Қытайлық көлік өнеркәсібі біржолата электромобильдерге ауыса бастады деп айтуға болатын да шығар
Жақын 5-10 жылдың ішінде іштен жану қозғалтқышымен жүретін модельдерді табу қиындай бермек
Іштен жану қозғалтқыштарының экологиялық әсері өз алдына, олардың заман талабынан қалып бара жатқаны тағы бар
Электромобильдердің басты қиындығы - батареяның сыйымдылығын арттыру, қатты суықтағы зарядты тез жоғалтуы және электромобиль салмағының ауырлығы
Әлемдік көлік индустриясы мұндай қиындықтарға қарамастан, алға жылжуға мүдделі екендігін көрсетіп отыр
"Қытайлық Rolls-Royce" атағын алған, Қытай компартиясының басшыларына арнап лимузиндер мен седандар жасайтын Honqqi бренді, ендігі кезекте электр жетегіне баса назар аударуда
Honqqi E202 электромобилінің ерекшеліктері:интеллектуалды толық жетек, пневматикалық аспа, 800 вольттық кернеу архитектурасы. Жылдам зарядтау мүмкіндігі: 5 минутта 300 км. қашықтыққа жететін заряд береді
Сонымен қатар сымсыз зарядтау жүйесі де қолжетімді. Сымсыз зарядтау қуаты: 22 кВт/сағ
***
Qilin мен CATL компаниялары өндірген ауыстырмалы (!) батареямен жабдықталады
Егер компанияның ойындағыдай, 5 минутта 300 шақырымға жететін заряд бере алуы үшін, шамамен 600 кВт/сағ қуаты бар зарядтау станциясы қажет болатын секілді
Қазіргі электромобильдердің зарядты қабылдау қарқыны шамамен 150-250 кВт/сағ шамасында екенін ескерте кетейін
Honqqi E202 моделі 2024 жылдың ақпан айында жарыққа шығады деп жоспарланып отыр
Ал 2025 жылға қарай қытайлық бренд жылына 1 млн автомобиль сатуды жоспарлап отырса, соның 500 мыңы электрмобиль болады деп күтілуде
2030 жылға қарай әлемдік нарыққа ұсынылатын бренд өнімдерін 1000 -нан астам қызмет көрсету станциялары қолдайтын болса, әлем бойынша 600 мыңнан астам зарядтау станцияларын орнату көзделіп отыр екен

Футуристік дизайн негізін қалаған Rolls-Royce дизайнымен айналысқан Джайлс Тейлор

Аэродинамикалық дизайн, диффузор иммитаторы, ерекше артқы оптика

Алдыңғы әйнектің үстінде, алдыңғы бампердің орта-төменгі жағында - лидарлар
Honqqi E202 концепт-кары және сериялық нұсқасы
суретті жанға сырғытыңыз





Comments powered by CComment