Арқаман ұғымының шығу тегі

Бармысыздар достар?!

Сіздермен бірге Арқаман каналы

 

Арқалы адам, арқалы батыр, арқалы ақын... сынды теңеулер біздің тарихымызда, әдебиетімізде, аңыз-қиссаларымызда жиі кездесетіні ақиқат


Арқа деген ұғымды қасиет деп те ұғынуға болады. Арқалану дегенді, белгілі бір шарттарда, адам баласының ерекше күйге түсуі деп айта аламыз.

 

Қан құрамына адреналин гормоны көптеп бөлінуінің нәтижесінде, жүрек соғуы жиілеп, қанайналым жылдамдайды. Соның нәтижесі ретінде адамның ойлау қабылеті мен көрі, есту, иіс сезу, сипап сезу, бұлшықет резистенттігі (қарсыласу қабылеті)... секілді параметрлер күрт күшейеді 

 

Адам ағзасындағы жасырын мүмкіндіктер ашылып, сол сәтте ең оңтайлы шешім қабылдауға жетелейді

Осыны арқаланған адамның әрекеті дей аламыз

 

Біреулер стресске түскенде, басына қауіп-қатер төнгенде шығар жолды түрлі әдістермен іздейді.

Біреулер стресс жағдайында үрейге бой алдырып жатса, ендігі бірі стресске түскенде ширығып, шабыттанып жатады

 

Қалай болғанда, ерекше стресс жағдайында арқаланып кететін адамдар болады

Арқа - әруақ-құдайдың адамға берген ерекше қасиеті. Оны тәңірберген, аллаберген, құдайберген деп атай беруіңізге 

ешқандай қарсылығым жоқ.

 

Арқаманның заманауи түсіндірмесі

 

Жалпы арқалы адамдардың ішінде батыр, ақын, жыршы, бақсы, балгер, жұлдызшы, тәуіп, емші, сынықшы, бақсы, ұста, ағаш шебері, 

жазушы, диқан және т.б. кәсіптегі адамдар жиі кездеседі

Арқа дегенге қазіргі заманауи, жалпыға түсінікті суреттеме беруге әрекет жасап көрейін

 

Адам баласының мына өмірден алатын сабағы, көрген-білгені, оқыған-түйгені жинала келе ілім мен білімді, ал ол ақпараттық ағымды белгілі жүйеге түсіре алғанда ғылымға ұласатыны айқын.

Адам баласының жинаған ақпаратының сапасы мен көлеміне қарай, оның белгілі бір қуатқа ие екенін бірауыздан мойындауға болады.

 

Яғни, өмірден жиған-түйген ақпарат = қуат деген теңеуге келеміз

 


Ақпарат қуат болса, қуат сөзінің бір баламасы энергия екені мәлім. Ал энергияның сақталу заңына сәйкес, энергия жоқтан бар болмайды және бардан жоқ болып кетпейді. Энергия тек бір түрден екінші түрге ауысып отырады.

 

Адамзат ғылымының жетістігі ретінде, Энергияның сақталу заңы біздің рухани мұрамыздың аяққа тұруына өзінің айтарлықтай үлесін тигізді.

 

Адам баласының жинаған қуаты ешқайда жоқ болып кетпейтініне көзіміз жетті десек болады. Яғни біздің өмірлік қуатымыз өмірден тәжірибе жинаған сайын молая түседі және жанымыз денеден шыққан кезде, ақпараттың көшірмесі біздің сүйегімізде қалып отырады.

 

Негізгі бөлігі болса жанмен бірге ұшып кетеді...

 

Адам жанының қуаты жоғалмайды - рух өлмейді

 

Заманауи ақпараттық технологияның принциптеріне сай, көшірмесі жасалған ақпараттың сапасына нұқсан келмейді, ал көшірме ақпараттың да сапасы, қуаты кемімейді.

 

Қарапайым мысал, қандай да бір әуеннің көшірмесін жасап алғанда, сандық құрылғыдағы бастапқы әуеннің сапасы бұзылмайды, көшірме де түпнұсқадан сапа жағынан кем болмайды.

 

Бұл жерде өмірлік ақпараттың бейіт басында орналасатыны айқын болып отыр, сонымен қатар кеңістікке ұшқан жанмен кеткен ақпараттың да қуаты мен мазмұны толықтай сақталады

 

Денеден ұшып шыққан жанды әруақ деп атаған аталарымыз, бейіт басындағы топырақта да марқұм болған жанның қуаты болатынын білген. Сол үшін де түзде, елден жырақта қайтқан азаматтарымызды елге әкеліп жерлеу үрдісі - жинаған қуаты өз елінде, өз жерінде, өзіне жақын азаматтарға қуатын берсін деген ұғымнан туындайды.

***

Көне түрік ұғымы мынаны айтады, бір қорымға бір әулетті, жеті атадан қосылатын ағайындарды жерлеу, ол жердің әруақтық қуатын арттырады. Бабаларымыздың көне қорымдарының өзі, бір қорымға бірнеше адамды жерлеу үрдісін сақтаған. Ондай жерлерде энергетикалық өріс жоғары болып, белгілі бір жануарлар сезетінін бабаларымыз біліп отыр.

 

Әруақты жерден ат үркеді... деген қанатты сөз осыған дәлел болса керек-ті.

***

Арқа ұғымын терең түсіну үшін, алдымен біз әруақ ұғымынан бастауымыз керек. 

Әруақ құдай емес, құдайдан былай емес...

Құдай ұрған оңалар, әруақ ұрған оңалмас...

Әруақтың аяғы ақсақ, көзі соқыр, түбінде бірақ бәрін тауып отыр... сықылды қанатты сөздеріне көз салсақ, әруақтың тылсымдық табиғаты мен оның ерекше құдыретіне көз жеткіземіз

 

Кеңістіктегі энергетикалық толқындар белгілі бір қуатқа, қарқынға, жиілікке, қасиеттерге ие екенін заманауи ғылым жоққа шығармайды. Қарапайым смартфонымыздың өзі GSM 900, GSM 1800, 3G, 4G, 5G секілді жиіліктерде қызмет атқарады.

 

Сол арқылы ақпарат алу қарқыны мен сапасы айқындалып, тұрақты байланыс орнатуға мүмкіндік туындайды.

 

Осы баламаны есте ұстай отырып, қисынды жолмен пікірімізді әрі қарай жалғайық. Әр адамның бойындағы қуаттың қозғалысы толқын түрінде болатыны баршаға мәлім. Жылу қуаты, электр қуаты, электромагниттык толқындар, жарық сәулесі, судың ағысы... мұның барлығының да кеңістікте орын ауыстыруы толқын түрінде жүзеге асатыны жалпыға мәлім құбылыс.Ал толқынның басты қасиеті - оның жиілігі мен қуаты

 

Әруақтық энергияның қозғалысы толқын пішінінде жүзеге асатынын көріп отырмыз. Кез-келген радиоқұрылғысын басқарып көрген адам, радиотолқындардың (электромагниттік) белгілі бір жиілігі болатынын, сол жиіліктерде бірнеше құрылғы өзара байланысып, хабар алмасатынын біледі. 

 

Біздің бойымыздың қуат толқынына толы екенін білсек, енді осы толқындарды сәйкес жиілігінде қабылдап-жөнелтіп отыратын құрылғының қажет екені даусыз.

 

Адам бойындағы осы құрылғыны бабаларымыз Арқа деп атаған деген тұжырымға келдім. Арқа, омыртқа бойын жағалай орналасқан, адам көзіне көрінбейтін, энергетикалық кескінге ие құрылғы деп айта аламын.

 

Арқаның негізгі қызметі - кеңістіктегі энергетикалық толқындарды қабылдау және жөнелту.

 

***

Жалпы арқаланған адамға қуат кеңістіктен келіп құйыла ма, әлде өзіндегі немесе өзінің маңайындағы энергетикалық ортадағы қуатты концентрация жасау арқылы қабылеттері арта ма?

Энергетикалық каналдар арқылы қуаттың тасымалдану әлеуетін ескере отырып, әруақ әлемі мен физикалық әлемнің арасындағы уақыттың ағу жылдамдығының айырмашылығын ойда ұстай отырып, кеңістік арқылы энергетикалық толқынның тасымалдануы орын алады, әрі адамның өз бойындағы энергетикалық потенциалдың да ашылатындығы белгілі болды

***


Әруағы асты, мысы басты...

 

Әруақты адамның мысы басым боп тұратыны да біздің ауыз бен жазба әдебиетімізде кеңінен сақталған. Жекпе-жекке шыққан батырларда, сайысқа түскен ақындарда, топқа түскен шешендердің барлығы да арқаланғанда мысы артатыны мәлім.

Екі тараптың мысы салмақталып, таразыланғанда, қай жақтың әруағы асса, сол жақтың мысы басатыны мәлім.

Жеңіс те сол жақтыкі. Мысы басып әруағы асудың басты шарты, әділеттілік.

Мыстың басуы мен әруақтың асуы тараптың әділеттілігіне тікелей байланысты. 

Оны қазақтың тілдік мұрасы: ...аққа құдай жақ, деп көрсетеді


 

p.s. Арқаманға қайта оралсақ, арқа - әруақ әлемімен байланыс орнататын құрылғы. Әруақ әлемі - осы дүниедегі үдерістерге әсер ете алу қабылеті бар, осы дүниені қайта құрып, әділет орнатуға жәрдемдесе алатын аса қуатты қайнар.

Әруақтан алыстағандықтан біздің әлсіреп, бодандық қалыпқа түскеніміз де рас.

 

Осы мезет, әруағымызға қауышып, рухымызды көтеріп, еңсемізді тіктейтін тарихи мүмкіндік деп біліңіз.  

Әруақ әлемімен тұрақты байланыс Арқа арқылы болса, арқаны күшейту, әділет арқылы болады.

Әділетті ту етіп көтергендер, әрқашан арқалы болады, ал арқалы адам, әрқашан ақ жолмен жүреді