай жылжуы басталған кезден бастап үшырасады. 

Осы кезде, яғни б.з.б. 339 жылы Қара теңіз скифтерінің атақты патшасы Атей өліп, бүдан соң Скифияда үлкен саяси-экономикалық дағдарыс қалыптасады. 

Сармат мүсіні

Сармат мүсіні

Скиф мемлекетіндегі осы қиындықты пайдаланған сарматтардың шығыстан жылжыған түрлі топтары үнемі соғыса отырып, скифтерді талқандайды. 

Б.з.б. II ғасырға қарай сарматтар Қара теңіз скифтерінің патшалығы аумағында өз билігін орнатып, Шығыс Еуропа даласында үстемдікке қол жеткізеді. 

Б.з.б. II ғасырдың соңында олар сақтармен одақтасып, Диофант әскерлеріне қарсы шығады. Боспор әулетінің өзара жауласу соғыстарына қатысады. 

Сармат жауынгерлері. Б.з.б. VI  - I ғасырлар. Қ.С. Ахметжановтың "Жараған темір кигендер" кітабынан

Сармат жауынгерлері. Б.з.б. VI  - I ғасырлар. Қ.С. Ахметжановтың "Жараған темір кигендер" кітабынан

***

Боспор қалаларына біртіндеп қоныстана бастаған сарматтар олардың түрмысына, қоғамдық өміріне және әскери ісіне әсерін тигізеді. 

Б.з.б. 179 жылы сармат патшасы Гатал Кіші Азия мемлекеттерін өз одағына кіргізеді. Б.з.б. I ғасырда сарматтар Понтий патшасы Митридат VІ-мен одақтасып, Римге қарсы шығады.

Сарматтардың шығыс тобы экономикалық және саяси жағынан Орта Азия мемлекеттерімен, әсіресе, Хорезммен тығыз байланыста болды.

Б.з. I ғасырынан бастап сарматтар бірнеше рет Кавказ бойына шабуыл жасайды, ондағы жекелеген мемлекеттермен одақтасады. 

Олар Дунайда да пайда болып, бір бөлігі (негізінен, языгтар мен роксоландар) Рим империясының шекарасына жақын қоныстанады. 

Соғыс өнерін жете меңгерген сарматтар Риммен әскери қақтығыстар жасап отырады. Император Август тұсында жасалған Рим әлемінің картасындағы 24 облыстың тоғызыншысы «Сарматия» деп аталған. 

Ежелгі Рим саркофагындағы сармат мүсіні

Ежелгі Рим саркофагындағы сармат мүсіні

***

Страбонның «Географиясында» (б.з.б. 65 ж. - 25 ж.) языг, роксолан, аорс, сирак сиякты сармат тайпаларынын аты беріледі. 

Қазіргі ғалымдар алдыңғы екеуін еуропалық, ал кейінгі екеуін азиялык Сарматияға жаткызады.

Сарматтардың бұдан кейінгі тарихы да қым-қуыт соғыстар мен жорықтарға толы. Б.з.б. I ғасырдың соңына қарай әуелі Дон маңында, кейінірек Қара теңіз өлкелерінде олардын ішінен «алан» тайлалық одағы қалыптасып, көп үзамай сармипардын басқа да топтарын өзіне қосыл алады. 

Еуропадағы сармат-аландардын патшалығының Солтүстік Қара теңіз жағалауындағы үстемдігін III ғасырда готтардын жорығы бұзды. IV ғасырдын сонында ғұндар аландарды талқандап, өздеріне косып алды
Сарматтар, негізінен, көшпелі мал шаруашылығымен айналысты.

 

Ежелгі картадағы Сармат елі

Ежелгі картадағы Сармат елі

Ежелгі Еуропалық картадағы Сарматтар

Ежелгі Еуропалық картадағы Сарматтар


Әуел баста отырықшы бөлігі ғана егін екті. Оларда рулық құрылыстың ыдырауына, дәулеттілер мен жауынгер ру-тайпалардың қолбасылары және олардың жасақтарының іріктелуіне байланысты әлеуметгік жік пайда болып, сарматтардың өркендеу сатысына тән матриархаттық қасиеттер біртіндеп жойыла бастады.

Савроматтар - Жайық өңірі мен Еділдің төменгі сағасын мекендеген ежелгі тайпалардың ортақ атауы. Савромат мәдениетінің ошағы б.з.б. VI ғасырдағы төменгі Еділ мен Жайық алабы екені анықталды.

Филипп қорғандарынан табылған ертесармат медальоны

Филипп қорғандарынан табылған ертесармат медальоны

***

Сармат дулағасы

Сармат дулағасы


Ертедегі авторлардың айтуынша, савромат қоғамында әйелдер ерекше рөл атқарған. Олар ерлермен бірдей соғысқа қатысқан, сонымен қатар савромат қыздары үш адамды (жауын) өлтірмейінше күйеуге шықпаған. 

Б.з.б. IV ғасырда савроматтар скифтермен тату көршілікте өмір сүрген. Олар бірте-бірте жаңа өріс іздей отырып, Дон (Таң) өзенінің арғы жағындағы скиф жерлеріне, одан әрі Батыс Еуропа елдеріне дейін көшіп барған. 

Сол жердегі тұрғылықты халықтардың арасына сіңіп кеткен.

 

No comments

Құтты жаңалықтар, құтты өмір

Аналитика, жаңалықтар, бағыттар


Басты бет
☘ Технология
Арқаман
Блогтар
Әлем жаңалықтары
hi-tech
Қазақстан жаңалықтары
Кино, өнер
Шығарма
Билік
Украина
Сирия
Оңтүстік Корея

Жеке даму бағыты