Мобильді баннер 1
АрқамандықЕрқайысТоқшылық
Көшпелі өзбектер мемлекеті

Жошы ұрпақтарының арасындағы талай жылдарға созылған

өзара соғыстарға байланысты Шайбани әулетінің саяси басымдылыққа қол жеткізуі нәтижесінде Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428 - 1469) құрылған. 

 

Бұл мемлекет әдебиеттерде Әбілхайыр хандығы, Өзбек хандығы деп те аталады.


1428 жылы Ақ Орданың ханы Барақтың өлімінен соң, қыпшақ, найман, маңғыт, қарлұқ, қоңырат, қаңлы, үйсін, кенегес, т.б. тайпалық бірлестіктердің көмек беріп, қолдауымен Әбілхайыр таққа отырды. 

Елдің ұлан-ғайыр аумағы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқашқа дейін, оңтүстігінде Арал теңізі бойы мен Сырдың төменгі ағысына, солтүстігінде Тобыл мен Ертістің орта ағысына дейінгі жазық жерлерді алып жатты. 

Хандықтың астанасы алғашқыда қазіргі Тюменьдегі Тура (Тара, Чимги Тура) қаласы болып белгіленіп, кейін 1446 жылы Сыр бойындағы ежелгі Сығанақ шаһарына көшірілді.


Хандық құрамы этникалық жағынан біркелкі болмады: ол маңғыт, қоңырат, үйсін, найман, қосшы, күрлеуіт, қарлұқ, таңғұт, ұйғыр, таймас, туманмиң, бүркіт, қият, кенегес, т.б. тайпалардан құралды. 

Әскер құрамында ержүрек жауынгер қыпшақтардың, ойраттардың, мажарлардың да болғаны белгілі.


Әбілхайыр хандығының ішкі және сыртқы мемлекеттік істеріне аталық (көкілташ), диуан, жоғарғы қази, инақ, наиб, әмир-и шикар, жасауыл, михмандаруға, худай, мубашир, басқақтардың тигізген ықпалы зор болды.


Хандық құрамына енген Иасы, Отырар, Сығанақ, Үзкент, т.б. қалалар- да қолөнер, сауда-саттық, егіншілік, дәстүрлі мал шаруашылығы өрістеп дамыды. 

Ашлығ, тағар, соғым, зекет сияқты салық түрлері болды


Көшпелі өзбектер мемлекеті XV ғасырдағы Орта Азия мен Қазақстанның этносаяси тарихында ерекше маңызды орын алды. 

Керей мен Жәнібек Әбілхайыр ханнан бөлініп 1465 жылы бүрынғы Ақ Орданың шаңырағын қайта көтеріп, Қазақ хандығын құрғаннан кейін тарихи әдебиеттерде «Көшпелі өзі-бектер мемлекеті» деп аталған мемлекет бұдан былай қазақ хандығының билігіне өтті.

 

No comments

Құтты жаңалықтар, құтты өмір

Аналитика, жаңалықтар, бағыттар


Басты бет
☘ Технология
Арқаман
Блогтар
Әлем жаңалықтары
hi-tech
Қазақстан жаңалықтары
Кино, өнер
Шығарма
Билік
Украина
Сирия
Оңтүстік Корея

Жеке даму бағыты