"Әлемнің жыл автомобилі" 2023 жылғы жүлдесін Hyundai IONIQ 6 жеңіп алды.

АҚШ нарығында осы жылдың көктемінен бастап сатыла бастайтын IONIQ 6 Hyundai Prophecy EV концептінен бастау алған-тын. 

Hyundai IONIQ 6 -ның Лос-Анджелестегі AutoMobility 2022 көрмесінде беташары болып өтті. Сонан бері, әлемдік автожурналистердің

қарамағында болған аталмыш модель, әлемнің 2023 жылғы 

- "Жыл автомобилі"

- "Үздік электромобиль"

- "Үздік дизайн" категориялары бойынша да жеңімпаз атанды.

Корейлік компанияны Құттықтаймыз!

***

Аэродинамикалық дискілер доңғалақ тесіктерінен ауа ағынын кіргізбейді. Сол арқылы аэродинакмикалық қарсыласу коэфициенті - Cx азайып, энергия жұмсау азаяды


Батареясын бір толтырғанда, 547 км. қашықтыққа дейін жүре алатын электромобиль жылдам зарядтау жүйесімен де жабдықталған. 

Батареясын 18 минутта 10% жағдайдан 80% дейін жеткізуге мүмкіндік беретін зарядтау жүйесімен жабдықталған. 

 

Жанынан қарасаңыз ескі Citroen -дер мен қазіргі Mercedes EQS еске түседі

 

Екі қозғалтқыштан тұратын күштік құрылымы, Hyundai өндірісіндегі жаңа E-GMP платформасын пайдаланатын екінші модель болып отыр.

 

Корейлік Hyundai 2030 жылға дейін жаңа 17 электромобиль моделін ұсынып, электрлі жетекпен жүретін модельдерінің сатылым жылдық ауқымын 1.7 млн данаға жеткізуді жоспарлап отыр.

 

Аталмыш модель туралы Hyundai Motor -дың Солтүстік Америка бойынша президенті және бас директоры Хосе Муньос:

 

"IONIQ 6 электрлі көлік сегментінде түтіні нөлдік эмиссия болатын көлікке көшуге мүдделі болған миллиондаған сатып алушылар үшін бәсекеге қабілетті. Әрі IONIQ 6 көптеген тұтынушыға күткен дизайнын, өнімділікті және спорттықты қамтамасыз етеді. IONIQ 6, оның ішкі кеңістігі, батарея опциялары, зарядтау жылдамдығы және толық жетегі тұтынушылар күткеннен де асып түседі" - деген болатын.

 

Ол жағын уақыт көрсете жатар. Кез-келген модельдің жақсы жағы оның нарықтағы табыстылығымен көрінетіні анық.

Мына ракурстан Porsche Carrera 911 -дің шатыры іспеттес

Дизайн жағына келер болсақ, артқы жақтары Mercedes-Benz компаниясының электромобильдерінің дизайнын қайталағандай көрінеді. Аэродинамика күшті мотор жасай алмайтындар үшін ғана керек деген ұранды ұстанатын американдық масл-карлар секілді бензинді шелектеп ішетін уақыттың өтіп кеткенін айтсаңызшы. 

 

Ауа ағымына неғұрлым қарсыласпай, энергияны аз жұмсау арқылы, межелі жерге жетіп алу - ендігі электрмобильдердің ұраны осындай болғалы тұрған секілді.

Әлемді таза энергияға өткізу үшін, бар болғаны 10 трлн АҚШ доллары 20 жыл ішінде инвестиция жасалса болғаны - дейді Илон Маск

Hyundai Motor Group компаниясының E-GMP платформасын да айта кету керек. Автомобиль ұзындығын салонды ұлғайтуға бағытталған, артқы орындықтың еденін тегіс етуге бағытталған жаңа платформа, компанияның жаңа модельдеріне орнатылатын болады.

 ***

Оның үстіне, "жасыл" материалдар, қайта өңделетін беткейлер автомобильдің маркетингтік құнын арттыра түсетіні сөзсіз. Біздің елде әзірге ол бағытта ойлану талап қою аса дамымай тұр. Алайда әлемнің өзі "Жасыл энергетикаға" келе жатыр.

Жыл автомобилі атын алса дағы, мына көрініс арзандау интерьерден хабар беріп тұрғандай

Қосмоторлы жабдықталу кезінде, Hyundai IONIQ 6 320 ат күші, 604 Нм айналдыру моментіне ие.

Алдыңғы электромотор 74 кВт қуат (99 ат күші) өндірсе, артқы электромотор 165 кВт (221 ат күші) қуатын беріп, 0-100 км/сағ жылдамдыққа 5 секундтан аз уақытта ұласады.

***

Ал тек артқы қозғалтқышпен жабдықталған модификацияда 225 ат күші (168 кВт) 349 Нм айналдыру моменті бар.  

Қосмоторлы вариантта жүріс ұзақтығы 547 км болса, жалғызмоторлы вариантта жүріс ұзақтығы 499 км құрайды.

Батарея сыйымдылығы 77,4 кВт/сағ 

***

Күлгін амбиентті жарық бар болсын, люкс пен элегансты қоя тұралық дегендей

Екі тонды сыртқы жарықтандыру IONIQ 6 үшін жалпы жарықтандыруды қамтамасыз етеді. Пайдаланушылар жүргізушілер мен жолаушыларға демалуға көмектесу үшін түс сарапшылары әзірлеген 64 түсті және алты қос тонды тақырыптан таңдай алады. 

***

Интерфейс дизайны кішкене солғындау секілді көрінді

Руль дөңгелегіндегі төрт нүктелі интерактивті пиксель индикаторлары дауысты тану белсендірілгенде жанады және зарядтау күйін көрсетеді. Бұл шамдар да смарт динамик сияқты көліктің басқа функциялары үшін әртүрлі түстер мен қозғалыстарды пайдаланады.

 
***
 
E-GMP Hyundai IONIQ 6 патенттелген зарядтау жүйесі бар. Қозғалтқыш пен инверторды басқару жүйесінің патенттелген техногиясының арқасында, желідегі 400 В кернеуді ешбір қосымша құрылғысыз 800 В айналдыра алады.

***

Apple Car Play мен Android Auto оңай қосылуы керек

Максималды 350 кВт қуаттылықпен зарядтаған кезде, бар жоғы 18 минут ішінде батареяны 10%-дан 80%-ға дейін толтырады. Ал 5 минут зарядқа қоятын болса, 100 км қашықтыққа жететін қуат толтырып алады.

***

Артқы жүксалғыш аса үлкен емес, алайда ноутбуктан бастап, үйге де жарық беретін розетка бар. 120 В кернеумен, максималды қуаты 1,9 кВт

Стандартты 10,9 кВт зарядтау құрылғысымен, 7 сағат 10 минутта заряды толады. 

Тағы бір ерекшелігі, күн суықта, аязда батарея күшін сарқып алмауы үшін батарея блоктарын жылыту (!) жүйесі қарастырылған
 
***

Екі жыл бойы шексіз зарядтау

Hyundai Motor America компаниясы Kona Electric, IONIQ 5 және енді IONIQ 6 иелеріне қолдау көрсету үшін Electrify America компаниясымен серіктестігін жалғастырады.

Hyundai және Electrify America сатып алған күннен бастап екі жыл бойы шексіз 30 минуттық зарядтау сеанстарын ұсынады. Америкадағы Electrify ультра жылдам зарядтағыштардың өсіп келе жатқан желісі.

 

Electrify America 2026 жылға қарай АҚШ пен Канадада 10 000 жеке зарядтағыштан тұратын 1800 зарядтау станциясына дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Дәл қазіргі кезде АҚШ пен Канадада 800 -ден астам зарядтау станциясында 3500 зарядтау құрылғысы жұмыс жасап тұр

 

Көлікке жалғану функциясы (V2L)

Hyundai IONIQ 6 сонымен қатар тұтынушыларға электрлік велосипедтер, скутерлер немесе кемпингтік жабдықтар сияқты кез келген электр құрылғыларын еркін пайдалануға немесе зарядтауға мүмкіндік беретін инновациялық V2L мүмкіндігін ұсынады.

 

 

Ол доңғалақтардағы зарядтағыш ретінде қызмет етеді. Бұл функцияны тіпті тұрып қалған электр көлігін зарядтау үшін де пайдалануға болады. Ол электр қуатының үзілуі, артқы қақпа кештері, кемпингтер немесе сыртқы жобалар (стандартты 120 В розеткасын пайдаланғанда 1,9 кВт шыңы) кезінде қажетті заттарды қуаттандыруға өте ыңғайлы. V2L функциясы қолжетімді қосымша адаптермен іске қосылады және сыртқы зарядтау портына қосылады.

***

Артқы орындықтың астындағы сыртқы розеткадан басқа ноутбуктерді, телефондарды және басқа құрылғыларды зарядтауға арналған екінші розетка бар.

Жетілдірілген SmartSense жүргізушіге көмек көрсету жүйелері қауіпсіздік пен ыңғайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді

IONIQ 6 алдыңғы деңгейлі Hyundai SmartSense жүргізушіге көмек көрсету жүйелерімен жабдықталған, бұл жолдағы қауіпсіздік пен ыңғайлылықтың ең жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

 

 

Comments powered by CComment

⚠ Сатылу жайлы...

Рухани сатылу жайында

Басқа түссе баспақшыл болудың да орны, жолы болады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☘ Бейсенбі күні

Бейсенбі күні әруақтарға арнғалған баталарымыз

Бейсенбіның таңында, төргі бөлмені ертерек жиыстыр. Қонақ келетіндей сәнін кіргіз. Көңіл-күйіңді көтер

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

♨ Бейсенбілік бата

Бейсенбіде әруақтарға арнап жеті шелпек тарату

Қазақтар бейсенбіде әруақтарға арнап иіс шығарады, жеті шелпек таратады

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

🌓 Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

****

Атымтай атамыз өмірінде талай мықтымен белдесіп, талай батырды мысы басып, мерейі үстем болған батыр да, ақын кісі болатын

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☀ Уа дүние, мен келдім!

Шуылдақ Шадырманның өлеңдері

Соқаның шаңынан
Аттың дүбірін көрдім

Маңдайдан шыққан қара тер...
Елімнің ертеңін көрдім

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Арқамандық шежіре - генеалогиялық технологиялар әлемі

Қазақы шежіренің түйткілдері

Біздің халыққа Қазақ деген атау беріліп, сол атаумен біраз уақыт өмір сүріп келді. Көп қиындыққа тап болды, нақтысын айтқанда өсіп-өне алмады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

📱 Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Dimensity SoC чипсеті орнатылған Vivo X100 Pro Қытай нарығында бәсекелестерінен асып түсуге жақын

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☕Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Осы жылдың маусым айында таныстырылған Lexus LBX кроссовері Жапон нарығында сатылымға шықты

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

Lazzarini Design Studio Banner
Ferrari  маркасының парақшасы

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?