Мен көшпендімін,сайын даланы жайлаған
Мен қыранмын,көк аспанда қалықтап самғаған.
Мен еркінмін,даланың еркін заңына бағынған
Мен Қазақпын,қазақтығымды аңсап сағынған
***
Мен көшпендімін Ұлы,Орда,
Күшімін,
Намысын қолдан бермеген көк бөрімін.
Жеті ата шежірені ұстанған киелі көшпендімін,
Ата-баба дәстүрін пір санаған бірегейдің бірімін
***
Мен көшпендімін,Ғұнның Сақтың,Түркінің сарқыты,
Ат үстінде әлемді жаулаған,
алтыннан киім киген,жасыл
барқыты.
Тұнық суым лайланбасын,
көңілім алданбасын деп,тәу етейін,
Асыл бабалар аруағына тағзым етіп,бас иіп парызымды өтейін
***
Мен көшпендімін,Алаш деп атойлап ұрандаған,
Жетісуда,Қазақ хандығының іргетасын қалаған.
Шекарасына сұқ көздер
сұқтанбасын деп, нықтап қорғаған,
Сағы сықырлап сынбасын деп,етек жеңін мықтап қамдаған
***
Мен көшпендімін керегем ағаш деп таныған
Көшіп,қонып жүріп,кеудесін ешкімге басқызбаған.
Шаңырағын уықпен бекітіп,
табалдырықты киелі деп санаған,
Жау сескенсін,көз тимесін деп найзаға үкі байлаған
***
Мен көшпендімін Көк Тәңірге табынған
Тылсымға кеткен, аруақтарға сыйынған.
Наным сенімін,салт дәстүрін ұстанған,
Қазағы болмысын,түр-тұрпатын жоғалтпаған
***
Мен көшпендімін,көкте қалықтаған бүркітпін,
Қырағы көз,сұсты мінезіммен жауымды үркіттім.
Өркениетке өрлеп самғаған,
құстай есіп ұшамын,
Барша Қазақты жалғызым деп құшағыма құшамын
***
Мен көшпендімін,кең даланың нақ иесімін,
Көк аспан астында,жалғыз жортқан көк бөрімін.
Азуын айға білеген,арда туған азулы арланмын,
Көк соққандарды,есін танытып,орнына қойғанмын
***
Мен көшпендімін,Ғұн,Сақ,Түркі ұрпағымын,
Қазақ -Алаштың өзегінен туған жұрнағымын.
ҚАЗАҚПЫН,АЗАТПЫН,бөгденің болмысынан сақтанамын,
Еркін ҚАЗАҚ болып туғаныма әр уақытта мақтанамын
***
Шымкент қ. 4.11.2021 ж
Сағат.15.56.
Туындыгер: Көзшырақ ТОҒАТАЙ.